2025 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша облыс бойынша атаулы әлеуметтік көмек 1066 аз қамтылған отбасыға (5003 адам, соның ішінде 3223 бала) көрсетілді. Атаулы әлеуметтік көмек алушылардың табысын арттыру мақсатында түрлі әлеуметтік бағдарламалар тетіктері қолданылуда (қайтарымсыз гранттар беру, жастарды жеңілдетілген несиелеу, «Ауыл аманаты» бағдарламасы арқылы несиелеу). Нәтижесінде атаулы әлеуметтік көмек алушылардың саны 2024 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 3063 адамға немесе 38%-ға азайды (2024 жылғы 1 қазанында – 1690 отбасы / 8066 адам).