|
«ІI санаттағы объектілерге әсер етуге арналған экологиялық рұқсатты беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
|
|
1
|
Көрсетілетін қызметті берушінің атауы
|
Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Экологиялық реттеу және бақылау комитеті және оның аумақтық бөлімшелері.
|
|
2
|
Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері
|
«Электрондық үкімет» веб-порталы арқылы www.egov.kz.
|
|
3
|
Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі
|
Көрсетілетін қызметті беруші өтінішті тіркеген сәттен бастап: рұқсат беру – 30 (отыз) жұмыс күнінен аспайды; рұқсатты қайта ресімдеу – 5 (бес) жұмыс күні ішінде.
|
|
4
|
Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны
|
Электронды (толық автоматтандырылған)
|
|
5
|
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі
|
ІI санаттағы объектілерге әсер етуге арналған экологиялық рұқсат, ІI санаттағы объектілерге әсер етуге арналған экологиялық рұқсатты қайта рәсімдеу немесе осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден дәлелді бас тарту. Мемлекеттік қызметтерді көрсету нәтижесін ұсынудың нысаны электронды болып табылады.
|
|
6
|
Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері
|
Мемлекеттік қызмет көрсетілетін қызметті алушыға тегін көрсетіледі.
|
|
7
|
Жұмыс кестесі
|
Портал – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтінішті қабылдау және Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады). Көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін. Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары: 1) көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурсында; ; 2) порталда www.egov.kz.
|
|
8
|
Көрсетілетін қызметті алушы жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі
|
ІI санаттағы объектілерге әсер етуге арналған экологиялық рұқсатты алу үшін 1) көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық түрдегі ІI санаттағы объектілерге әсер етуге арналған экологиялық рұқсат алуға өтініш; 2) белгіленіп отырған қызметке қатысты – II санаттағы объектілерді салу және (немесе) пайдалану жөніндегі жобалау құжаттамасы; 3) қоршаған ортаға әсерді бағалау нәтижелері бойынша қорытынды немесе қоршаған ортаға әсерді міндетті бағалауды жүргізу қажеттілігінің жоқтығы туралы тұжырымды қамтитын, белгіленіп отырған қызметтің әсеріне скрининг нәтижелері туралы қорытынды; 4) қоршаған ортаға әсерді міндетті бағалауға жатпайтын қызмет түрлері бойынша – оңайлатылған тәртіп бойынша экологиялық бағалау материалдары; 5) эмиссиялар нормативтерінің жобасы; 6) қалдықтарды басқару бағдарламасының жобасы; 7) өндірістік экологиялық бақылау бағдарламасының жобасы; 8) әсер етуге экологиялық рұқсаттың қолданылу кезеңіне қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралар жоспарының жобасы; 9) күкіртті ашық түрде күкірт карталарында орналастыру нормативтерінің жобасы (көмірсутектерді барлау және өндіру жөніндегі операцияларды жүргізу кезінде). IІ санаттағы объектілерге әсер етуге арналған экологиялық рұқсатты қайта рәсімдеу үшін: 1) көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен куәландырылған, эмиссияға арналған экологиялық рұқсатты электрондық нысанда қайта ресімдеуге өтініш; 2) қайта ресімделетін экологиялық рұқсат берілген объектіге (объектілерге) меншік құқығының ауысуын растайтын құжат. Портал арқылы құжаттарды жолдау кезінде көрсетілетін қызметті алушы осы тармақта көзделген құжаттардың электрондық көшірмелерін ұсынады.
|
|
9
|
Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер
|
1) өтініште және (немесе) оған қоса берілетін құжаттарда қамтылған мәліметтер анық емес болып табылады; 2) өтініш және (немесе) оған қоса берілетін құжаттар Қазақстан Республикасы экологиялық заңнамасының талаптарына және (немесе) қоршаған ортаға әсерді бағалау нәтижелері жөніндегі қорытындыға не қоршаған ортаға әсерді міндетті бағалауды жүргізу қажеттігінің жоқтығы туралы тұжырымды қамтитын, көзделіп отырған қызметтің әсерлерін скринингтің нәтижелері туралы қорытындыға сәйкес келмесе, тоқтатыла тұрады.
|
|
10
|
Мемлекеттік қызметтер көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, басқа талаптар
|
Алушы мемлекеттік қызметті портал арқылы электронды түрде алады, ЭЦҚ болған жағдайда. Алушы порталдың «жеке кабинеті», сондай-ақ мемлекеттік қызметтерді көрсету жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты алады. Мемлекеттік қызметтер көрсету бойынша бірыңғай байланыс орталығы: 1414.
|