Дене шынықтыру және спорттың негізгі көрсеткіштері

Дене шынықтыру және спорт

Жыл сайын дене шынықтырумен және спортпен шұғылданатын азаматтардың саны артып келеді, спортпен шұғылдану үшін жағдайлар жасалған (27 кесте).

27 кесте – Дене шынықтыру және спорттың негізгі көрсеткіштері

 

Көрсеткіштер

Өлш. бірл.

2017 жыл

2018 жыл

2019 жыл

ҚР/ШҚО үлесі

Спорттық ғимараттар – барлығы

ед.

3 187

3 210

3 231

38 139/ 8,5%

Мекемелер саны

 

42

42

42

703/ 5,9%

Дене шынықтырумен және спортпен жүйелі түрде айналысатын барлық жастағы халықты қамтуды ұлғайту

%

30,4

30,8

30,9

29,9

Дене шынықтыру және спортмен айналысатындардың саны

чел.

424 125

425 333

425 805

5 233 213/ 8,1%

Дене шынықтыру және спортпен айналысатын балалар мен жасөспірімдерді қамту

%

14,6

15,1

15,4

14,7

Дене шынықтыру және спортпен айналысатын балалар мен жасөспірімдердің саны

чел.

26 169

27 880

28 598

1 524 686/ 1,9%

 

Жыл сайын өткізілетін спорттық-бұқаралық іс-шаралар саны артып келеді. 2019 жылы халықаралық, республикалық және облыстық деңгейдегі 276 спорттық-бұқаралық іс-шаралары өткізілді, сонымен қатар облыстың қалалары мен аудандары деңгейіндегі 2,5 мың іс-шара.

Бұқаралық спорт түрлерін танымал ету және дамыту мақсатында жалпы білім беретін мектеп оқушылары арасында шайбалы хоккейден «Жұлдызша», футболдан және волейболдан үш жас тобында көп кезеңді чемпионаттар өткізіледі. Балаларды жеңіл атлетикамен жүйелі түрде айналысуға тарту үшін облыста «ALTAY KIDS CUP» жарысы өткізіледі.

Халықаралық жарыстарды өткізу мақсатында Семей қаласында заманауи, көпфункционалды мәдени-спорттық кешені пайдалануға берілді.

Алайда, ауылдық жерлердегі спорт ғимараттарының саны жеткіліксіз болып отыр. Дене шынықтыру-сауықтыру сабақтарына арналған үй-жайларға жалпы қажеттілік 200-ге жуық спорт және көпфункционалды спорт залдарын құрайды.

Кәсіби спорт дамуда. Қазақстан Республикасының әртүрлі спорт түрлерінен құрама командаларына Шығыс Қазақстан облысының 983 споршылары кірді. Облыс спортшылары халықаралық және республикалық жарыстарда 6396 медальдарға ие болды, соның ішінде: 2423 алтын, 1908 күміс және 2065 қола.

Мүмкіндігі шектеулі адамдардың жалпы санынан 5,8% (3291 адам) спортпен шұғылданады (2018 жылы – 5,6%). Спорт нысандарында пандустар орнатылады, есік ойықтары жаңғыртылады, қоңыраулар орнатылады, санитариялық аймақтар бейімделеді.

 

  1. Халықаралық дәрежедегі 9 спорт шебері, Қазақстан Республикасының 97 спорт шебері, ҚР спорт шеберлігіне 597 үміткер, 487 бірінші разрядтаушы даярланды.

Мүмкіндігі шектеулі балалар мен жасөспірімдер үшін параолимпиялық спорт түрлері және ұлттық спорт түрлері бойынша секциялар жұмыс істейді. Дене шынықтыру-сауықтыру кешендері, тренажер залдары, бассейндер, стадиондар және дене шынықтыру алаңдары тегін беріледі. Тұрақты негізде мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған спорт клубы жұмыс істейді.

Саланың аму жағдайын SWOT - талдауы:

Күшті жақтары (S):

1)   Спорт нысандары мен ғимараттары желісінің тұрақты өсуі;

2)   Халыққа қолжетімді спорт нысандарының, мәдени-сауықтыру кешендерінің бар болуы.

Әлсіз жақтары (W):

1)   Материалдық-техникалық базаның төмен деңгейі;

2)   Спорт ғимараттары техникалық пайдалану жөніндегі нормативтер мен талаптарға, халықаралық регламенттер мен жарыстар мен оқу-жаттығу процесін өткізу қағидаларына сәйкес келмейді;

3)   Балалар-жасөспірімдер спорт мектептерінің желісі оларда мектеп жасындағы балалардың тек 15%-ы ғана сабақ алу мүмкіндігін қамтамасыз етеді.

Мүмкіндіктер (O):

1)   Халық арасындағы ақпараттық-түсіндіру жұмысы;

2)  Ауылдық округтерде жұмыс істейтін спорт бойынша мамандарға әдістемелік көмек көрсету;

3)  Спорт кадрларды даярлау бағдарламасын жетілдіру.

Қауіптер (T):

1)      Жекелеген спорт түрлерінің нашар дамуы (жабық спорт ғимараттарының болмауына байланысты);

2)   Мамандардың кетуі.

Негізгі мәселелер:

  • Білікті кадрлардың жетіспеушілігі;
  • Ауылда бұқаралық спорттың жеткіліксіз дамуы.

11 мақсат. Бұқаралық спорттың дамуы

 

№ р/с

Нысаналы индикаторлар

Ақпарат көзі

Факт 2018 ж.

Факт  2019 ж.

Прогноз

Жауапты орындаушы

2016ж.

2017 ж.

2018

ж.

2019 ж.

2020 ж.

30.

Халықтың спорттық инфрақұрылыммен қамтамасыз етілуі, 1 000 адамға арналған спорт алаңдарының саны

ҚР МСМ ведомстволық деректері

 -

38,25

-

-

-

38,0

39,2

ДШжСБ, қала мен аудан әкімдері

 

Жету жолдары:

  • қолда бар спорт нысандарын жаңғырту және жаңаларын салу есебінен өңірдің спорттық инфрақұрылымын дамыту;
  • білім беру мекемелерін дене шынықтыру деңгейін арттыру мақсатында кешенді спорт алаңдарымен, заманауи спорт жабдықтарымен және мүкәммалмен қамтамасыз ету;
  • жоғары жетістіктер спортын дамыту;
  • Спортшыларды дайындау мақсатында спорт мектептерді материалдық-техникалық базамен қамтамасыз ету.
Дене шынықтыру және спорттың негізгі көрсеткіштері
Дата публикации
25 октября 2020