Меню

Страницы

Статья

Мемлекеттік қызмет көрсету 2024

Шығыс Қазақстан облысының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы көші-қон саясатын іске асыру бойынша 4 (төрт) мемлекеттік қызмет көрсетуді қамтамасыз етеді, оның ішінде:

  • қандас мәртебесін беру немесе ұзарту;
  • қандастар мен қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу;
  • шетелдікке немесе азаматтығы жоқ адамға өз бетінше жұмысқа орналасу үшін біліктілігінің сәйкестігі туралы анықтама беру немесе ұзарту;
  • жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру немесе ұзарту.

 Көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің ішінде 3 қызмет тегін көрсетіледі:

  • қандас мәртебесін беру немесе ұзарту;
  • қандастар мен қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу;
  • шетелдікке немесе азаматтығы жоқ адамға өз бетінше жұмысқа орналасу үшін біліктілігінің сәйкестігі туралы анықтама беру немесе ұзарту.

Ақылы негізде көрсетілетін мемлекеттік қызмет:

  • жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру немесе ұзарту.

Мемлекеттік қызмет көрсету процесстері оңтайландырылған және толық автоматтандырылған. Атап айтқанда, «бір терезе қағидаты» бойынша қандас мәртебесін беру және ұзарту «электрондық үкімет» веб-порталында электрондық форматта алуға болады. Бұл қызметтер «электрондық үкімет» порталында «көші-қон» бөлімінде орналастырылған.

Сонымен қатар, Еңбек министрлігі «Құтты мекен» мобильді қосымшасын және migration.enbek.kz интернет-порталын іске қосты. Этникалық қазақтар мемлекеттік органдарға бармай-ақ өтініш бере алады.

Мобильді қосымша және интернет-портал арқылы мемлекеттік қызметтер көрсету тетігін іске қосу туралы ақпараттық түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.

Мемлекеттік қызмет көрсету процессінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған қызмет көрсету сапасын арттыру бойынша ақпараттық түсіндіру іс – шаралары, оның ішінде Шығыс Қазақстан облысы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы филиалының мамандары үшін оқыту семинарлары тұрақты негізде өткізіледі.

2024 жылғы жағдай бойынша 1636 мемлекеттік қызмет көрсетілді, 191 негізделген бас тарту жүргізілді, оның ішінде:

1) «Кандас мәртебесін беру немесе ұзарту» - 211 бірлік;

2) «Қандастар мен қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу» - 249 бірлік (оның ішінде: қандастар – 85 отбасы 269 адам, қоныс аударушылар – 164 отбасы 512 адам), негізделген бас тарту – 12 бірлікті құрайды (оның ішінде: қандастар – 3, қоныс аударушылар – 9).

3) шетелдікке немесе азаматтығы жоқ адамға өз бетінше жұмысқа орналасу үшін біліктілігінің сәйкестігі туралы анықтама беру немесе ұзарту - өтініштер түскен жоқ;

4) жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру немесе ұзарту – 1176 бірлік, 179 негізделген бас тарту.

Анықтама:

Мемлекеттік қызмет ақылы негізде көрсетіледі. Рұқсат бергені үшін көрсетілетін қызметті алушылардан 12 АЕК-тен 250 АЕК-ке дейінгі салық алымы алынады.

Көрсетілетін қызметті алушылар 2024 жылы 191,6 млн. теңге сомасында салық алымын төледі.

Қызметтер уақтылы және сапалы көрсетілді. Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша көрсетілетін қызметті алушылар тарапынан шағымдар мен ескертулер жоқ.

Мемлекеттік қызметтер көрсету туралы ақпарат электрондық қызметтер Орталығының ресми интернет-ресурсында орналастырылған.

Дата публикации
14 марта 2025
Дата обновления
14 марта 2025
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Бағыттар
16 мая 2025
Перечень должностей, подверженных коррупционным рискам
Бағыттар
16 мая 2025
Карта коррупционных рисков ВКО
Бағыттар
16 мая 2025
Картограмма коррупции

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы