1) еркін нысанда жазылған өмірбаян;
2) сіздің және отбасы мүшелеріңіздің (бар болса) жеке басын куәландыратын құжаттардың көшірмелері, қазақ немесе орыс тілдеріне нотариалды куәландырылған аудармасымен (туу туралы куәліктер, шетелдік паспорт, азаматтығы жоқ адамның куәлігі немесе ұлтыңызды растайтын шыққан елдің арнаулы органдарының басқа да ресми құжаттары);
3) сіздің Қандас мәртебесін беру немесе ұзарту Қағидалардың 2-тармағының 18) тармақшасында көзделген шарттарға сәйкестігіңізді белгілейтін құжаттардың көшірмелері (18) тармақшада этникалық қазақ – ұлты қазақ шетелдік немесе азаматтығы жоқ адам).
5. Халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы орган (ШҚО жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы) Сіздің қандас мәртебесін беру туралы шешімде көрсетілген қоныстандыру аймағына келген күннен кейін үш жұмыс күні ішінде бейімдеу мен интеграциялаудың жеке жоспарына қол қояды және қандас куәлігін береді.