Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «Парыз» конкурсын өткізу аясында келесіні хабарлайды. Бүгінгі күні елімізде жергілікті атқарушы органдардың конкурсқа қатысуға үміткерлерден 5 номинация бойынша, оның ішінде «Экологияға қосқан үлесі үшін» өтінімдерді жинауы арқылы конкурстың өңірлік кезеңі өтуде. Бұл номинацияда қоршаған ортаның жай-күйін жақсартуға, қалдықтарды қайта өңдеу мен кәдеге жаратуға бағытталған табиғатты қорғау (экологиялық) бағдарламаларын, іс-шаралар мен жобаларды іске асыруда ерекше көзге түскен үміткерлердің қызметі қаралады.