Шығыс Қазақстан облысының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы 2026 жылғы 13 қазанда жұмыс берушілердің 2027 жылға арналған шетелдік жұмыс күшін тартуға берген өтінімдерін қарау Комиссия отырысы өтетінін хабарлайды. Анықтама үшін телефон: 8 7232 20-51-17, электрондық пошта: r.taymuldina@akimvko.gov.kz
ШҚО бойынша аз қамтылған азаматтарға атаулы әлеуметтік көмек есептеу үшін 2026 жылғы 4 тоқсандағы кедейлік шегі – 53 398 теңгені құрайды.
Бос жұмыс орындары жәрмеңкесі аясында жұмыс берушілер, мансап орталықтарының өкілдері және жұмыс іздеушілер арасында тікелей байланыс орнатылды. Іс-шараға барлығы 200 адам қатысты.
Жұмыс берушілер қолда бар бос жұмыс орындары, үміткерлерге қойылатын өзекті талаптар, еңбек жағдайлары мен жұмысқа орналасу мүмкіндіктері, сондай-ақ еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтар туралы ақпарат ұсынды.
Бос жұмыс орындары жәрмеңкесіне Өскемен қаласының кәсіпорындары мен ұйымдарының өкілдері қатысып, өзекті бос жұмыс орындарын таныстырды және жұмыс іздеушілердің кандидатураларын қарастырды. Іс-шараға қатысушылар жұмыс берушілердің ұсыныстарымен танысып, жұмыспен қамту мәселелері бойынша кеңес алуға және ұйым өкілдерімен жұмысқа орналасу перспективаларын тікелей талқылауға мүмкіндік алды.
Іс-шара жұмыс іздеушілер мен жұмыс берушілер арасында тікелей байланыс орнатуға және жұмысқа орналасу мүмкіндіктері туралы ақпараттың қолжетімділігін арттыруға ықпал етті.
Еңбек күнін мерекелеу аясында еңбекті дәріптеу және денсаулық сақтау саласындағы мамандықтардың беделін арттыру, сондай-ақ денсаулық сақтау саласының қызметкерлеріне еңбек заңнамасының талаптарын, жұмыс беруші мен жұмыскердің құқықтары мен міндеттерін түсіндіру мәселелері бойынша семинар өтті.
Денсаулық сақтау саласындағы мамандықтардың беделін арттыруға және медицина қызметкерлерінің еңбегіне құрметпен қарауды қалыптастыруға бағытталған ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Қатысушыларға жұмыскерлер мен жұмыс берушілердің еңбек құқықтары мен міндеттеріне қатысты еңбек заңнамасының негізгі ережелері, сондай-ақ еңбек кепілдіктерін сақтау бойынша өзекті мәселелер түсіндірілді. Еңбек мәдениеті, жауапкершілік және медицина қызметкерлерінің кәсіби қызметінің маңыздылығы мәселелеріне ерекше назар аударылды. Іс-шараға 50 адам қатысты.
Шығыс Қазақстан облысының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы жұмыс берушілерге 2027 жылға арналған шетелдік жұмыс күшінің қажеттілігіне өтінім беру қажеттілігі туралы хабарлайды.
Талаптар:
1) өтінім, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 30 маусымдағы № 274 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квотаны белгілеу Қағидасының 1 қосымшасына сәйкес беріледі;
2) өтінім тиісті түрде ресімделген ілеспе хатпен (басшының қолымен және мөрлермен расталған шығыс нөмірі, жауапты тұлғаның байланыс деректері, телефондары мен электрондық мекен-жайлары көрсетілген) жіберілуі тиіс;
3) өтінімде міндетті түрде нысанындағы шетелдік жұмыс күшін тарту қажеттілігінің негіздемесін көрсету қажет;
4) өтінімде 5 таңбалы коды бар экономикалық қызмет түрін міндетті түрде көрсету қажет (мысалы: мыс кенін өндіру және байыту – 07292);
5) өтінім мемлекеттік және орыс тілдерінде беріледі;
Өтінім беру мерзімі: 2026 жылдың 30 қыркүйек күні сағат 17.30 - ға дейін.
Өтінімді қайда беру керек:
– қағаз түрінде ШҚО жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының кеңсесіне (Өскемен қаласы, Киевская көшесі, 1 үй, 301 кабинет);
– электрондық нұсқасын r.taymuldina@akimvko.gov.kz электрондық мекен-жайға жіберіледі, және электрондық тасымалдауыш болса ШҚО жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының 301 кабинетіне (Өскемен қаласы, Киевская көшесі, 1 үй).
Байланыс деректері: 8 (7232) 20-51-17, 87777280466, r.taymuldina@akimvko.gov.kz.

Шығыс Қазақстан облысында еңбек әулеттері, тәжірибелі тәлімгерлер мен жас өндіріс қызметкерлері арасында өткізілетін «Еңбек жолы» республикалық байқауының облыстық кезеңі қорытындыланды.
2026 жылы байқауға 34 қатысушы қатысты: оның ішінде 6 еңбек әулеті, 13 тәлімгер және 15 жас маман бар.
Байқаудың басты мақсаты – еңбек адамының қоғамдағы беделін арттыру, еңбек дәстүрлерін сақтау, тәлімгерлікті дамыту және жастарға кәсіби еңбектің маңыздылығын көрсету.
«Үздік еңбек әулеті» номинациясы бойынша бірінші орынды Фатеевтер–Линкер әулеті – «Өскемен құс фабрикасы» АҚ (Ұлан ауданы) иеленді. Әулет құрамында 25 адам бар, олардың жалпы еңбек өтілі 307 жылды құрайды.
Екінші орынды Жүсіповтер әулеті – «Бірыңғай энергетикалық сервистік компания» АҚ (146 жыл еңбек өтілі, 8 адам), үшінші орынды Тұрдыбековтер әулеті – «Бірыңғай энергетикалық сервистік компания» АҚ (120 жыл, 5 адам) иеленді. Төртінші орын «Үлкен Нарын орман шаруашылығы» КММ ұсынған Қосаевтар әулетіне бұйырды (62 жыл, 4 адам).
«Жұмысшы жастардың үздік тәлімгері» номинациясында бірінші орынды «Өскемен қаласының көлік компаниясы» ЖШС қозғалыс қауіпсіздігі жөніндегі ревизоры Татьяна Васильевна Олейникова иеленді.
Екінші орын – «ГРК МЛД» ЖШС (Марқакөл) маманы Ильяс Тусипханович Исбаевқа, үшінші орын – «Адал» шаруа қожалығының (Самар ауданы) механизаторы Әсет Саматұлы Әбдірахмановқа берілді.
«Өндірістің үздік жас маманы» номинациясында бірінші орынға Самар ауданының «Нургазин» шаруа қожалығының механизаторы Нұрсұлтан Нұрланұлы Онлабаев лайық деп танылды.
Екінші орынды «Қазцинк Риддер» ЖШС Долинный кенішінің маркшейдері Наталья Евгеньевна Трусова, үшінші орынды «Шығыс Жылу» АҚ гидравликалық есептеулер жөніндегі инженері Алида Талғатқызы Бакинбаева иеленді.
Облыстық кезеңнің жеңімпаздары – Фатеевтер–Линкер әулеті, Татьяна Олейникова және Нұрсұлтан Онлабаев – байқаудың республикалық кезеңіне қатысуға ұсынылды.
Шығыс Қазақстан «Еңбек жолы» байқауында дәстүрлі түрде жоғары нәтижелер көрсетіп келеді. 2017 жылдан бері облыс өкілдері республикалық кезеңде алты рет жеңімпаздар мен жүлдегерлер қатарынан көрінді. Олардың қатарында Филипповтер, Сағадиевтер, Белогорцевтер, Ковалевтер, Аушиновтар және Деминдер әулеттері бар. 2025 жылы дәл осы Деминдер әулеті – Риддер қаласындағы «Қазцинк» ЖШС өкілдері республикалық кезеңде бірінші орынға ие болды.
«Еңбек жолы» – өз еңбегімен өңірдің болашағын қалыптастырып, кәсіби дәстүрлерді сақтап, тәжірибесін кейінгі ұрпаққа жеткізіп жүрген адамдарды дәріптейтін байқау.