Бос орындар жәрмеңкесінің қорытындысы бойынша ақпарат

Бос орындар жәрмеңкесінің қорытындысы бойынша ақпарат

«Жұмысшы мамандықтар жылы» аясында облыстың қалалары мен аудандарында бірыңғай Бос орындар жәрмеңкесі өткізілді.

Жәрмеңкеге 176 жұмыс беруші мен 800-ден астам жұмыссыз қатысты.

Жәрмеңке қорытындысы бойынша тұрақты жұмыс орындарына 60 жұмыссыз жұмысқа орналастырылды, 75 жұмыс берушінің орналасқан жері бойынша әңгімелесуге шақырылды.

«Mansap kompasy» алаңында жоғары оқу орындары мен колледждердің түлектері еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтар туралы ақпарат алды.

Жұмыс берушілер іс-шараның пайдалылығы мен ақпараттылығын атап өтіп, болашақта оның қайталануына үміт білдірді, бұл «Бос орындар жәрмеңкесінің» перспективалы кадрларды іздеуге арналған алаң ретіндегі тиімділігін растайды.