Шығыс Қазақстан облысының спортшылары халықаралық аренада жоғары нәтижелер көрсетіп, өңір мерейін үстем етіп келеді. Осы орайда семсерлесуден ұлттық құрамамыздың халықаралық додадағы топ жарған сәті туралы толығырақ атап өткен жөн.
Семсерлесуден Қазақстанның ерлер құрамасы 2026–2027 жылғы маусымдағы Әлем кубогының алғашқы алтын медалін иеленді. Марокконың Касабланка қаласында өткен халықаралық турнирдің финалында қазақстандық спортшылар Ресей құрамасынан 45:40 есебімен басым түсіп, жарыс жеңімпазы атанды.
Ұлттық құрама сапында Шығыс Қазақстан облысының спортшылары Кирил Павлов, Кирилл Проходов және Вадим Шарлаимов өнер көрсетті. Олардың халықаралық додадағы бұл табысы — өңір спорты үшін зор мақтаныш.
Қазақстан құрамасы жарыс барысында жоғары дайындық деңгейін, шеберлік пен жеңіске деген мызғымас жігерін танытты:
1/16 финал: Түркия құрамасын 45:20 есебімен ұтты;
1/8 финал: Гонконг спортшыларын 45:28 есебімен жеңді;
Ширек финал: Мысыр құрамасынан 45:40 есебімен басым түсті;
Жартылай финал: Франция командасын 45:40 есебімен тізе бүктірді;
Финал: Ресей құрамасына қарсы тартысты бәсекеде 45:40 есебімен жеңіс жалауын желбіретті.
Осылайша, қазақстандық семсерлесушілер барлық кездесулерде топ жарып, Әлем кубогының бас жүлдесін қанжығалады. Спортшыларымыз бен жаттықтырушылар құрамын осы зор табыспен шын жүректен құттықтаймыз! Алдағы бәсекелерде де биік белестерді бағындыра берулеріне тілектеспіз!
Шығыс Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының «Мүгедектігі бар адамдарға арналған спорт клубы» КММ спортшысы Ардақ Нұрмағамбетов Жапонияда өтіп жатқан «Аичи – Нагоя-2026» V Азия Пара ойындарында пара үстел теннисінен қола медаль жеңіп алды
Қазақстан Республикасының ұлттық құрамасы сапында өнер көрсеткен жерлесіміз халықаралық деңгейдегі дүбірлі додада Шығыс Қазақстан облыстың намысын абыроймен қорғады
Ардақ жарыстың бірінші класында сынға түсті. Бұл топта бес спортшы бақ сынасты. Тартысты бәсеке барысында қазақстандық спортшы Үндістан өкілінен басым түсіп, Сауд Арабиясы мен Оңтүстік Корея спортшыларымен де кездесті. Үшінші орын үшін өткен шешуші тартысты бәсекеде Ардақ жеңіске қол жеткізіп, жеңіс тұғырынан көрінді
Бұл маңызды жетістік — спортшының табандылығының, қажырлы еңбегінің, қайсар мінезі мен жоғары спорттық шеберлігінің айқын нәтижесі. Бұл жүлде Шығыс Қазақстан облысы үшін ғана емес, бүкіл қазақстандық паралимпиадалық спорт үшін үлкен мақтаныш
Спортшының жеке бапкері — Кирилл Сотник
Ардақ Нұрмағамбетовті және оның жаттықтырушысын V Азия Пара ойындарының қола жүлдегері атануымен шын жүректен құттықтаймыз! Алдағы жарыстарда толағай табыстар мен халықаралық аренада жаңа биіктер бағындыруын тілейміз
Шығыс Қазақстан облысында мектеп оқушылары арасында дәстүрлі садақ атудан «ЖАС МЕРГЕН – 2026» облыстық ашық телетурнирі өз мәресіне жетті.
Өңіраралық бәсекеге Павлодар, Абай облыстарынан, сондай-ақ Шығыс Қазақстан облысының Тарбағатай, Марқакөл және Ұлан аудандарынан 80-ге жуық мектеп оқушысы қатысып, мергендік шеберліктерін сарапқа салды.
Тартысты сайыс қорытындысы бойынша жүлделі орындар төмендегідей бөлінді:
І орын: Ерслан Рахметқазы (Шығыс Қазақстан облысы);
ІІ орын: Рамазан Өмірбек (Павлодар облысы);
ІІІ орын: Дарын Даутов (Абай облысы).
Ауқымды спорттық шараны «Керемет» садақ ату орталығы, «ALTAI» телеарнасы, «Нұрорда» халықаралық мектебі және Шығыс Қазақстан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының «Шығыс Қазақстан облыстық олимпиадалық емес және ұлттық спорт түрлері бойынша жоғары спорт шеберлігі мектебі» КММ бірлесе ұйымдастырды.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді жоғары нәтижелерімен құттықтаймыз!
2026 жылғы 12–14 қазан аралығында Лас-Вегас қаласында (АҚШ) 23 жасқа дейінгі спортшылар арасында грек-рим күресінен әлем чемпионаты өтті.
87 кг дейінгі салмақ дәрежесінде бақ сынаған 25 балуанның арасынан Шығыс Қазақстан облысының және Қазақстан Республикасы жастар құрамасының спортшысы Темірлан Тұрдақын жоғары шеберлік танытып, әлем біріншілігінің күміс жүлдесін еншіледі.
Финалға дейінгі жолда спортшымыз үш кездесу өткізді:
1/8 финалда Колумбия өкілі Руис Маринды соңғы ұпай басымдығымен жеңді (1:1);
1/4 финалда Түркия балуаны Алперен Берберден де соңғы ұпай сапасы бойынша басым түсті (1:1);
Жартылай финалда тартысты белдесуде Ресей спортшысы Александр Крикуханы ұтты (2:1).
Алтын медаль үшін өткен шешуші кездесуде Темірлан Тұрдақын Иран балуаны Ясин Али Яздиге жол беріп, екінші орынға ие болды.
Спортшымызды және оның жаттықтырушысы Данияр Әбіловті халықаралық аренадағы осы жоғары жетістігімен құттықтаймыз!
Басқарма басшылығы, жаттықтырушылар, жас спортшылар және өңірдің спорт қауымдастығы атлетімізге құрмет көрсету үшін бас қосты. Жылы әрі шабыттандырарлық атмосферада өткен кездесуде Батырхан татамидегі тартысты жекпе-жектерден алған әсерімен, жүлде жеңіп алған сәттегі эмоцияларымен және алдағы жоспарларымен бөлісті.
Бұл бағындырған биік — спортшының да, бүкіл жаттықтырушылар құрамының да орасан зор еңбегінің, мұқалмас жігерінің, темірдей тәртібі мен жоғары шеберлігінің заңды нәтижесі.
Батырханға және оның бапкерлеріне отандық спортты дамытуға қосқан үлесі, өз ісіне адалдығы әрі Шығыс Қазақстанды халықаралық аренада абыроймен танытқаны үшін шынайы алғыс білдірілді.
2026 жылдың 8–11 қазаны аралығында Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданының Бозанбай ауылында дәстүрлі «Шығыс салбурыны – 2026» халықаралық фестивалі өтті. Ауқымды этномәдени шара аясында ұлттық спорт түрі — құсбегіліктен І Азия кубогы ұйымдастырылды.
Халықаралық достық пен спорт мерекесіне Қазақстан, Испания, Венгрия, Грузия, Ресей Федерациясы, Түркия, Моңғолия, Өзбекстан, Қырғыз Республикасы және Қытай Халық Республикасынан 170-тен астам спортшы қатысты.
Құсбегілік сайысына жалпы 130 жыртқыш құс қатыстырылды:
бүркіт — 75;
қаршыға — 30;
ителгі — 15.
Фестиваль аясында қазақы тазылар жарысы өтіп, сонымен бірге жамбы ату, теңге ілу, толағай тартыс, таяқ тарту, садақ ату, арқан тарту және асау үйрету сияқты ұлттық спорт түрлерінен көрнекі өнер көрсетулер ұйымдастырылды.
Сайыс қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер арнайы грамоталармен, медальдармен, кубоктармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды:
Бүркіт салу:
І орын — Жалғасұлы Серікболсын (Жамбыл облысы)
ІІ орын — Серікбекұлы Ерасыл (Астана қаласы)
ІІІ орын — Тастанбек Бергенбай (Ақмола облысы)
ІІІ орын — Даниярқызы Аяжан (Алматы қаласы)
Қаршыға салу:
І орын — Махмудхан Заки (Түркістан облысы)
ІІ орын — Бабажан Берікболсын (Жамбыл облысы)
ІІІ орын — Мубарак Алтай (Шығыс Қазақстан облысы)
ІІІ орын — Серікбекұлы Ерасыл (Астана қаласы)
Ителгі салу:
І орын — Төлегенұлы Темірәлі (Қарағанды облысы)
ІІ орын — Бабажан Бақдәулет (Жамбыл облысы)
ІІІ орын — Тастанбек Ералы (Ақмола облысы)
ІІІ орын — Кеңес Ануар (Ақмола облысы)
Тазы жарысы:
І орын — Жайық Ержан (Өскемен қаласы)
ІІ орын — Калакаев Саят (Семей қаласы)
ІІІ орын — Жетпісов Мейір (Тарбағатай ауданы)
«Шығыс салбурыны – 2026» халықаралық фестивалі ұлттық спорт түрлерін дәріптеуге, халқымыздың төл дәстүрлерін сақтауға және этномәдени мұра саласындағы халықаралық ынтымақтастықты нығайтуға арналған бірегей маңызды алаңға айналды.
Есу слаломынан ел намысын абыроймен қорғаған жерлестеріміз Екатерина Таранцева, Александр Коробов және Анастасия Ананьева елге жүлдемен оралды. Азия додасында бағы жанып, қола медаль иеленген спортшыларымызды әуежайда туған-туыстары, бапкерлері, спорт қауымдастығы мен қала тұрғындары ыстық ықыласпен қарсы алды.
Спортшыларымыздың бұл жеңісі — өңіріміздегі есу слаломы мектебінің жоғары деңгейін тағы бір мәрте дәлелдеді. Жерлестерімізді жарқын жеңісімен құттықтаймыз, еңбектеріне жеміс және алдағы халықаралық ареналарда жаңа биіктерді бағындыруды тілейміз! 🇰🇿
2026 жылдың 19 қыркүйегі мен 4 қазаны аралығында Жапонияның Айти префектурасы мен Нагоя қаласында XX жазғы Азия ойындары өтті. Құрлықтың басты кешенді жарысына 45 мемлекет қатысып, спорттың 43 түрінен (71 тәртіп) 469 медаль жиынтығы сарапқа салынды. Қазақстан Республикасының ұлттық құрамасы сапында спорттың 35 түрі бойынша 558 спортшы өнер көрсетті. Дүбірлі доданың қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы 84 медаль еншілеп (12 алтын, 24 күміс және 48 қола), жалпыкомандалық есепте 8-орынға тұрақтады.
Ұлттық құраманың бұл жеңісіне Шығыс Қазақстан облысының спортшылары айтарлықтай үлес қосты. Өңір намысын спорттың 9 түрінен 39 лицензия жеңіп алған 30 спортшы қорғады. Тартысты өткен жарыстардың нәтижесінде шығысқазақстандықтар 8 медаль иеленді: 1 алтын, 2 күміс және 5 қола.
Шпагамен семсерлесуден командалық сында Азия ойындарының алтын медалін Қазақстан құрамасы сапында өнер көрсеткен ШҚО спортшылары Руслан Курбанов, Вадим Шарлаимов және Кирилл Проходов жеңіп алды. Жарыс жолында отандық спортшылар Катар (45:27), Сингапур (45:36) және Гонконг (45:34) құрамаларын сенімді түрде жеңіп, финалда Оңтүстік Корея командасынан 43:42 есебімен басым түсті.
Шпагамен семсерлесуден жекелей сында Кирилл Проходов күміс жүлдегер атанды. Іріктеу кезеңінде 6 кездесудің 5-еуінде жеңіске жетіп, 1/16 финалда Катар (15:2), 1/8 финалда Тайпей (15:14), 1/4 финалда Қытай (15:7) және 1/2 финалда Гонконг (15:13) спортшыларын ұтқан ол, финалда жапониялық Кано Кокиге есе жіберді (13:15). Тағы бір күміс медальді 3000 метрге кедергілер арқылы жүгіруден (стипль-чез) 9:06.82 уақыт көрсеткішімен жеңіл атлет Нора Джеруто еншіледі.
Азия ойындарының қола жүлделерін төмендегі спортшылар иеленді:
Владислава Андреева — шпагамен семсерлесу (әйелдер командасы сапында);
Анастасия Ананьева — слаломды есу (С-1, жекелей сын);
Екатерина Таранцева — слаломды есу (К-1, жекелей сын);
Александр Коробов — слаломды есу (К-1, жекелей сын);
Батырхан Төлеуғали — таеквондо WT (80 келіге дейінгі салмақ дәрежесі).
Шығыс Қазақстан облысы спортшыларының 2026 жылғы Азия ойындарындағы жоғары нәтижелері өңірдегі дене шынықтыру мен спорттың даму деңгейін және спортшылар мен бапкерлер құрамының кәсіби шеберлігін тағы бір мәрте дәлелдеді.
2026 жылғы 30 қыркүйек пен 3 қазан аралығында Шығыс Қазақстан облысында ауылдық жерлердегі балалар арасында «AUYL SPORT-2026» облыстық турнирі өтуде.
Турнир аясында өңірдің ауылдық елді мекендерінен келген жас спортшылар спорттың жеті түрі бойынша бақ сынауда. Жарысқа барлығы 470 жас спортшы қатысуда.
Қазіргі таңда еркін күрес, үстел теннисі бойынша жарыстар өз мәресіне жетті.
Еркін күрестен өз салмақ дәрежелерінде жеңімпаз атанған спортшылар:
41 кг — Қуанбеков Алихан;
44 кг — Жұмагелді Сұлтанмахмұт;
48 кг — Саянұлы Нұрдос;
52 кг — Айдынұлы Алинұр;
57 кг — Талғар Нұрсәт;
62 кг — Пәтқанұлы Елжан.
Жарыстың үздік төрешісі — Қожахметов Нариман Нұрханұлы, үздік жаттықтырушысы — Қожахметов Даулет Манарбекұлы, үздік спортшысы — Жұмагелді Сұлтанмахмұт.
2026 жылғы 21–27 қыркүйек аралығында Қарағанды қаласының «Saryarka» үстел теннисі орталығында 2009 жылы туған және одан кіші спортшылар арасында Қазақстан чемпионаты аяқталды.
Алшысынан түскен ақшаңқан бәсекеде Шығыс Қазақстан облысының құрама командасы жоғары шеберлік пен жеңіске деген ерік-жігер танытып, ел біріншілігін мерейі үстем аяқтады.
ШҚО спортшыларының жарыс нәтижесі:
Ұлдар командасы — 🥇 1-орын (Алтын медаль):
Әліби Шоманов
Нұрдәулет Азаматұлы
Қуаныш Ақылбеков
Никита Смирнов
Абылайхан Ермаханұлы
Қыздар командасы — 🥉 3-орын (Қола медаль):
Нұрсая Нұрман
Аққу Темірханова
Еркежан Бәйтикенова
Аружан Альтаева
Жекелей және жұптық сын нәтижелері:
🥇 Аралас жұп (Микст): Әліби Шоманов — 1-орын (Алтын медаль);
🥇 🥉 Ерлер жұбы: Әліби Шоманов — 1-орын (Алтын медаль), Нұрдәулет Азаматұлы — 3-орын (Қола медаль);
🥈 Әйелдер жұбы: Нұрсая Нұрман — 2-орын (Күміс медаль).
Жас теннисшілерімізді, олардың бапкерлерін және барша ШҚО спорт қауымдастығын осы жарқын жеңістерімен шын жүректен құттықтаймыз! Спортшыларымызға алдағы халықаралық әрі республикалық бәсекелерде жаңа биіктерді бағындыруды тілейміз!