Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары –Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 22 маусымдағы №236 бұйрығымен (ҚР ӘМ 2023 жылғы 23 маусымда №32887 болып тіркелген, ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі, 29.06.2023 ж.) Өз бетінше жұмысқа орналасуы үшін шетелдікке немесе азаматтығы жоқ адамға біліктілігінің сәйкестігі туралы анықтама беру немесе ұзарту қағидалары және аталған мемлекеттік қызметті көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі бекітілгенін хабарлаймыз.
Бұйрық 2023 жылғы 1 шілдеден бастап күшіне енді.