Тұрғын үй сертификаттарын ұсыну туралы
жаңалықтар
Қазақстан Республикасы Өнеркәсіп және құрылыс министрінің м.а. 2024 жылғы 9 қыркүйектегі № 320 бұйрығымен (ҚР ӘМ 2024 жылғы 12 қыркүйекте № 35046 болып тіркелген, ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі, 16.09.2024 ж.) «Тұрғын үй сертификаттарын беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 20 маусымдағы № 417 бұйрығына өзгерістер енгізілгенін хабарлаймыз.
Тұрғын үй сертификаттары ипотекалық бағдарламада, тұрғын үй құрылысы бағдарламасында немесе «Наурыз» тұрғын үй бағдарламасында көзделген тәртіпте тұрғын үй алу кезінде Тізбеге сәйкес келетін өтініш берушілерге беріледі.
Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті өкілді органдары (мәслихаттар) Заңның 14-1-бабының 2-тармағына сәйкес тұрғын үй сертификаттарының мөлшерін және алушылар санатының тізбесін айқындайды.
Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі 3 (үш) жұмыс күн.
Мемлекеттік қызмет тек қана www. egov. kz «электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы көрсетіледі.
Шығыс Қазақстан облысының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы тұрғын үй сертификаттарын беру Қалалар мен аудандардың жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдері арқылы жүзеге асырылатындығы туралы хабарлайды, өйткені облыс бюджетінде тұрғын үй сертификаттарын беруге қаражат көзделмеген.
«Әлеуметтік-еңбек саласында мемлекеттік қызметтерді көрсетудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2021 жылғы 25 наурыздағы № 84 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің м.а. 2024 жылғы 3 мамырдағы № 129 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2024 жылғы 6 мамырда № 34342 болып тіркелді
Осы "Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысуға жолдамалар беру" мемлекеттік қызметін көрсету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және "Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысуға жолдамалар беру" мемлекеттік қызметін көрсету (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет) тәртiбiн айқындайды.
Мемлекеттік қызметті мансап орталығы (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) жұмыс іздеуші адамдарға, жұмыссыздарға, тоқтап тұруға байланысты жұмыспен қамтамасыз етілмеген адамдарға, қандастарға, оқудан бос уақытта студенттер мен жалпы білім беретін мектептердің жоғары сынып оқушыларына (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) осы Қағидаларға сәйкес көрсетеді.
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру:
1) көрсетілетін қызметті беруші;
2) www.egov.kz "Электрондық үкімет" веб-порталы (бұдан әрі – Портал);
3) "Электрондық еңбек биржасы" мемлекеттік ақпараттық порталы (бұдан әрі – Электрондық еңбек биржасы) (www.enbek.kz) арқылы жүзеге асырылады.
Көрсетілетін қызметті алушы халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысуға жолдама алу үшін көрсетілетін қызметті берушіге не Порталға немесе Электрондық еңбек биржасына осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес "Жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысуға жолдамалар беру" мемлекеттік қызметін көрсетуге негізгі талаптардың тізбесінде (бұдан әрі – тізбе) көрсетілген құжаттарды қоса бере отырып, осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш беру арқылы жүгінеді.
Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының құжаттарымен танысады, олардың толықтығын тексереді және ұсынылған құжаттарда көрсетілген мәліметтердің дұрыстығын зерделейді.
Жеке басты куәландыратын құжаттың, еңбек қызметін растайтын құжаттың, білім туралы құжаттың мәліметтерін көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті беруші "Электрондық үкімет" шлюзі арқылы мемлекеттік органдардың тиісті ақпараттық жүйелерінен алады.
Мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып, қызмет көрсету процесінің сипаттамаларын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі тізбеде келтірілген.
Құжаттарды қараудың және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін берудің жалпы мерзімі көрсетілетін қызметті беруші құжаттар топтамасын қабылдаған және тіркеген күннен бастап 1 (бір) жұмыс күнін құрайды.
Көрсетілетін қызметті алушы құжаттарды Портал немесе Электрондық еңбек биржасы арқылы тапсырған кезде – оның "жеке кабинетінде" мемлекеттік қызмет нәтижесін алу күнін көрсете отырып, мемлекеттік қызмет көрсету туралы сұраныс қабылданғаны туралы мәртебесі көрсетіледі.
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі автоматты түрде мемлекеттік көрсетілетін қызметті берушінің немесе оған уәкілетті тұлғаның электрондық цифрлық қолтаңбасымен қол қойылған электрондық құжат нысанында "жеке кабинетке" жіберіледі.
Көрсетілетін қызметті алушы тізбеге сәйкес құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттарды ұсынғанда көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыға осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішті қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.
Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту себептерін жойған жағдайда көрсетілетін қызметті алушы осы Қағидаларда көзделген тәртіппен мемлекеттік қызметті алу үшін қайта жүгінеді.
Көрсетілетін қызметті беруші құжаттарды қарау нәтижелері бойынша олар мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесіне сәйкес келген жағдайда, адамдарға жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысуға тиісті жолдаманы:
- осы Қағидаларға 4 немесе 5-қосымшаларға сәйкес кәсіптік оқытуға жолдаманы;
- осы Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес субсидияланатын жұмыс орнына жолдаманы;
"Қандастар мен қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі міндетін атқарушының 2016 жылғы 15 қаңтардағы № 20 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2024 жылғы 31 мамырдағы № 173 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2024 жылғы 4 маусымда № 34452 болып тіркелді
БҰЙЫРАМЫН:
кіріспе жаңа редакцияда жазылсын:
"Халықтың көші-қоны туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 4-5) тармақшасына және "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:";
1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
"1. Осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес Қандастар мен қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу қағидалары бекітілсін.";
1-қосымша осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген бұйрықтың 2-қосымшасы алып тасталсын.
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды;
4) жұмыста басшылыққа алу үшін осы бұйрықты облыстар және Астана, Алматы және Шымкент қалалары әкімдіктерінің назарына жеткізуді қамтамасыз етсін.
|
Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі |
С. Жакупова |
|
|
|
2024 жылғы 31 мамырдағы |
|
|
|
Қазақстан Республикасы |
|
Қандастар мен қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтерді көрсету үшін, "бір терезе" қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштерді қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, мемлекеттік қызметтерді электрондық нысанда көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған заңды тұлға;
2) көрсетілетін қызметті алушы – Қазақстан Республикасының орталық мемлекеттік органдарын, шет елдердегі мекемелерін, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарын, қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдерін қоспағанда, жеке және заңды тұлғалар;
3) қандас – бұрын Қазақстан Республикасының азаматтығында болмаған, халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті орган белгілеген тәртіппен тиісті мәртебе алған этникалық қазақ және (немесе) оның ұлты қазақ отбасы мүшелері;
4) қандастарды қабылдаудың өңірлік квотасы-Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған өңірлерге тұрақты тұру үшін келетін, Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне сәйкес жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысушыларға көзделген мемлекеттік қолдау шараларымен қамтамасыз етілетін қандастардың немесе қандастардың және олардың отбасы мүшелерінің шекті саны;
5) қоныс аударушы-ерікті қоныс аударуды көздейтін Қазақстан Республикасының Көші-қон саласындағы заңнамасына сәйкес қоныс аударушылар мен қандастарды қабылдаудың өңірлік квоталары шеңберінде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған өңірлерге қоныс аударған ішкі көшіп-қонушы;
6) қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасы-Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған өңірлерге тұрақты тұру үшін келетін, Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне сәйкес жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысушыларға көзделген мемлекеттік қолдау шараларымен қамтамасыз етілетін қоныс аударушылардың немесе қоныс аударушылардың және олардың отбасы мүшелерінің шекті саны;
7) мансап орталығы – аудандарда, облыстық және Республикалық маңызы бар қалаларда, астанада оның функцияларын орындауды жүзеге асыратын еңбек мобильділігі орталығының филиалы;
8) халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы орган – халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту саласындағы бағыттарды айқындайтын облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органы;
9) "электрондық үкіметтің" веб-порталы – нормативтік құқықтық базаны қоса алғанда, барлық шоғырландырылған үкіметтік ақпаратқа және мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосылуға техникалық шарттар беру жөніндегі көрсетілетін қызметтерге және электрондық нысанда көрсетілетін квазимемлекеттік сектор субъектілерінің көрсетілетін қызметтеріне қол жеткізудің бірыңғай терезесі болып табылатын ақпараттық жүйе;
10) этникалық қазақ – ұлты қазақ шетелдік немесе азаматтығы жоқ адам.
2-тарау. Қандастарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу тәртібі
1) Әлеуметтік кодекстің 112-бабы 3-тармағы 2) тармақшасында айқындалған өңірлердің халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы органдарына (бұдан әрі – Көрсетілетін қызметті беруші);
2) "Migration.enbek.kz" порталы;
3) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі - Мемлекеттік корпорация) арқылы;
4) "электрондық үкіметтің" веб-порталы (бұдан әрі - веб-портал) арқылы жүзеге асырылады.
Өтінішті қабылдаған мемлекеттік корпорацияның маманы қандастарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу үшін өтініш берушіден қабылданатын құжаттар топтамасының толықтығын тексереді, осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесіне сәйкес өтініш беруші ұсынған құжаттардың электрондық көшірмелерін қайта жаңғырту сапасын және олардың түпнұсқаларға сәйкестігін қамтамасыз етеді, өзінің ЭЦҚ арқылы куәландырады, одан кейін құжаттардың түпнұсқаларын өтініш берушіге қайтарады.
Мемлекеттік корпорация арқылы жүгінген кезде көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын, сондай-ақ қолданылу мерзімі өткен құжаттарды толық ұсынбаған жағдайда, Мемлекеттік корпорацияның маманы өтінішті қабылдаудан бас тартады және осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.
Өтінішті қабылдаған Мемлекеттік корпорация маманы өтініш берушіге құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат береді.
Қандастарды қабылдау жөніндегі комиссия этникалық қазақтардың өтініштері мен құжаттарын қарау кезінде олардың заңда белгіленген талаптарға сәйкестігін тексереді.
Көрсетілетін қызметті алушының қарсылығын алдын ала шешім бойынша көрсетілетін қызметті беруші оны алған күннен бастап екі жұмыс күнінен кешіктірмей қабылдайды.
Тыңдау нәтижелері бойынша жергілікті атқарушы орган қандастарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу туралы шешім қабылдайды немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тартуды қалыптастырады.
Құжаттарды Мемлекеттік корпорация арқылы берген кезде қандастарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу туралы шешімді көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі аяқталғанға дейін бір тәуліктен кешіктірмей өтініш берушіге одан әрі беру үшін Мемлекеттік корпорацияға жібереді.Көрсетілетін қызметті алушы портал арқылы жүгінген кезде көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" қандастарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу туралы хабарлама не қандастарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу жөніндегі бас тарту туралы шешім жібереді.
3-тарау. Қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу тәртібі
Шығу өңірлерінен қоныс аударушылар қабылдау өңірлеріне өз бетінше келген және онда алты айдан аспай тұратын, сондай-ақ "Мәңгілік ел жастары- индустрияға!" жобалары шеңберінде түлектер ("Серпін") және "Жарқын болашақ" оқу орнынан шыққаннан кейін алты ай ішінде, қоныс аударушыларды қабылдау өңірінде тіркелу уақытына қарамастан, осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінің 8-тармағында көрсетілген құжаттарды қоса бере отырып, осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес мансап орталықтарына бағалауға өтініш береді.
Мемлекеттік қызметті көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесінде көзделген құжаттардың толық топтамасын берген кезде көрсетілетін қызметті алушы осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізуге арналған өтінішті қабылдағаны туралы хабарлама алады.
Бұл ретте "Migration.enbek.kz" немесе веб-портал порталы арқылы өтініш берген кезде көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" мемлекеттік қызмет көрсету үшін сұрау салуды қабылдау туралы мәртебені көрсетеді.
Өңірлердің мансаптық орталықтары өтініш келіп түскен күннен бастап екі жұмыс күні ішінде қоныс аударушылардың тізімін Халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы органға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) жібереді.
Жұмыспен қамту жөніндегі комиссия қоныс аударушылардың өтініштері мен құжаттарын қарау кезінде олардың Әлеуметтік Кодекстің 112-бабының 1 және 2-тармақтарында белгіленген талаптарға сәйкестігін тексереді.
Көрсетілетін қызметті алушының қарсылығын алдын ала шешім бойынша көрсетілетін қызметті беруші оны алған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде қабылдайды.
Тыңдау нәтижелері бойынша жергілікті атқарушы орган қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу туралы шешім қабылдайды немесе Мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тартуды қалыптастырады.
Мансап орталықтары 1 (бір) жұмыс күні ішінде "Еңбек нарығы" ААЖ арқылы көрсетілетін қызметті алушыға қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу туралы шешімді не өтініш беру тәсіліне қарай қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу жөніндегі бас тарту туралы шешімді жібереді.
4-тарау. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдерге, әрекеттерге (әрекетсіздікке) шағымдану тәртібі
|
|
Қандастар мен қоныс |
|
|
Нысан |
Қандастарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу туралы өтініш
__________________________________________________________________
(Көрсетілетін қызметті берушінің атауы)
Мені/мені және менің отбасы мүшелерімді қандастарды қабылдаудың өңірлік квотасына қосуды сұраймын
|
ЖСН |
|
|
Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) |
|
|
Туған күні |
|
|
Жынысы |
|
|
Тұрғылықты мекенжайы |
|
Менің Қазақстан Республикасының азаматы болып табылмайтын келесі отбасылық құрам бар (қажет болған жағдайда толтырылады): зайыбы (жұбайы), өтініш берушінің ата-аналары, балалары (оның ішінде асырап алған), аға-інілері мен апа-сіңлілері (аға-қарындастары).
|
ЖСН |
Тегі, Аты, Әкесінің аты (бар болса) |
Туыстық дәрежесі |
Туған күні |
Азаматтық |
Ұлты |
|
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
|
|
|
|
|
|
|
Өтінішке мынадай құжаттарды қоса беремін/:
_____________________________________________________________;
Осымен "Қандастарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу" мемлекеттік қызметінің көрсету үшін қажетті менің дербес деректерімді жинауға және өңдеуге өз келісімімді беремін.
20 ___ж. "___" ___________ ____________________________________
(өтініш берушінің қолы)
___________________________________________________________
(Құжаттарды қабылдаған адамның тегі,аты, әкесінің аты (бар болса), лауазымы)
|
|
Қандастар мен қоныс |
|||
|
"Қандастар мен қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу қағидалары" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі Мемлекеттік көрсетілетің қызметтің кіші түрінің атауы: 1) Қандастарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу 2) Қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу |
|
|||
|
1 |
Көрсетілетін қызметті берушінің атауы |
Әлеуметтік кодекстің 112-бабы 3-тармағының 2) тармақшасында айқындалған өңірлердің халқын әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы орган |
|
|
|
2 |
Мемлекеттік қызмет көрсету тәсілдері |
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметтің көрсету нәтижесін беру мыналар арқылы жүзеге асырылады: 1) ақпараттандыру обьектісі "Migration.enbek.kz" порталы; 2) Әлеуметтік кодекстің 112-бабы 3-тармағының 2)тармақшасында айқындалған әлеуметтік қорғау және халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы орган; 3) Мемлекеттік корпорация; 4) веб-портал. Қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасына қосылған кезде, қосымша: 1) Әлеуметтік кодекстің 112-бабы 3-тармағының 2) тармақшасында айқындалған өңірлердің мансаптық орталықтары; |
|
|
|
3 |
Мемлекеттік қызметтің көрсету мерзімі |
14 жұмыс күні ішінде. Құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты: көрсетілетін қызметті берушіде – 30 минут, Мемлекеттік корпорацияда – 15 минут. Көрсетілетін қызметті берушіде қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 30 минут, Мемлекеттік корпорацияда – 20 минут |
|
|
|
4 |
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін көрсету және ұсыну нысаны |
Қағаз / электрондық (ішінара автоматтандырылған) |
|
|
|
5 |
Мемлекеттік қызметтің көрсету нәтижесі |
Қандастарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу туралы не бас тарту туралы шешім. Қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу туралы не бас тарту туралы шешім. веб-портал арқылы жүгінген кезде мемлекеттік көрсетілетін қызметтің көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті берушінің лауазымды адамының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" жіберіледі. |
|
|
|
6 |
Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері |
Мемлекеттік қызмет жеке тұлғаларға тегін көрсетіледі. |
|
|
|
7 |
Жұмыс кестесі |
1) көрсетілетін қызметті берушіде – өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін берусағат 9.00-ден 17.00-ге дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін. 2) Мемлекеттік корпорацияда – Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметтердің дайын нәтижелерін беру мемлекеттік корпорация арқылы дүйсенбіден жұманы қоса алғанда сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін үзіліссіз жүзеге асырылады, мемлекеттік корпорацияның халыққа қызмет көрсету кезекші бөлімдерінде дүйсенбіден жұманы қоса алғанда сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін және сенбі күні сағат 9.00-ден 13.00-ге дейін, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес мереке және демалыс күндерінен басқа. 3) Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелерінде өтінішті қабылдау демалыс және мереке күндерінен басқа дүйсенбі, сейсенбі, бейсенбі және жұма күндері сағат 09:30-дан 12:30-ға дейін, ал мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру сағат 16:00-ден 17:00-ге дейін. Сәрсенбі қабылдау күні емес. Ыстық және ылғалды климаты бар шет мемлекеттерде жұмыс кестесі жергілікті жағдайларға байланысты белгіленеді. Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылған www.gov.kz. 4) веб-порталда – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы |
|
|
|
8 |
Мемлекеттік қызметтің көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі |
Қандастарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу үшін: 1) өтініш берушінің және оның отбасы мүшелерінің (бар болса) жеке басын куәландыратын құжат (сәйкестендіру үшін) оның ішінде Цифрлық құжаттар сервисінен; 2) неке немесе некені бұзу туралы куәліктің көшірмесі (бар болса); 3) белгілі бір мамандық бойынша білімін, біліктілігін және жұмыс тәжірибесін растайтын құжаттардың көшірмелері (бар болса) не еңбек кітапшасы (бар болса) немесе жұмыс орнынан анықтама. Көрсетілетін қызметті берушілер цифрлық құжаттарды іске асырылған интеграция арқылы цифрлық құжаттар сервисінен веб-порталда тіркелген пайдаланушының ұялы байланысының абоненттік нөмірі арқылы бір реттік парольді беру арқылы немесе веб-порталдың хабарламасына жауап ретінде қысқа мәтіндік хабарлама жіберу арқылы ұсынылған құжат иесінің келісімі болған жағдайда алады. Қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу үшін: 1) қоныс аударушының және оның отбасы мүшелерінің жеке басын куәландыратын құжаттардың көшірмелері (бар болса), оның ішінде Цифрлық құжаттар сервисінен; 2) неке немесе некені бұзу туралы куәліктің көшірмесі (бар болса); 3) белгілі бір мамандық бойынша білімін, біліктілігін және жұмыс тәжірибесін растайтын құжаттардың көшірмелері (бар болса) не еңбек кітапшасы (бар болса) немесе жұмыс орнынан анықтама. Көрсетілетін қызметті беруші цифрлық құжаттарды "электрондық үкімет" веб-порталында тіркелген пайдаланушының ұялы байланысының абоненттік нөмірі арқылы бір реттік парольді беру арқылы немесе "электрондық үкімет" веб-порталының хабарламасына жауап ретінде қысқа мәтіндік хабарлама жіберу арқылы ұсынылған құжат иесінің келісімі болған жағдайда, іске асырылған интеграция арқылы цифрлық құжаттар сервисінен алады. 4) "Мәңгілік ел жастары-индустрияға!" ("Серпін") және "Жарқын Болашақ" аталған жобаға қатысқандарын растайтын оқу орны бар анықтаманы ұсынады. |
|
|
|
9 |
Қазақстан Республикасының заңында белгіленген мемлекеттік қызметтің көрсетуден бас тарту үшін негіздер |
Қандастарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізуден бас тартудың негізі "Көші-қон туралы" Заңның 20-бабында көзделген мынадай шарттар болып табылады. 1) үміткерлердің "Көші-қон туралы" Заңның 1-бабының 13) тармақшасында белгіленген шарттарға сәйкес келмеуі, атап айтқанда қандас – бұрын Қазақстан Республикасының азаматтығында болмаған, халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті орган белгілеген тәртіппен тиісті мәртебе алған этникалық қазақ және (немесе) оның ұлты қазақ отбасы мүшелері; 2) этникалық қазақ мемлекеттік қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) анық еместігінің анықталуы; 3) қандас мәртебесін беру және (немесе) қандастарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу туралы өтініш жасаған этникалық қазақтардың Қазақстан Республикасының аумағында құқық бұзушылықтар жасағаны туралы әшкерелейтін мәліметтердің және олардың террористік немесе экстремистік ұйымдарға жататындығы туралы өзге де ақпараттың болуы; 4) этникалық қазақтың "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге берілетін келісімінің болмауы; 5) қандастарды аумақтық-әкімшілік бірлікте қабылдаудың өңірлік квотасының болмауы немесе этникалық қазақтың қоныстандыру үшін ұсынылған аумақтық-әкімшілік бірліктен бас тартуы. Қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу бойынша бас тарту үшін негіздер: 1) ұсынылған құжаттарда қамтылған деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау; 2) қоныс аударушының өтінішінде көрсетілген аумақтық-әкімшілік бірлікте қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасының болмауы; 3) егер өтініш беруші бұрын қоныс аударушылар қабылдаудың өңірлік квотасына енгізілген жағдайда; 4) "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес шектеулі қолжетімділіктің дербес деректеріне қол жеткізуге ұсынылатын қоныс аударушының келісімінің болмауы; 5) Егер өтініш беруші бұрын қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізілген жағдайда; |
|
|
|
10 |
Мемлекеттік қызметтің көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілетін өзге де талаптар |
Заңнамада белгіленген тәртіппен өзіне-өзі қызмет көрсету, өз бетінше жүріп-тұру, бағдарлану қабілетін немесе мүмкіндігін толық немесе ішінара жоғалтқан өтініш берушілерге мемлекеттік қызметті көрсету үшін құжаттарды қабылдауды Мемлекеттік корпорацияның қызметкері тұрғылықты жеріне барып 1414 Бірыңғай байланыс орталығы арқылы жүгіну арқылы жүргізеді. Цифрлық құжаттар қызметі мобильді қосымшада авторизацияланған пайдаланушылар үшін қол жетімді. Субъект цифрлық құжатты пайдалану үшін электрондық-цифрлық қолтаңбаны немесе бір реттік парольді пайдалана отырып, мобильді қосымшада авторизациядан өтуі, бұдан әрі "цифрлық құжаттар" бөліміне өту және қажетті құжатты таңдауы қажет. |
|
|
|
|
Қандастар мен қоныс |
|||
|
|
Нысан |
|||
Құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат
"Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі
Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабының 2-тармағын басшылыққа ала отырып,
"Азаматтарға арналған үкімет мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес
акционерлік қоғамы филиалының №___ бөлімі, Халықты әлеуметтік қорғау және
жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы орган
______________________________________________________,
__________________________________________________
Мемлекеттік қызметтің көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың көзделген тізбесіне
сәйкес қолданылу мерзімі өткен құжаттар және (немесе) құжаттар топтамасы сіздің
толық ұсынбағаныңызға байланысты мемлекеттік көрсетілетін қызметтің көрсетуге
құжаттарды қабылдаудан бас тартады, атап айтқанда:
құжаттардың атауы:
1) _____________________________________ ;
2)______________________________________;
Осы қолхат әр тарап үшін бір-бірден 2 данада жасалды.
____________________________________________________________

(Қызметкердің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), қолы)
Орындаушы: ________________________________________________
(Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
Телефон _________________
Алды: __________________________________ _____________________
Көрсетілетін қызметті алушының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)/қолы
"___" _________ 20___ жыл
Басшының ЭЦҚ
|
|
Қандастар мен қоныс |
|
|
Нысан |
Қандастарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу туралы шешім "___" _____ 20___ жылғы № _______ _____________________________________________________________________ (Жергілікті атқарушы орган)
Халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы орган қандастарды қабылдау жөніндегі комиссияның ұсынымына сәйкес, "Халықтың көші-қоны туралы" 2011 жылғы 22 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қандастарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу жөнінде оң шешім қабылдады:
|
Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) |
|
|
Туған күні |
|
|
Жынысы |
|
|
Тұрғылықты мекенжайы |
|
Отбасы мүшелері (бар болса):
|
ЖСН |
Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) |
Туған күні |
Жынысы |
Туыстық қатынас |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Басшының ЭЦҚ
|
|
Қандастар мен қоныс |
|
|
Нысан |
Қандастарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізуден бас тарту туралы шешім
20__ ж. "__" ________ № _____________ __________________________________________________________________ (Жергілікті атқарушы орган)
|
1 |
Өтініш нөмірі |
|
|
2 |
Мәртебесі |
|
|
3 |
Өтініш түрі |
|
|
4 |
Қабылдау күні |
|
|
5 |
Орындалу күні |
|
Көрсетілетін қызметті алушы туралы мәліметтер:
|
№ |
ЖСН |
Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) |
Туған күні |
Жынысы |
Туыстық дәрежесі |
|
1 |
|
|
|
|
|
|
2 |
|
|
|
|
|
___________________________________________ халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы орган қандастарды қабылдау жөніндегі комиссияның ұсынымы негізінде "Халықтың көші-қоны туралы" 2011 жылғы 22 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес өңірлік квотаға енгізуден бас тартады.
Қандастарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу бойынша бас тарту үшін мыналар негіз болып табылады: ____________________________________________________________
___________________________________________________________________
____________________________________________________________________.
|
|
Қандастар мен қоныс |
|
|
Нысан |
Қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу туралы ӨТІНІШ ______________________________________________________________ (Көрсетілетін қызметті берушінің атауы)
Мені / мені және менің отбасы мүшелерімді қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасына қосуды сұраймын
|
ЖСН |
|
|
ТАӘ (бар болса) |
|
|
Туған күні |
|
|
Жынысы |
|
|
Тұрғылықты мекенжайы |
|
|
Жұмыспен қамту санаты: 1) ) жалдамалы жұмыскер, сондай-ақ өзге де ақылы жұмысы бар (сайланған, тағайындалған немесе бекітілген)адам; 2) Жеке кәсіпкер; 3) жеке практикамен айналысатын адам; 4) жалдамалы қызметкерлерге жатпайтын азаматтық-құқықтық сипаттағы шарт бойынша қызметті жүзеге асыратын жеке тұлға; 5) шаруашылық серіктестіктердің құрылтайшылары (қатысушылары) және акционерлік қоғамдардың құрылтайшылары, акционерлері (қатысушылары), сондай-ақ өндірістік кооперативтердің мүшелері болып табылатын жеке тұлға; 6) ) тәуелсіз жұмыскер; 7) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарда, Қазақстан Республикасының Құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдарында қызмет өткеретін; 8) шаруа немесе фермер қожалығы нысанындағы қызметті жүзеге асыратын тұлға; 9) жұмыссыз. |
|
Отбасының мынадай құрамы бар:
|
ЖСН |
Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) |
Туыстық дәрежесі |
Туған күні |
Азаматтық |
Ұлты |
Тұрғылықты мекен-жайы |

_______________________________________________________________;
"Қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу" мемлекеттік қызметінің көрсету үшін қажетті менің дербес деректерімді жинауға және өңдеуге өз келісімімді беремін.
20 ___ "___" ___________ _________________

(Құжаттарды қабылдаған адамның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) лауазымы)
|
|
Қандастар мен қоныс |
|
|
Нысан |
Қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізуге өтінішті қабылдау туралы № ________ хабарлама____ _______ ______
Көрсетілетін қызметті алушының өтініші____________________
____________________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу
туралы ________________________ (облыс, республикалық маңызы бар
қалалар және Астана) тіркелген _______________________________________

(көрсетілетін қызметті берушінің атауы)
кіріс хат-хабарлар ретінде № _______________________ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _
(күні) және заңда белгіленген тәртіппен және мерзімдерде қаралатын болады.
Өтінішке мынадай құжаттарды қоса беремін:
1)______________________________________________________________;
2)______________________________________________________________;
..)________________________________________________________________
Құжаттар қабылданды_________________________________________________
(құжаттарды қабылдаған адамның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), лауазымы).
_________ (қолы) / _________ (Күні)
-------------------------------------------------------------------------------------------------------
(кесу сызығы)
Құжаттарды қабылдау туралы ______ жыл ____________ №______ хабарлама

(тегі, аты, әкесінің аты (этникалық қазақ болған жағдайда)
Туған күні_______________________________________
Тұрғылықты мекен-жайы_____________________________________
Байланыс деректері __________________________________
_________ (Қолы) / _________ (Күні)
|
|
Қандастар мен қоныс |
|
|
Нысан |
Құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы
ҚОЛХАТ

"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес
акционерлік қоғамы филиалының ______________________________________
№___ бөлімі, ________________________________________________ халықты
әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы
орган Мемлекеттік қызметтің көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесіне
сәйкес сіз құжаттардың толық топтамасын ұсынбағаныңызға және (немесе) қолданылу
мерзімі өткен құжаттарды ұсынғаныңызға байланысты
_____________________________________ мемлекеттік қызметтің көрсетуге

1) ________________________________________;
2) ________________________________________;
3)………….

_____________________________________________________________________
(Мемлекеттік корпорация қызметкерінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), қолы)
Орындаушы: _____________________________________________________
(Тегі, Аты, Әкесінің аты (бар болса)
Телефон _________________
Алды: ______________________________________________ _________________

Қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу туралы ШЕШІМ 20___ жыл "___" _____ № _______ _____________________________________________________________________ (көрсетілетін қызметті берушінің атауы)
Халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі өңірлік комиссия "Халықтың көші-қоны туралы" 2011 жылғы 22 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес оң шешім қабылдады:
|
ЖСН |
|
|
Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) |
|
|
Туған күні |
|
|
Жынысы |
|
|
Тұрғылықты мекен-жайы |
|
Отбасы мүшелері (бар болса):
|
ЖСН |
Т.А.Ә. |
Туған күні |
Жынысы |
Туыстық қатынас |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Басшының ЭЦҚ
|
|
Қандастар мен қоныс |
|
|
Нысан |
Қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізуден бас тарту туралы ШЕШІМ "___" ________20___ № _____________ 20___ "__" ________№ _____________

"Халықтың көші-қоны туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес
|
1 |
Өтініш нөмірі |
|
|
2 |
Мәртебесі |
|
|
3 |
Түрі қолдану |
|
|
4 |
Қабылдау күні |
|
|
5 |
Орындалу күні |
|
Көрсетілетін қызметті алушылар туралы мәліметтер:
|
№ |
ЖСН |
ТАӘ |
Туған күні |
Жынысы |
Туыстық дәрежесі |
|
1 |
|
|
|
|
|
|
2 |
|
|
|
|
|
|
3 |
|
|
|
|
|
Қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу бойынша бас тарту үшін негіз болып табылады:____________________________________

_________ (Қолы) / ___
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК
Қандастар мен қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің м.а. 2016 жылғы 15 қаңтардағы № 20 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 29 ақпанда № 13334 болып тіркелді.
Ескерту. Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 11.08.2021 № 284 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
"Халықтың көші-қоны туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 4-5) тармақшасына және "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 31.05.2024 № 173 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 31.05.2024 № 173 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзiмдi баспа басылымдарында және "Әділет" құқықтық-ақпараттық жүйесінде, сондай-ақ Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялауға жіберуді;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
|
Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің міндетін атқарушы |
Б. Нұрымбетов |
КЕЛІСІЛДІ
Қазақстан Республикасының
Инвестициялар және даму
министрінің міндетін атқарушы
___________________Ж. Қасымбек
2016 жылғы 28 қаңтар
КЕЛІСІЛДІ
Қазақстан Республикасының
Сыртқы істер министрі
___________________Е. Ыдырысов
2016 жылғы
|
|
Қазақстан Республикасы |
Қандастар мен қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу қағидалары
Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 31.05.2024 № 173 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1-тарау. Жалпы ережелер
1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтерді көрсету үшін, "бір терезе" қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштерді қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, мемлекеттік қызметтерді электрондық нысанда көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған заңды тұлға;
2) көрсетілетін қызметті алушы – Қазақстан Республикасының орталық мемлекеттік органдарын, шет елдердегі мекемелерін, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарын, қаладағы аудандардың, аудандық маңызы бар қалалардың, кенттердің, ауылдардың, ауылдық округтердің әкімдерін қоспағанда, жеке және заңды тұлғалар;
3) қандас – бұрын Қазақстан Республикасының азаматтығында болмаған, халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті орган белгілеген тәртіппен тиісті мәртебе алған этникалық қазақ және (немесе) оның ұлты қазақ отбасы мүшелері;
4) қандастарды қабылдаудың өңірлік квотасы-Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған өңірлерге тұрақты тұру үшін келетін, Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне сәйкес жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысушыларға көзделген мемлекеттік қолдау шараларымен қамтамасыз етілетін қандастардың немесе қандастардың және олардың отбасы мүшелерінің шекті саны;
5) қоныс аударушы-ерікті қоныс аударуды көздейтін Қазақстан Республикасының Көші-қон саласындағы заңнамасына сәйкес қоныс аударушылар мен қандастарды қабылдаудың өңірлік квоталары шеңберінде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған өңірлерге қоныс аударған ішкі көшіп-қонушы;
6) қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасы-Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған өңірлерге тұрақты тұру үшін келетін, Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне сәйкес жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларына қатысушыларға көзделген мемлекеттік қолдау шараларымен қамтамасыз етілетін қоныс аударушылардың немесе қоныс аударушылардың және олардың отбасы мүшелерінің шекті саны;
7) мансап орталығы – аудандарда, облыстық және Республикалық маңызы бар қалаларда, астанада оның функцияларын орындауды жүзеге асыратын еңбек мобильділігі орталығының филиалы;
8) халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы орган – халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту саласындағы бағыттарды айқындайтын облыстың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органы;
9) "электрондық үкіметтің" веб-порталы – нормативтік құқықтық базаны қоса алғанда, барлық шоғырландырылған үкіметтік ақпаратқа және мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосылуға техникалық шарттар беру жөніндегі көрсетілетін қызметтерге және электрондық нысанда көрсетілетін квазимемлекеттік сектор субъектілерінің көрсетілетін қызметтеріне қол жеткізудің бірыңғай терезесі болып табылатын ақпараттық жүйе;
10) этникалық қазақ – ұлты қазақ шетелдік немесе азаматтығы жоқ адам.
2-тарау. Қандастарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу тәртібі
1) Әлеуметтік кодекстің 112-бабы 3-тармағы 2) тармақшасында айқындалған өңірлердің халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы органдарына (бұдан әрі – Көрсетілетін қызметті беруші);
2) "Migration.enbek.kz" порталы;
3) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) арқылы;
4) "электрондық үкіметтің" веб-порталы (бұдан әрі – веб-портал) арқылы осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінің 8-тармағында көрсетілген құжаттармен қоса, осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш береді.
Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 30.07.2024 № 281 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Өтінішті қабылдаған мемлекеттік корпорацияның маманы қандастарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу үшін өтініш берушіден қабылданатын құжаттар топтамасының толықтығын тексереді, осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесіне сәйкес өтініш беруші ұсынған құжаттардың электрондық көшірмелерін қайта жаңғырту сапасын және олардың түпнұсқаларға сәйкестігін қамтамасыз етеді, өзінің ЭЦҚ арқылы куәландырады, одан кейін құжаттардың түпнұсқаларын өтініш берушіге қайтарады.
Мемлекеттік корпорация арқылы жүгінген кезде көрсетілетін қызметті алушы құжаттар топтамасын, сондай-ақ қолданылу мерзімі өткен құжаттарды толық ұсынбаған жағдайда, Мемлекеттік корпорацияның маманы өтінішті қабылдаудан бас тартады және осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.
Өтінішті қабылдаған Мемлекеттік корпорация маманы өтініш берушіге құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат береді.
Қандастарды қабылдау жөніндегі комиссия этникалық қазақтардың өтініштері мен құжаттарын қарау кезінде олардың заңда белгіленген талаптарға сәйкестігін тексереді.
Көрсетілетін қызметті алушының қарсылығын алдын ала шешім бойынша көрсетілетін қызметті беруші оны алған күннен бастап екі жұмыс күнінен кешіктірмей қабылдайды.
Тыңдау нәтижелері бойынша жергілікті атқарушы орган қандастарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу туралы шешім қабылдайды немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тартуды қалыптастырады.
Құжаттарды Мемлекеттік корпорация арқылы берген кезде қандастарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу туралы шешімді көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі аяқталғанға дейін бір тәуліктен кешіктірмей өтініш берушіге одан әрі беру үшін Мемлекеттік корпорацияға жібереді.Көрсетілетін қызметті алушы портал арқылы жүгінген кезде көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" қандастарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу туралы хабарлама не қандастарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу жөніндегі бас тарту туралы шешім жібереді.
3-тарау. Қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу тәртібі
Шығу өңірлерінен қоныс аударушылар қабылдау өңірлеріне өз бетінше келген және онда алты айдан аспай тұратын, сондай-ақ "Мәңгілік ел жастары- индустрияға!" жобалары шеңберінде түлектер ("Серпін") және "Жарқын болашақ" оқу орнынан шыққаннан кейін алты ай ішінде, қоныс аударушыларды қабылдау өңірінде тіркелу уақытына қарамастан, осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінің 8-тармағында көрсетілген құжаттарды қоса бере отырып, осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес мансап орталықтарына бағалауға өтініш береді.
Мемлекеттік қызметті көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесінде көзделген құжаттардың толық топтамасын берген кезде көрсетілетін қызметті алушы осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізуге арналған өтінішті қабылдағаны туралы хабарлама алады.
Бұл ретте "Migration.enbek.kz" немесе веб-портал порталы арқылы өтініш берген кезде көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетінде" мемлекеттік қызмет көрсету үшін сұрау салуды қабылдау туралы мәртебені көрсетеді.
Өңірлердің мансаптық орталықтары өтініш келіп түскен күннен бастап екі жұмыс күні ішінде қоныс аударушылардың тізімін Халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы органға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) жібереді.
Жұмыспен қамту жөніндегі комиссия қоныс аударушылардың өтініштері мен құжаттарын қарау кезінде олардың Әлеуметтік Кодекстің 112-бабының 1 және 2-тармақтарында белгіленген талаптарға сәйкестігін тексереді.
Көрсетілетін қызметті алушының қарсылығын алдын ала шешім бойынша көрсетілетін қызметті беруші оны алған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде қабылдайды.
Тыңдау нәтижелері бойынша жергілікті атқарушы орган қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу туралы шешім қабылдайды немесе Мемлекеттік қызмет көрсетуден дәлелді бас тартуды қалыптастырады.
Мансап орталықтары 1 (бір) жұмыс күні ішінде "Еңбек нарығы" ААЖ арқылы көрсетілетін қызметті алушыға қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу туралы шешімді не өтініш беру тәсіліне қарай қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу жөніндегі бас тарту туралы шешімді жібереді.
4-тарау. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдерге, әрекеттерге (әрекетсіздікке) шағымдану тәртібі
|
|
Қандастар мен қоныс |
|
|
Нысан |
Қандастарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу туралы өтініш
__________________________________________________________________
(Көрсетілетін қызметті берушінің атауы)
Мені/мені және менің отбасы мүшелерімді қандастарды қабылдаудың өңірлік квотасына қосуды сұраймын
|
ЖСН |
|
|
Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) |
|
|
Туған күні |
|
|
Жынысы |
|
|
Тұрғылықты мекенжайы |
|
Менің Қазақстан Республикасының азаматы болып табылмайтын келесі отбасылық құрам бар (қажет болған жағдайда толтырылады): зайыбы (жұбайы), өтініш берушінің ата-аналары, балалары (оның ішінде асырап алған), аға-інілері мен апа-сіңлілері (аға-қарындастары).
|
ЖСН |
Тегі, Аты, Әкесінің аты (бар болса) |
Туыстық дәрежесі |
Туған күні |
Азаматтық |
Ұлты |
|
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
|
|
|
|
|
|
|
Өтінішке мынадай құжаттарды қоса беремін/:
_____________________________________________________________;
Осымен "Қандастарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу" мемлекеттік қызметінің көрсету үшін қажетті менің дербес деректерімді жинауға және өңдеуге өз келісімімді беремін.
20 ___ж. "___" ___________ ____________________________________
(өтініш берушінің қолы)
___________________________________________________________
(Құжаттарды қабылдаған адамның тегі,аты, әкесінің аты (бар болса), лауазымы)
|
|
Қандастар мен қоныс |
|||
|
"Қандастар мен қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу қағидалары" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі Мемлекеттік көрсетілетің қызметтің кіші түрінің атауы: 1) Қандастарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу 2) Қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу |
|
|||
|
1 |
Көрсетілетін қызметті берушінің атауы |
Әлеуметтік кодекстің 112-бабы 3-тармағының 2) тармақшасында айқындалған өңірлердің халқын әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы орган |
|
|
|
2 |
Мемлекеттік қызмет көрсету тәсілдері |
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметтің көрсету нәтижесін беру мыналар арқылы жүзеге асырылады: 1) ақпараттандыру обьектісі "Migration.enbek.kz" порталы; 2) Әлеуметтік кодекстің 112-бабы 3-тармағының 2)тармақшасында айқындалған әлеуметтік қорғау және халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы орган; 3) Мемлекеттік корпорация; 4) веб-портал. Қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасына қосылған кезде, қосымша: 1) Әлеуметтік кодекстің 112-бабы 3-тармағының 2) тармақшасында айқындалған өңірлердің мансаптық орталықтары; |
|
|
|
3 |
Мемлекеттік қызметтің көрсету мерзімі |
14 жұмыс күні ішінде. Құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты: көрсетілетін қызметті берушіде – 30 минут, Мемлекеттік корпорацияда – 15 минут. Көрсетілетін қызметті берушіде қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 30 минут, Мемлекеттік корпорацияда – 20 минут |
|
|
|
4 |
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін көрсету және ұсыну нысаны |
Қағаз / электрондық (ішінара автоматтандырылған) |
|
|
|
5 |
Мемлекеттік қызметтің көрсету нәтижесі |
Қандастарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу туралы не бас тарту туралы шешім. Қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу туралы не бас тарту туралы шешім. веб-портал арқылы жүгінген кезде мемлекеттік көрсетілетін қызметтің көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті берушінің лауазымды адамының ЭЦҚ-мен куәландырылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының "жеке кабинетіне" жіберіледі. |
|
|
|
6 |
Мемлекеттік қызметті көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлем мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері |
Мемлекеттік қызмет жеке тұлғаларға тегін көрсетіледі. |
|
|
|
7 |
Жұмыс кестесі |
1) көрсетілетін қызметті берушіде – өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін берусағат 9.00-ден 17.00-ге дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін. 2) Мемлекеттік корпорацияда – Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметтердің дайын нәтижелерін беру мемлекеттік корпорация арқылы дүйсенбіден жұманы қоса алғанда сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін үзіліссіз жүзеге асырылады, мемлекеттік корпорацияның халыққа қызмет көрсету кезекші бөлімдерінде дүйсенбіден жұманы қоса алғанда сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін және сенбі күні сағат 9.00-ден 13.00-ге дейін, Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес мереке және демалыс күндерінен басқа. 3) Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелерінде өтінішті қабылдау демалыс және мереке күндерінен басқа дүйсенбі, сейсенбі, бейсенбі және жұма күндері сағат 09:30-дан 12:30-ға дейін, ал мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру сағат 16:00-ден 17:00-ге дейін. Сәрсенбі қабылдау күні емес. Ыстық және ылғалды климаты бар шет мемлекеттерде жұмыс кестесі жергілікті жағдайларға байланысты белгіленеді. Мемлекеттік қызмет көрсету орындарының мекенжайлары Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылған www.gov.kz. 4) веб-порталда – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы |
|
|
|
8 |
Мемлекеттік қызметтің көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі |
Қандастарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу үшін: 1) өтініш берушінің және оның отбасы мүшелерінің (бар болса) жеке басын куәландыратын құжат (сәйкестендіру үшін) оның ішінде Цифрлық құжаттар сервисінен; 2) неке немесе некені бұзу туралы куәліктің көшірмесі (бар болса); 3) белгілі бір мамандық бойынша білімін, біліктілігін және жұмыс тәжірибесін растайтын құжаттардың көшірмелері (бар болса) не еңбек кітапшасы (бар болса) немесе жұмыс орнынан анықтама. Көрсетілетін қызметті берушілер цифрлық құжаттарды іске асырылған интеграция арқылы цифрлық құжаттар сервисінен веб-порталда тіркелген пайдаланушының ұялы байланысының абоненттік нөмірі арқылы бір реттік парольді беру арқылы немесе веб-порталдың хабарламасына жауап ретінде қысқа мәтіндік хабарлама жіберу арқылы ұсынылған құжат иесінің келісімі болған жағдайда алады. Қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу үшін: 1) қоныс аударушының және оның отбасы мүшелерінің жеке басын куәландыратын құжаттардың көшірмелері (бар болса), оның ішінде Цифрлық құжаттар сервисінен; 2) неке немесе некені бұзу туралы куәліктің көшірмесі (бар болса); 3) белгілі бір мамандық бойынша білімін, біліктілігін және жұмыс тәжірибесін растайтын құжаттардың көшірмелері (бар болса) не еңбек кітапшасы (бар болса) немесе жұмыс орнынан анықтама. Көрсетілетін қызметті беруші цифрлық құжаттарды "электрондық үкімет" веб-порталында тіркелген пайдаланушының ұялы байланысының абоненттік нөмірі арқылы бір реттік парольді беру арқылы немесе "электрондық үкімет" веб-порталының хабарламасына жауап ретінде қысқа мәтіндік хабарлама жіберу арқылы ұсынылған құжат иесінің келісімі болған жағдайда, іске асырылған интеграция арқылы цифрлық құжаттар сервисінен алады. 4) "Мәңгілік ел жастары-индустрияға!" ("Серпін") және "Жарқын Болашақ" аталған жобаға қатысқандарын растайтын оқу орны бар анықтаманы ұсынады. |
|
|
|
9 |
Қазақстан Республикасының заңында белгіленген мемлекеттік қызметтің көрсетуден бас тарту үшін негіздер |
Қандастарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізуден бас тартудың негізі "Көші-қон туралы" Заңның 20-бабында көзделген мынадай шарттар болып табылады. 1) үміткерлердің "Көші-қон туралы" Заңның 1-бабының 13) тармақшасында белгіленген шарттарға сәйкес келмеуі, атап айтқанда қандас – бұрын Қазақстан Республикасының азаматтығында болмаған, халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті орган белгілеген тәртіппен тиісті мәртебе алған этникалық қазақ және (немесе) оның ұлты қазақ отбасы мүшелері; 2) этникалық қазақ мемлекеттік қызметті алу үшін ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) анық еместігінің анықталуы; 3) қандас мәртебесін беру және (немесе) қандастарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу туралы өтініш жасаған этникалық қазақтардың Қазақстан Республикасының аумағында құқық бұзушылықтар жасағаны туралы әшкерелейтін мәліметтердің және олардың террористік немесе экстремистік ұйымдарға жататындығы туралы өзге де ақпараттың болуы; 4) этникалық қазақтың "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге берілетін келісімінің болмауы; 5) қандастарды аумақтық-әкімшілік бірлікте қабылдаудың өңірлік квотасының болмауы немесе этникалық қазақтың қоныстандыру үшін ұсынылған аумақтық-әкімшілік бірліктен бас тартуы. Қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу бойынша бас тарту үшін негіздер: 1) ұсынылған құжаттарда қамтылған деректердің (мәліметтердің) анық еместігін анықтау; 2) қоныс аударушының өтінішінде көрсетілген аумақтық-әкімшілік бірлікте қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасының болмауы; 3) егер өтініш беруші бұрын қоныс аударушылар қабылдаудың өңірлік квотасына енгізілген жағдайда; 4) "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес шектеулі қолжетімділіктің дербес деректеріне қол жеткізуге ұсынылатын қоныс аударушының келісімінің болмауы; 5) Егер өтініш беруші бұрын қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізілген жағдайда; |
|
|
|
10 |
Мемлекеттік қызметтің көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілетін өзге де талаптар |
Заңнамада белгіленген тәртіппен өзіне-өзі қызмет көрсету, өз бетінше жүріп-тұру, бағдарлану қабілетін немесе мүмкіндігін толық немесе ішінара жоғалтқан өтініш берушілерге мемлекеттік қызметті көрсету үшін құжаттарды қабылдауды Мемлекеттік корпорацияның қызметкері тұрғылықты жеріне барып 1414 Бірыңғай байланыс орталығы арқылы жүгіну арқылы жүргізеді. Цифрлық құжаттар қызметі мобильді қосымшада авторизацияланған пайдаланушылар үшін қол жетімді. Субъект цифрлық құжатты пайдалану үшін электрондық-цифрлық қолтаңбаны немесе бір реттік парольді пайдалана отырып, мобильді қосымшада авторизациядан өтуі, бұдан әрі "цифрлық құжаттар" бөліміне өту және қажетті құжатты таңдауы қажет. |
|
|
|
|
Қандастар мен қоныс |
|||
|
|
Нысан |
|||
Құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат
"Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі
Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабының 2-тармағын басшылыққа ала отырып,
"Азаматтарға арналған үкімет мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес
акционерлік қоғамы филиалының №___ бөлімі, Халықты әлеуметтік қорғау және
жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы орган
______________________________________________________,
__________________________________________________
Мемлекеттік қызметтің көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың көзделген тізбесіне
сәйкес қолданылу мерзімі өткен құжаттар және (немесе) құжаттар топтамасы сіздің
толық ұсынбағаныңызға байланысты мемлекеттік көрсетілетін қызметтің көрсетуге
құжаттарды қабылдаудан бас тартады, атап айтқанда:
құжаттардың атауы:
1) _____________________________________ ;
2)______________________________________;
Осы қолхат әр тарап үшін бір-бірден 2 данада жасалды.
____________________________________________________________
____________________________________________________________
(Қызметкердің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), қолы)
Орындаушы: ________________________________________________
(Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
Телефон _________________
Алды: __________________________________ _____________________
Көрсетілетін қызметті алушының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)/қолы
"___" _________ 20___ жыл
Басшының ЭЦҚ
|
|
Қандастар мен қоныс |
|
|
Нысан |
Қандастарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу туралы шешім "___" _____ 20___ жылғы № _______ _____________________________________________________________________ (Жергілікті атқарушы орган)
Халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы орган қандастарды қабылдау жөніндегі комиссияның ұсынымына сәйкес, "Халықтың көші-қоны туралы" 2011 жылғы 22 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қандастарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу жөнінде оң шешім қабылдады:
|
Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) |
|
|
Туған күні |
|
|
Жынысы |
|
|
Тұрғылықты мекенжайы |
|
Отбасы мүшелері (бар болса):
|
ЖСН |
Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) |
Туған күні |
Жынысы |
Туыстық қатынас |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Басшының ЭЦҚ
|
|
Қандастар мен қоныс |
|
|
Нысан |
Қандастарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізуден бас тарту туралы шешім
20__ ж. "__" ________ № _____________ __________________________________________________________________ (Жергілікті атқарушы орган)
|
1 |
Өтініш нөмірі |
|
|
2 |
Мәртебесі |
|
|
3 |
Өтініш түрі |
|
|
4 |
Қабылдау күні |
|
|
5 |
Орындалу күні |
|
Көрсетілетін қызметті алушы туралы мәліметтер:
|
№ |
ЖСН |
Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) |
Туған күні |
Жынысы |
Туыстық дәрежесі |
|
1 |
|
|
|
|
|
|
2 |
|
|
|
|
|
___________________________________________ халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы орган қандастарды қабылдау жөніндегі комиссияның ұсынымы негізінде "Халықтың көші-қоны туралы" 2011 жылғы 22 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес өңірлік квотаға енгізуден бас тартады.
Қандастарды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу бойынша бас тарту үшін мыналар негіз болып табылады: ____________________________________________________________
___________________________________________________________________
____________________________________________________________________.
|
|
Қандастар мен қоныс |
|
|
Нысан |
Қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу туралы ӨТІНІШ ______________________________________________________________ (Көрсетілетін қызметті берушінің атауы)
Мені / мені және менің отбасы мүшелерімді қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасына қосуды сұраймын
|
ЖСН |
|
|
ТАӘ (бар болса) |
|
|
Туған күні |
|
|
Жынысы |
|
|
Тұрғылықты мекенжайы |
|
|
Жұмыспен қамту санаты: 1) ) жалдамалы жұмыскер, сондай-ақ өзге де ақылы жұмысы бар (сайланған, тағайындалған немесе бекітілген)адам; 2) Жеке кәсіпкер; 3) жеке практикамен айналысатын адам; 4) жалдамалы қызметкерлерге жатпайтын азаматтық-құқықтық сипаттағы шарт бойынша қызметті жүзеге асыратын жеке тұлға; 5) шаруашылық серіктестіктердің құрылтайшылары (қатысушылары) және акционерлік қоғамдардың құрылтайшылары, акционерлері (қатысушылары), сондай-ақ өндірістік кооперативтердің мүшелері болып табылатын жеке тұлға; 6) ) тәуелсіз жұмыскер; 7) Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарда, Қазақстан Республикасының Құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдарында қызмет өткеретін; 8) шаруа немесе фермер қожалығы нысанындағы қызметті жүзеге асыратын тұлға; 9) жұмыссыз. |
|
Отбасының мынадай құрамы бар:
|
ЖСН |
Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) |
Туыстық дәрежесі |
Туған күні |
Азаматтық |
Ұлты |
Тұрғылықты мекен-жайы |
|
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
|
|
|
|
|
|
|
|
Өтінішке мынадай құжаттарды қоса беремін/:
_______________________________________________________________;
"Қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу" мемлекеттік қызметінің көрсету үшін қажетті менің дербес деректерімді жинауға және өңдеуге өз келісімімді беремін.
20 ___ "___" ___________ _________________
(өтініш берушінің қолы)
__________________________________________________________________
(Құжаттарды қабылдаған адамның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) лауазымы)
|
|
Қандастар мен қоныс |
|
|
Нысан |
Қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізуге өтінішті қабылдау туралы № ________ хабарлама____ _______ ______
Көрсетілетін қызметті алушының өтініші____________________
____________________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу
туралы ________________________ (облыс, республикалық маңызы бар
қалалар және Астана) тіркелген _______________________________________
____________________________________________________________________
(көрсетілетін қызметті берушінің атауы)
кіріс хат-хабарлар ретінде № _______________________ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _ _
(күні) және заңда белгіленген тәртіппен және мерзімдерде қаралатын болады.
Өтінішке мынадай құжаттарды қоса беремін:
1)______________________________________________________________;
2)______________________________________________________________;
..)________________________________________________________________
Құжаттар қабылданды_________________________________________________
(құжаттарды қабылдаған адамның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), лауазымы).
_________ (қолы) / _________ (Күні)
-------------------------------------------------------------------------------------------------------
(кесу сызығы)
Құжаттарды қабылдау туралы ______ жыл ____________ №______ хабарлама
____________________________________________________________________
___________________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (этникалық қазақ болған жағдайда)
Туған күні_______________________________________
Тұрғылықты мекен-жайы_____________________________________
Байланыс деректері __________________________________
_________ (Қолы) / _________ (Күні)
|
|
Қандастар мен қоныс |
|
|
Нысан |
Құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы
ҚОЛХАТ
"Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі
Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабының 2-тармағын басшылыққа ала отырып,
"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы" коммерциялық емес
акционерлік қоғамы филиалының ______________________________________
№___ бөлімі, ________________________________________________ халықты
әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі жергілікті атқарушы
орган Мемлекеттік қызметтің көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесіне
сәйкес сіз құжаттардың толық топтамасын ұсынбағаныңызға және (немесе) қолданылу
мерзімі өткен құжаттарды ұсынғаныңызға байланысты
_____________________________________ мемлекеттік қызметтің көрсетуге
құжаттарды қабылдаудан бас тартады, атап айтқанда:
құжаттардың атауы:
1) ________________________________________;
2) ________________________________________;
3)………….
Осы қолхат әр тарап үшін бір-бірден 2 данада жасалды.
_____________________________________________________________________
(Мемлекеттік корпорация қызметкерінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), қолы)
Орындаушы: _____________________________________________________
(Тегі, Аты, Әкесінің аты (бар болса)
Телефон _________________
Алды: ______________________________________________ _________________
Көрсетілетін қызметті алушының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)/қолы
"___" _________ 20___ жыл
Басшының ЭЦҚ
|
|
Қандастар мен қоныс |
|
|
Нысан |
Қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу туралы ШЕШІМ 20___ жыл "___" _____ № _______ _____________________________________________________________________ (көрсетілетін қызметті берушінің атауы)
Халықты жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі өңірлік комиссия "Халықтың көші-қоны туралы" 2011 жылғы 22 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес оң шешім қабылдады:
|
ЖСН |
|
|
Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) |
|
|
Туған күні |
|
|
Жынысы |
|
|
Тұрғылықты мекен-жайы |
|
Отбасы мүшелері (бар болса):
|
ЖСН |
Т.А.Ә. |
Туған күні |
Жынысы |
Туыстық қатынас |
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Басшының ЭЦҚ
|
|
Қандастар мен қоныс |
|
|
Нысан |
Қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізуден бас тарту туралы ШЕШІМ "___" ________20___ № _____________ 20___ "__" ________№ _____________
_____________________________________________________________________
(көрсетілетін қызметті берушінің атауы)
"Халықтың көші-қоны туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес
|
1 |
Өтініш нөмірі |
|
|
2 |
Мәртебесі |
|
|
3 |
Түрі қолдану |
|
|
4 |
Қабылдау күні |
|
|
5 |
Орындалу күні |
|
Көрсетілетін қызметті алушылар туралы мәліметтер:
|
№ |
ЖСН |
ТАӘ |
Туған күні |
Жынысы |
Туыстық дәрежесі |
|
1 |
|
|
|
|
|
|
2 |
|
|
|
|
|
|
3 |
|
|
|
|
|
Қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу бойынша бас тарту үшін негіз болып табылады:____________________________________
_____________________________________________________________________
Басшының ЭЦҚ
_________ (Қолы) / ___
|
|
Қазақстан Республикасы |
Қоныс аударушыларды қабылдаудың өңірлік квотасына енгізу қағидалары
Ескерту. 2-қосымша алып тасталды – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 31.05.2024 № 173 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.