Ағаш кесу билеті мен орман билетінің нысандарын, оларды есепке алу, сақтау, толтыру және беру қағидаларын бекіту туралы

Ағаш кесу билеті мен орман билетінің нысандарын, оларды есепке алу, сақтау, толтыру және беру қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 26 қаңтардағы № 18-02/40 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 10 сәуірде № 10676 тіркелді.

 

 

Ағаш кесу және орман
билетін есепке алу,
сақтау, толтыру және
беру қағидаларына
5-қосымша

 

"Ағаш кесу және орман билетін беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1.

Көрсетілетін қызмет беруші атауы

Мемлекеттік орман иеленушілер (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші)

2.

 Мемлекеттік қызмет көрсету тәсілдері (қолжетімділік арналары)

 1)көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі
2) "электронды үкімет" веб-порталы: www.egov.kz, www.elіcense.kz (бұдан әрі – портал)

3.

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі

1 (бір) жұмыс күн

4.

Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны

Электрондық немесе қағаз түрінде

5.

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі

Ағаш кесу және (немесе) орман билетін беру, немесе өтінішті қараудан дәлелді бас тарту.
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет көрсету нысаны – электрондық немесе қағаз түрінде.

6.

Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлемақы мөлшерін және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғалар үшін тегін көрсетіледі.
 Орман пайдаланғаны үшін төлемақы мөлшерлемелері 2017 жылғы 25 желтоқсандағы "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (салық кодексі)" Қазақстан Республикасының Кодексінің 587-бабына сәйкес белгіленеді.
Бұл ретте, орман пайдаланудың түрлеріне және спецификалық ерекшеліктеріне байланысты олардың мөлшерін өлшеу: алаңы бойынша (гектармен), көлемі бойынша (қоймалық текше метрмен), салмағы бойынша (килограммен, центнермен және тоннамен), саны бойынша (данамен), жас (шикілей өсіп тұрған) күйінде жүзеге асырылады.

7.

Жұмыс графигі

 Көрсетілетін қызметті беруші – 2017 жылғы 23 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне (бұдан әрі – Кодекс) және "Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы" 2001 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 5-бабына сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.
Көрсетілетін қызметті берушінің өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметтер көрсету нәтижелерін беру кестесі: сағат 9.00-ден 17.00-ге дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін.
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет кезек тәртібімен, алдын ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетусіз жүзеге асырылады;
 Портал – техникалық жұмыстарды жүргізуге байланысты үзілістерді қоспағанда тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы Кодекске және Заңға сәйкес жұмыс уақыты 17.00-ден кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтініштерді қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).
Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары порталда орналастырылған.

8.

Мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі

Осы Қағидаларының 4-қосымшасына сәйкес өтініш.

9.

Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген негіздерді

1) мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дәйексіздігі анықталған;
2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректер мен мәліметтердің осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі;
3) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты белгілі бір мемлекеттік қызметті алуды талап ететін қызметке немесе жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы заңды күшіне енген сот шешімі (үкімі) болған жағдайда;
4) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты заңды күшіне енген сот шешімі бар, соның негізінде көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға байланысты арнайы құқықтан айырылған жағдайда өтінішті одан әрі қараудан бас тартады.

10.

Мемлекеттік қызмет көрсетудің ерекшеліктерін ескергендегі өзге де талаптар

Көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасы болған жағдайда мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алуға мүмкіндігі бар.
Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде порталдағы "жеке кабинеті", көрсетілетін қызметті берушінің анықтамалық қызметтері, сондай-ақ "1414", 8-800-080-7777 бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар




 

Ағаш кесу билеті мен орман билетінің нысандарын, оларды есепке алу, сақтау, толтыру және беру қағидаларын бекіту туралы
Дата публикации
13 января 2023