«Жергілікті атқарушы органдар жүзеге асыратын мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындыларын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

 

 

 

 

Мемлекеттік экологиялық
сараптама жүргізу
қағидаларына
6-қосымша

 

 

«Жергілікті атқарушы органдар жүзеге асыратын мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындыларын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты

1

Көрсетілетін қызметті берушінің атауы

Облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының жергілікті атқарушы органдары

2

Мемлекеттік қызметті ұсыну тәсілдері

«Электрондық үкімет» веб-порталы www.egov.kz арқылы

3

Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі

Көрсетілетін қызметті беруші өтінішті тіркеген сәттен бастап:
мемлекеттік экологиялық сараптаманың қорытындысын беру – 30 (отыз) жұмыс күні ішінде: оның ішінде дәлелді ескертулерді жолдау – 15 (он бес) жұмыс күні ішінде; көрсетілетін қызметті алушының пысықталған материалдарды ұсынуы – дәлелді ескертулерді алған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде.
Көрсетілетін қызметті беруші өтінішті тіркеген сәттен бастап:
мемлекеттік экологиялық сараптаманың қорытындысын беру – 15 (он бес) жұмыс күні ішінде: оның ішінде дәлелді ескертулерді жолдау – 7 (жеті) жұмыс күні ішінде; көрсетілетін қызметті алушының пысықталған материалдарды ұсынуы – дәлелді ескертулерді алған күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде.

4

Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны

Электрондық (толықтай автоматтандырылған).

5

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі

Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары жүзеге асыратын мемлекеттік экологиялық сараптаманың қорытындысы не осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тарту.
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесінің нысаны - электрондық.

6

Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері

 

Мемлекеттік қызмет көрсетілетін қызметті алушыға тегін көрсетіледі.

7

Жұмыс кестесі

 Портал –жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы Еңбек кодексіне сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).
 Көрсетілетін қызметті беруші – Еңбек кодексіне сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.
Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары:
1) көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурсында;
2) www.egov.kz порталында

8

Көрсетілетін қызметті алушы жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі

 1) осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен қол қойылған электронды түрдегі III санаттағы объектілер үшін мемлекеттік экологиялық сараптама жүргізуге арналған өтінім;
III санаттағы объектілерді салу және (немесе) пайдалану жөніндегі жобалық құжаттаманы және қоршаған ортаға әсер ету туралы декларацияны дайындау кезінде қажетті өзге де жобалық құжаттар болған жағдайда:
электрондық құжат нысанында жобалық құжаттама;
 2) осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен қол қойылған электрондық түрдегі мемлекеттік экологиялық сараптама жүргізуге арналған өтінім;
Қазақстан Республикасының заңдарында мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысының міндетті болуы көзделген, экологиялық рұқсатты талап етпейтін қызмет түрлері үшін жобалық құжаттар болған жағдайда:
электрондық құжат нысанында жобалық құжаттар.

9

Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер

 1) көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігін анықтау;
 2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректер мен мәліметтердің Қазақстан Республикасының қоршаған ортаны қорғау саласындағы нормативтік-құқықтық актілерінде белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі.

 

«Жергілікті атқарушы органдар жүзеге асыратын мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындыларын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
Дата публикации
13 января 2023