
Шығыс Қазақстан облысында
8 наурыз – Халықаралық әйелдер мерекесі қарсаңында "Jan Ana" қоғамының ұйымдастыруымен, Өскемендегі Достық үйінде
«Мен әйелмін, әлемнің анасымын» атты аналар байқауы өтті.
Жалпы байқаудың мақсаты :
Қоғамдағы әйел - аналардың ерекше орны ,тек отбасындағы бала тәрбиесімен айналысып қана қоймай, өңіріміздің әлеметтік-экономикалық дамуына өз үлесін қосып жүрген, ұлттық салт-дәстүрімізді дәріптеп, жас ұрпақтың санасына сіңіру!
Байқауға
Тарбағатай
Зайсан
Риддер
Глубокое
аудан аналары қатысты.
Байқау бес кезеңнен тұрды
1. «Сәлем-сөздің атасы»
2. «Салтын сүйген халқын сүйер» 3. «Қыз-ұлт болашағы»
4. «Аудан мақтанышы»
5. «Сұрақ -жауап»
Байқау нәтижесінде Тарбағатайлық «Мақта ана» тобы Бас жүлдені жеңіп алса, Зайсандық «Дәуір қарлығаштары» 1-орын, Глубокоелік «Тұмар» тобы 2- орын, ал Риддер қаласының «Бойтұмар» тобы 3-орынды иеленді.
Жеңімпаз болған топтағы әрбір ана заманауи тігін машинасы, арнайы дипломдар мен ұлттық шапан сертификатымен марапатталды.
Ал жүлделі орын алған барлық аналар электронды еттартқыш, сенсорлы қысқатолқынды пеш, шаңсорғыш сияқты сыйлықтарға ие болды.