Меню

Страницы

Статья

Мүгедектерді әлеуметтік қолдау туралы

Облыста мүмкіндігі шектеулі 56366 адам тұрады, оның ішінде мүгедектігі бар балалар – 5186.

2019 жылы облыс бойынша мүгедектерді оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес 5514 адамды қамтамасыз ету үшін 629 997 мың теңге көлемінде 8390 техникалық оңалту құралдары берілді.

Анықтамалық:

Жалпы 250 092 мың теңгеге 1216 тифлотехникалық құрал;

Жалпы 49 114 мың теңгеге 1076 сурдотехникалық құрал;

Жалпы 80410 мың теңгеге 1004 арнаулы жүріп-тұру құралдары;

Жалпы 250381 мың теңгеге 5094 протездік-ортопедиялық құрал.

Сондай-ақ, 2019 жылы 1517 мүгедек санаторлық-курорттық емделу қызметімен 141 924 мың теңге қамтылды, оның ішінде 75615 мың теңге (743 адам қамтамасыз етілді) бюджеттің негізгі лимитіне сәйкес, 66309 мың теңге (774 адам қамтамасыз етілді) қосымша бөлінді.

2020 жылы 9993 мүгедекті 11659 техникалық оңалту құралдарымен қамтамасыз ету үшін 1 103 435 мың теңге бөлінді, 1149 мүгедек санаторлық-курорттық емдеу қызметімен 124 851 мың теңге көлемінде қамтамасыз етіледі.

Анықтамалық:

Жалпы 436 574 мың теңгеге 1812 тифлотехникалық құрал;

Жалпы 118 122 мың теңгеге 1970 сурдотехникалық құрал;

Жалпы 118 694 мың теңгеге 890 арнайы жүріп-тұру құралы;

Жалпы 430 045 мың теңгеге 7356 протездік-ортопедиялық құрал.

Халықтың жүріп-тұруы шектеулі топтары үшін кедергісіз ортаны қамтамасыз ету үшін облыста 2643 әлеуметтік инфрақұрылым объектісі (жоспарға 100%) паспортталды, оның ішінде 2075 объект бейімделді, оның ішінде 2019 жылы – 117915,3 мың теңге сомасына 588 объект, оның ішінде 61362 мың теңге жергілікті бюджет қаражатынан, 56553,3 мың теңге – жеке инвестициялар. 2020 жылы 115482,9 мың теңге сомасына 568 объектіні бейімдеу жоспарланған, оның ішінде 45982,9 мың теңге – жергілікті бюджет, 69500 мың теңге – жеке инвестициялар.

Облыста "Инватакси" қызметінің 11 автомашинасы жұмыс істейді, жергілікті бюджет қаражатынан жалпы сомасы 39992,0 мың теңгеге жүріп-тұруы қиын 470 мүгедек қызмет көрсетумен қамтамасыз етілді. 2020 жылы осы мақсаттарға 40 022 мың теңге қарастырылған.

Жұмыспен қамту және еңбек құрылымы:

Нәтижелі жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету мақсатында Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған "Еңбек" МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ (бұдан әрі – Бағдарлама) іске асырылуда.

2019 жылы бағдарламаға шамамен 1,2 мың мүгедек адам қатысты, оның ішінде 1,0 мың адам (83,3%) жұмысқа орналастырылды, оның ішінде 0,6 мың адам тұрақты жұмыс орындарына орналастырылды.

Қысқа мерзімді кәсіптік оқытумен 143 адам қамтылды.

"Бастау бизнес" жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне оқытумен 159 адам қамтылды, оның ішінде 82 адам бизнес жобаларын қорғады, оның ішінде 56 мүгедек адам микрокредиттер мен гранттар алды.

Сонымен бірге, "халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – заң) сәйкес жергілікті атқарушы органдар ауыр жұмыстарды, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыстардағы жұмыс орындарын есептемегенде, жұмыс орындары санының екіден төрт пайызға дейінгі мөлшерінде мүгедектер үшін жұмыс орындарына квота белгілеу арқылы халықты жұмыспен қамту саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды қамтамасыз етеді.

Қазіргі уақытта квота аясында 965 мүгедек жұмысқа орналастырылды.

Дата публикации
04 марта 2020
Дата обновления
04 марта 2020
Тип
Баспасөз релиздері

Сейчас читают

Бағыттар
16 мая 2025
Перечень должностей, подверженных коррупционным рискам
Бағыттар
16 мая 2025
Карта коррупционных рисков ВКО
Бағыттар
16 мая 2025
Картограмма коррупции

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы