«Шығыс Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» ММ-де жүргізілген ішкі талдау қорытындысы бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне неғұрлым бейім лауазымдардың тізбесі бекітілді. Бұл шара кадрлық саясаттың ашықтығын қамтамасыз етуге және мемлекеттік қызметтегі құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған.