Меню

Страницы

Статья

Мүгедектерді әлеуметтік қолдау туралы

Шығыс Қазақстан облысында мүгедектігі бар 27,6 мың адам (бұдан әрі - МБА) тұрады, оның ішінде: I топ - 2,7 мың адам, II топ – 11,6 мың адам, III топ – 10,5 мың адам, мүгедектігі бар балалар саны - 2,8 мың.

Облыста мүгедектігі бар адамдарды қолдау жүйесін жақсарту 2025 жылға дейін мүгедектігі бар адамдардың құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі ұлттық жоспарды іске асыру шеңберінде жүргізіледі.

2021 жылғы 1 қаңтардан бастап оңалтудың жеке бағдарламаларына (бұдан әрі - ОЖБ) сәйкес МБА - ды оңалтудың техникалық құралдарымен немесе қызметтерімен (ымдау тілі, жеке көмекші, санаторий-курорттық емдеу) қамтамасыз ету МБА-ға оңалтудың техникалық құралдары мен қызметтерін дербес таңдауға мүмкіндік беретін Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы жүзеге асырылады.

Ағымдағы жылдан бастап мемлекеттік сатып алу арқылы балама көзделген (порталда өнім берушілер болмаған жағдайда, ОТҚ-ға кепілдендірілген құн болмаған жағдайда, МБА қалауы бойынша).

2022 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес, мұқтаждардың жалпы санынан мүгедектігі бар адамдардың 92,5% - ы қамтамасыз етілді (барлығы 11901 өтініш, 11004 қамтамасыз етілді). 2022 жылға арналған жоспар-85%.

2022 жылы 2,1 млрд. теңге бекітілді.

Кедергісіз орта құру үшін халықтың аз мобильді топтарына 2025 жылға дейін жыл сайын 721 нысанды 20% - дан жабдықтау жоспарланған, оның ішінде 2021 ж. жоспарланған 126-дан (27,5%) 198 нысан бейімделген.

2022 жылы 79,7 млн.теңге сомасына 147 объектіге арналған «Кедергісіз келешек» партиялық жобасын іске асыру шеңберінде ерекше қажеттіліктері бар адамдар үшін әлеуметтік инфрақұрылым объектілерін бейімдеу жөніндегі жоспар бекітілді.

Жоспарланған 147 нысанның бүгінгі күні 132-сі (45,7%) бейімделген.

Сондай-ақ, облыста жүріп-тұруы қиын 253 мүгедектігі бар адамды тасымалдау қызметімен қамтамасыз ететін «Инватакси» қызметінің 7 автомашинасы жұмыс істейді. 2022 жылы осы мақсаттар үшін 31,3 млн.теңге бөлінді.

 

Дата публикации
14 декабря 2022
Дата обновления
14 декабря 2022
Тип
Баспасөз релиздері

Сейчас читают

Бағыттар
16 мая 2025
Перечень должностей, подверженных коррупционным рискам
Бағыттар
16 мая 2025
Карта коррупционных рисков ВКО
Бағыттар
16 мая 2025
Картограмма коррупции

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы