Меню

Страницы

Статья

2023 жылы «Парыз» бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі республикалық конкурсты өткізу қорытындысы

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жыл сайын бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі «Парыз» конкурсының лауреаттарын марапаттау рәсімін өткізеді.
«Парыз» бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі конкурсы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 23 қаңтардағы № 523 Жарлығына сәйкес жұмыс берушілерді бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін дамытуға ынталандыру мақсатында жергілікті атқарушы органдар «Парыз» республикалық конкурсына ірі, орта және шағын бизнес субъектілерінің қатысуын жандандыру бойынша жұмыс жүргізуде.
2008 – 2023 жылдар аралығында Шығыс Қазақстан облысы бойынша «Парыз» байқауға 683 шағын, орта және ірі бизнес кәсіпорындары қатысты.
2023 жылы ШҚО бойынша конкурсқа қатысуға 32 шағын, орта және ірі бизнес кәсіпорындарынан 33 өтінім берілді.
ШҚО-дан «Парыз» конкурсының лауреаттары атағын беру жөніндегі республикалық комиссияның шешімі бойынша конкурс лауреаттары атанды:
- «Жылдың үздік әлеуметтік жобасы» номинациясында «Казцинк» ЖШС (Өскемен қ.) ірі бизнес субъектілері санатында бірінші орын алды,
- «Еңбекті қорғау саласындағы үздік кәсіпорын» номинациясында «Выдрихинское» ЖШС (Шемонаиха ауданы) бірінші орын алды,
- «Экологияға қосқан үлесі үшін» номинациясы бойынша екінші орын – «OstFish» ЖШС (Ұлан ауданы).
«Парыз» конкурсының лауреаттарын марапаттау рәсімі 2023 жылғы 12 желтоқсанда Астана қаласында Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкімет мүшелерінің және 2023 жылғы конкурс лауреаттарының қатысуымен өтті.

Дата публикации
20 февраля 2024
Дата обновления
20 февраля 2024
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Бағыттар
16 мая 2025
Перечень коррупционных рисков
Бағыттар
16 мая 2025
Картограмма коррупции
Бағыттар
16 мая 2025
Перечень должностей, подверженных коррупционным рискам

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы