Су ресурстары

Шығыс Қазақстан облысында өзендер, көлдер, батпақтар, тоғандар, су қоймалары, жерастысулары мен мұздықтар бар. Облыста 222 гидротехникалық құрылыстар бар. Өңірде гидротехникалық құрылымдарды қауіпсіз пайдалану мәселелері бойынша Мемлекет Басшысының алдыға қойған міндеттерін орындау шеңберінде, 2010 жылы Алматы облысының Қызылағаш ауылында қиратушы тасқын судан болған қайғылы оқиғалардан кейін, 2011 жылы облыс әкімдігінің қаулысымен «Шығыс су қоймалары» КМК құрылып, оның негізгі міндеті – облыс аумағында иесіз гидротехникалық құрылыстарды анықтау, оларды коммуналдық меншікке қабылдау, құрылыстарды төлқұжаттау және кейіннен республикалық меншікке беру болды.

Су ресурстары
Дата публикации
22 декабря 2020