
Өңірде «Мейірім» қайырымдылық акциясы сәтті іске асқан еді. Биылдан облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы игі шараны қайта жаңғыртты. Мақсат - жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларға қолдау көрсету. Мейірімді жандардың бастамасына тілшімізе куә болып қайтты. Сюжетін көрейік...
Бұл бастама ата-ана қамқорлығынсыз қалған және жетім-балаларды әлеуметтік-патронаттық қолдау бойынша өзара ынтымақтастық туралы әлеуметтік шарт. Иә, басқарма мамандары мен «Үміт» орталығының директоры дәл осындай келісімге отырды.
Бүгіннен бастап облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының әрбір қызметкері жыл сайын 1 күндік жалақысын осы орталықтың тәрбиеленушілерінің шотына аударады. Бұл тізімге «Үміт» орталығының 14 баласы енген. Ал акцияға қатысуға ниет білдірген басқарма мамандарының саны 600-ге жуық.
Шарт бойынша басқарма мамандарына жүктелген үлкен міндет бар. Олар тәрбиеленушіні әлеуметтік жағынан қолдау мақсатында мәдени шараларға қатыстырып, ұжымның өмірін көрсетіп, болашақ мамандығын таңдайтын кезде ақылын айтып, үлкен өмірге дайындаулары тиіс. Бұдан бөлек, кәмелеттік жасқа толғанға дейін тұрғын үймен қамтуға да жәрдемдеседі.
Тағдыр тәлкегіне түскен балалардың алғысы мен ризашылығын алған басқарма ұжымы орталықтың ішін бірінші кезекте өздері көріп шығып, жасалған жағдаймен танысты. 2011 жылы басталған «Мейірім» қайырымдылық акциясын биыл облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы қайта қолға алып отыр. Орталықтың директоры игі іс басқа адамдарға да үлгі болса екен дейді.