2024 жылғы жұмыс қорытындысы.
2024 жылы дене шынықтырумен және спортпен шұғылданатын халықтың үлесі 45%-ға дейін өсті, бұл облыс халқының жалпы санынан 325 755 адам.
Ұлттық спорт түрлерімен 18 067 адам, оның ішінде ауылдық округтерде 10 172 адам шұғылданады, бұл өткен жылмен салыстырғанда 230 адамға көп.
Ұлттық дәстүрлі спорт түрлерін дәріптеу мақсатында 2024 жылғы 10 қазанда Ұлан ауданында «Шығыс Салбұрыны-2024» халықаралық фестивалі өткізілді, оған 100-ден астам спортшы (Мажарстан Халық Республикасы, Ресей Федерациясы, Қырғыз Республикасы, Монғолия, Қытай Халық Республикасы) қатысты.
Дене шынықтырумен және спортпен жүйелі түрде шұғылданатын ерекше қажеттіліктері бар халықтың үлесінен 13,7% -ды немесе ерекше қажеттіліктері бар адамдардың жалпы санынан 4 053 адамды құрайды.
2024 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша Шығыс Қазақстан облысында 1628 спорт ғимараты жұмыс істейді.
2024 жылы Тарбағатай ауданының Тұғыл ауылында дене шынықтыру-сауықтыру кешені пайдалануға берілді. Қазіргі уақытта өңірде құрылыстың түрлі кезеңінде 6 дене шынықтыру-сауықтыру кешендері бар: 1 - Катонқарағай - 921,5 млн. теңге, 1 - Үлкен Нарын ауылында - 694,6 млн. теңге, 2 - Ұлан ауданында: Бозанбай - 573,4 млн. теңге, Таврия - 499,6 млн. теңге, 1 - Күршім, Тарбағатай, Ақжар ауылында - 911,2 млн. теңге, Өскемен қаласының тау шаңғысы базасы - 541,6 млн. теңге, спорттық-туристік инфрақұрылым (Риддер қаласының шаңғы-роллерлік трассасы - 169,8 млн. теңге) Зайсан ауданы Айнабұлақ ауылында - 444,4 млн. теңге, Марқакөл ауданы Марқакөл ауылында - 455,9 млн. теңге.
Шығыс Қазақстан облысы 2024 жылы еліміздің ұлттық құрама командасына спорттың 62 түрі бойынша 672 спортшы дайындалды.
2024 жылы ШҚО спортшылары түрлі спорт түрлері бойынша 6 408 медаль жеңіп алды, оның ішінде: алтын – 2284, күміс – 2162, қола – 1962.
ІІ және ІІІ жасөспірімдер разрядтарындағы спортшылар – 1689, І разрядтағы спортшылар – 375, СШҮ – 533, ҚР СШ - 41, ҚР ХДСШ – 4 дайындалды.
2025 жылға арналған жоспар
Келесі спорттық іс-шараларға қатысу жоспарлануда:
ҚР VI Қысқы Спартакиадасы, ҚР Жастар ойындары, IX Азия ойындары, XXXII Қысқы Универсиада.
Сондай-ақ жыл ішінде жалпы сомасы 841,0 млн. теңгеге спорт объектілеріне 3 күрделі жөндеу жүргізу жоспарлануда, оның ішінде:
«Қажымұқан атындағы Шығыс Қазақстан облыстық жеке күрестен мамандандырылған балалар-жасөспірімдер олимпиадалық резерв мектебі» КММ - 537 228,0 мың теңге Өскемен қ. Жекпе-жек сарайы ғимаратының шатырын, қасбетін және үй-жайларын күрделі жөндеуге. Сәтпаев даңғылы 82/1 "(облыстық бюджетті бекіту кезінде жөндеу жүргізудің басына 1 000,0 мың теңге қарастырылды);
«Шығыс Қазақстан облыстық мамандандырылған су спорты түрлері бойынша балалар-жасөспірімдер олимпиада резервінің спорт мектебі» КММ - 161 393,7 мың теңге ШҚО орталық бассейні ғимаратының шатырын күрделі жөндеуге, Өскемен қ., Сәтпаев даңғылы 82/3 (облыстық бюджетті бекіту кезінде жөндеу жүргізуді бастауға 1 000,0 мың теңге қарастырылған);
Күршім ауданының көпсалалы балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі КММ -142 418,0 мың тг. Шығыс Қазақстан облысы, Күршім ауданы, Күршім ауылы, Тоқаев көшесі, 46 мекенжайы бойынша спорт кешені ғимаратын күрделі жөндеуге (облыстық бюджетті бекіту кезінде жөндеу жүргізуді бастауға 1 000,0 мың теңге көзделген).
2025 жылға арналған мемлекеттік спорт тапсырысын жан басына шаққандағы қаржыландыруды іске асыру үшін облыстық бюджеттен 1 003,8 млн. теңге сомасында қаражат бөлінді.