Шығыс Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының «Облысты дамыту бағдарламаларының нысаналы индикаторларына қол жеткізу, бюджеттік бағдарламаларды іске асыру туралы» баяндама тезистері
Шығыс Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы келесі жергілікті бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі болып табылады:
285 001 000 «Жергілікті деңгейде дене шынықтыру және спорт саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер» бюджеттік бағдарламасы бойынша.
Бюджеттік бағдарламаның мақсаты: дене шынықтыру және спорт саласындағы бірыңғай мемлекеттік саясатты іске асыру.