Кәсіпкерлікті дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жобасы

Кәсіпкерлікті дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жобасы шағын және орта бизнестің бәсекеге қабілетті секторын қалыптастыруға, кәсіпкерлердің экономикалық белсенділігін арттыруға және кәсіпкерлік субъектілері үшін тең жағдайлар жасауға бағытталған.

Сіздердің назарларыңызға жұмыс берушілерге арналған әдістемелік нұсқаулықты ұсынамыз. Әдістемелік нұсқаулықта кәсіпкерлерді қолдаудың барлық мәселелері, оның ішінде «жастар» санаттары көрсетілген:

Бірінші блокта субсидияланатын жұмыс орындарын ұйымдастыруға қатысу және кәсіпкерлердің қажеттіліктеріне қызметкерлердің дағдыларын дамыту мүмкіндіктері туралы ақпарат беріледі: жұмыс берушілердің бюджеттен субсидияланатын жұмыс орындарын ұйымдастыруға қатысуы (жастар практикасы, әлеуметтік жұмыс орындары, қоғамдық жұмыстар, «бірінші жұмыс орны», «ұрпақтар келісімшарты» және «күміс жас» жобалары), ал сондай-ақ, жұмыс берушілердің сұранысы бойынша және жұмыс берушінің жұмыс орнында кадрларды қысқа мерзімді кәсіптік оқыту арқылы кәсіпкерлік қажеттіліктеріне дағдыларды дамыту.

Сонымен қатар, skills.enbek.kz порталында сұранысқа ие дағдыларды онлайн оқыту бойынша ақпарат ұсынылады.

Екінші блок өз бизнесін ашу және дамыту үшін жағдай жасау бойынша ақпарат береді: несиені немесе грантты одан әрі алу үшін «Бастау Бизнес» жобасы бойынша кәсіпкерлік негіздеріне өтеусіз оқыту; бизнес-идеяларды іске асыру үшін гранттар алу арқылы халықтың әлеуметтік осал топтарына өз бизнесін ашу және дамыту мүмкіндіктері; жастар үшін жылдық 2,5% жеңілдетілген кредиттерді алу стартапты іске асыру немесе бизнесті кеңейту. 

Әдістемелік басшылық кәсіпкерлер іс – әрекетінің барлық кезеңдерін көрсетеді: қайда жүгінуге болады, өтініш нысаны, қандай құжаттар ұсынылады, мемлекеттік қолдаудың нысандары мен өлшемдері, жұмыс берушінің қатысу шарттары мен міндеттемелері, кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобаға қатысушы-кәсіпкер үшін аяқталу нысаны немесе түпкілікті нәтиже.

Дата публикации
18 августа 2023