2022 жылдың 1 қыркүйегінен бастап азаматтарға уәкілетті органдарға хабарласпай-ақ әлеуметтік көмек алуға мүмкіндік беретін «Отбасының цифрлық картасы» ресурсын пилоттық режимде енгізу басталды.Отбасының цифрлық картасын құру және толтыру үшін қажетті мәліметтерді алу үшін мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерімен интеграция қамтамасыз етілген.Отбасының цифрлық картасы интеграцияланған ақпараттық жүйелер арқылы отбасылардың әлеуметтік портретін (олардың өтінішінсіз) жасауға және отбасының материалдық жағдайын, оның әлеуметтік мәртебесін, табысын, өмір сүру деңгейі мен әл-ауқатын анықтауға мүмкіндік береді; өңірдің және тұтастай алғанда елдің әлеуметтік портретін жасауға және бюджет қаражатын тиімді басқаруға мүмкіндік береді.Жоба кезең кезеңімен іске асырылатын болады:2022 жылғы 1 қыркүйектен бастап-жәрдемақылар мен әлеуметтік төлемдердің 9 түрі бойынша қызметтерді жаңа форматта алу мүмкіндігі ұсынылды:- баланың тууы бойынша әлеуметтік төлем;- бала күтімі бойынша әлеуметтік төлем;- мүгедек бала күтімі бойынша жәрдемақы;- мүгедектік бойынша жәрдемақы;- жұмыссыздық бойынша әлеуметтік төлем;- асыраушысынан айрылу бойынша әлеуметтік төлем;- көпбалалы отбасыларға берілетін жәрдемақы;- Күміс алқа немесе Алтын алқамен марапатталғандарға берілетін жәрдемақы;- атаулы әлеуметтік көмек.2023 жылғы 1 қаңтардан бастап- әлеуметтік қорғау (зейнетақы төлемдері) саласындағы қызметтермен тізбесі кеңейтілетін болады;2024 жылғы 1 қаңтардан бастап – денсаулық сақтау және білім беру салаларындағы мемлекеттік кепілдіктер енгізілетін болады;2025 жылдан бастап – мемлекеттік кепілдіктердің барлық түрлері қамтылатын болады.