Меню
Страницы
Статья
Шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат алу үшін
1. Egov.kz веб-сайтына өтіп, «Кіру немесе тіркелу» опциясынан логин немесе тіркеуді таңдаңыз.
2. «Электрондық лицензиялауды» таңдаңыз.
3. «Еңбек көші-қоны» қойындысын таңдаңыз
4. «Жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат беру немесе ұзарту» мемлекеттік қызметін таңдаңыз.
5. Мемлекеттік қызметтің қажетті ішкі түрін таңдап, «Қызметке онлайн тапсырыс беру» түймесін басыңыз.
6. Өтінішті толтыру, қажетті деректерді көрсетіп ЭЦҚ арқылы қол қою қажет.
7. Жеке кабинетте «Менің өтініштерім» бөлімінде берілген өтініштің нәтижесі туралы хабарлама орналастырылған.
8. Жеке кабинетте «Менің хабарламаларым» бөлімінде өтінішті қарау нәтижелері туралы хабарлама орналастырылған.
9. Мемлекеттік қызметке төлемнің деректемелерін толтырып, төлем құжатын тіркеп, ЭЦҚ қол қояды.
- Қызметті көрсету нәтижесі – шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат – жеке кабинетте «Менің рұқсат беретін құжаттарым» бөлімінде орналасқан.
Дата публикации
15 марта 2024
Дата обновления
15 марта 2024
Сейчас читают
Социальные медиа
Меню подвал