2023 жылғы жұмыс қорытындысы. 2024 жылға арналған жоспарлар

2023 жылғы жұмыс қорытындысы.

 

2023 жылы дене шынықтырумен және спортпен шұғылданатын халықтың үлесі 42%-ға дейін өсті, бұл облыс халқының жалпы санынан 305 989 адам. 2021 жылдан 2023 жылға дейінгі кезеңде нысаналы индикатордың ұлғаюы 8% құрады.

Салауатты өмір салтын насихаттау шеңберінде облыс бойынша жыл сайын 32 мыңнан астам адамды қамти отырып, барлық жас санаттарына бағытталған 300-ден астам облыстық спорттық-бұқаралық іс-шаралар өткізіледі.

Сондай-ақ, 2023 жылы білім басқармасымен бірлесіп балалар мен жасөспірімдерге арналған 245 қосымша тегін секция ашылды.

Ұлттық спорт түрлерімен 17 837 адам айналысады, оның ішінде ауылдық округтерде 10 334 адам, бұл өткен жылмен салыстырғанда 1 мың адамға артық. Ұлттық дәстүрлі спорт түрлерін насихаттау мақсатында 2023 жылғы 25 қарашада Ұлан ауданында 2000-нан астам адам (Қырғызстан, Түркия, Моңғолия, Қытай, Ресей) қатысқан халықаралық «Бүркіт фестивалі» өткізілді.

Дене шынықтырумен және спортпен жүйелі түрде айналысатын ерекше қажеттіліктері бар халықтың үлесі 13,5% или немесе ерекше қажеттіліктері бар адамдардың жалпы санынан 5,2 мың адамды 38,7 мың адамды құрайды. ҚР Ұлттық құрамасының құрамына 42 мүмкіндігі шектеулі спортшы кіреді.

2024 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша Шығыс Қазақстан облысында 1687 спорт ғимараты жұмыс істейді.

2023 жылы Тарбағатай ауданы Тұғыл ауылында ДШСК құрылысы басталды. Күршім ауданының Марқакөл ауылында, Ұлан ауданының Бозанбай және Таврия ауылында ДШСК, Үлкен Нарын ауылында ДШСК және Катонқарағай ауданының Катонқарағай ауылында ДШСК құрылысы жалғасуда.

Әр түрлі спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасы құрамасының құрамына Шығыс Қазақстаннан 707 спортшы кірді. Оның ішінде жасөспірімдер құрамасында – 250, жасөспірімдер құрамасында – 70, жастар құрамасында – 161, ересектер құрамасында – 226 спортшы бар.

2023 жылы ШҚО спортшылары түрлі спорт түрлері бойынша                               4 116 медаль жеңіп алды, оның ішінде: алтын – 1 368, күміс – 1 329, қола – 1 1419.

Дайындалғандар: ІІ және ІІІ жасөспірімдер разрядтарындағы спортшылар – 1636, І разрядтағы спортшылар – 340, СШҮ – 401, ҚР СШ - 70, ҚР ХДСШ – 8.

 

2024 жылға арналған жоспар

2024 жылы бұқаралық спортты дамыту үшін іс-шаралар кешені көзделген – негізгі бағыты дәстүрлі ұлттық және бұқаралық спорт түрлерін дамыту болып табылатын XXII халықтық спорт ойындарын өткізу. Сондай-ақ, «Сәулетай»" балалар ойындары, мемлекеттік қызметкерлер арасындағы спартакиада, спорт ардагерлері арасындағы спартакиада, мүмкіндігі шектеулі жандар арасындағы спартакиада сияқты бірқатар маңызды спорттық іс-шараларды өткізу жоспарланған.

2024 жылы мемлекеттік спорттық тапсырыс шеңберінде тегін спорт секцияларында балалардың сабақтарына облыстық бюджеттен 963,4 млн. теңге көлемінде қаржыландыру бөлінді. (4,5 мың бала).

Ағымдағы жылы басқарма жұмысының бағыттарының бірі әрбір ауданда және облыстық маңызы бар қалада дене шынықтыруды дамыту орталықтарын құру болады.

Дене шынықтыруды дамыту орталықтары дене шынықтыруды ойын түрінде дамыту жөніндегі мектепке дейінгі ұйымдармен тығыз ынтымақтасатын болады, жалпы білім беретін мекемелермен бірлесіп спорт түрлері бойынша ауылдық, аудандық мектеп лигалары, студенттер лигалары, жастар арасындағы лигалар, еңбек ұжымдары мен қарттар арасында спартакиадалар форматында жарыстар өткізетін болады. Өз тарапынан барлық аудан орталықтарының жұмысын дене шынықтыру және спорт басқармасына тікелей бағынатын облыстық дене шынықтыруды дамыту орталығы үйлестіретін болады.

Осындай орталықтардың ашылуы барлық жастағы тұрғындарды дене шынықтыру және спортпен шұғылдануға тарту арқылы дене шынықтыру мен спортты дамыту тұжырымдамасына жүктелген міндеттерді орындауға мүмкіндік береді.

 

 

Дата публикации
29 января 2024