Жұмыспен қамту бөлімі Басқарманың құрылымдық бөлімшесі болып табылады. Бөлімнің негізгі міндеттері нәтижелі жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету, жұмыссыздықты қысқарту, инвестициялық саясатты ескере отырып, еңбек нарығындағы қажеттілікке және оның даму перспективаларына сәйкес жұмыс орындарын құруға және кадрлар даярлауға жәрдемдесу болып табылады.
Жергілікті атқарушы органдардың құрылымдық бөлімшелерінен білім беру мәселелері бойынша, білім беру ұйымдарынан, кәсіптік оқытуды жүзеге асыратын білім беру қызметіне құқығы бар ұйымдар жанындағы оқу орталықтарынан түлектердің жұмысқа орналасуы туралы мәліметтер, оқыту жүргізілетін кәсіптер (мамандықтар), нақты кәсіптер (мамандықтар) бойынша даярланған және даярлау мен бітіруге жоспарланған мамандар саны және халықты жұмыспен қамту орталықтарының жұмысын үйлестіру туралы сұрау салу.