Тимур Қайриденұлы Жапаров 1963 жылы 24 қазанда Шығыс Қазақстан облысының Өскемен қаласында дүниеге келген. Еңбек жолын 1978 жылдан бастады.1985 жылы ІІМ Қарағанды жоғары мектебін бітірген. ҚР ІІМ-де жұмыс өтілі 18 жыл. 2002 жылдан бастап ШҚО дене шынықтыру және спорт басқармасының бас маманы. 2005 жылы Қазақ спорт және туризм академиясының дипломын алды. 2004 жылдың маусым айынан бастап "ШҚО БЖТСМ" КММ директоры болып жұмыс істейді.