GOV.KZ – Мемлекеттік органдардың цифрлық ресурстарының бірыңғай платформасы

Меню
Страницы
Қызметі
Әкім аппараты
Байланыс ақпараты
Баспасөз орталығы
Құжаттар
Онлайн қабылдау
Әкім аппараты
Баспасөз орталығы
Қызметі
Құжаттар
Все материалы
14 октября 2026
Шемонаиха ауданының 2026 жылғы қыркүйек әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері

Шығыс Қазақстан облысында Шемонаиха ауданы 3,96 мың шаршы километр аумақты алып жатыр. 2026 жылдың 1 қаңтарына ауданның халық саны – 40 047 адамды құрады, оның ішінде қала халқының  саны – 17 842 адам, ауыл халқының саны – 22 205 адамды құрады. Ауданда 10 ауылдық округ, 32 елді мекен бар.

 

ӨНЕРКӘСІП

Өнеркәсіп өнімінің көлемі (жұмыс және қызмет көрсету) 2026 жылдың қыркүйек айында нақты бағада 139,9 млн.теңге құрады. Өнеркәсіп өндірісінің нақты көлем индекс көрсеткіштері 91,7% құрады. Тау-кен өнеркәсібі  84,6%, өңдеуші  өнеркәсібі  118,1%, азық түлік өнімдерін өндіру 111,0% құрады.

ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТТЕР ТУРАЛЫ

2026 жылдың қыркүйек айында инвестицияның көлемі негізгі капиталға 26 017,5 млн теңгені құрады. Инвестициялар нақты көлемінің индекс көрсеткіштері 82,8% құрады. Тұрғын үйді енгізу  өткен жылдың сәйкес кезеңіне салыстырғанда 101,4%  құрады.

 

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ.

2026 жылдың қыркүйек айында барлық шаруашылық санаттарында союға арналған мал мен құстың тірі салмағы  2 280,6 тонна (2025 жылдың сәйкес кезеңіне 78,9%-ды) құрады.

35 395,9 тонна (115,9%) - сүт өндірісі.

5 556,7 дана (87,9%) – жұмыртқа.

 

2026 жылдың қыркүйек айында Ірі қара мал саны  112,0 %, оның ішінде сиырдың басы 119,8% көбейді, қой мен ешкі саны 80,4%, жылқы басы  80,5%, шошқа басы 81,7%,  құс басы  112,7%  құрады.

 

2026 жылдың қыркүйек айында орташа еңбек ақы мөлшері 416 772 теңгені құрады, 2025 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 112,3 %-ға ұлғайды

 

Шағын бизнес кәсіпорындардың тіркелу саны өткен жылдың салыстырмалы кезеңіне 101,3 % құрады.

    

 

shemonaiha.vko.gov.kz / Cтатистика

 

Орындаушы:

Шагатаева Р.Б.

Тел. +7 (72332) 3-13-55

Шемонаиха ауданының Статистика басқармасының басшысы:

Шагатаева Р.Б.

Тел. +7 (72332) 3-13-55

E-mail: ra.shagataeva@aspire.gov.kz

Мекенжай:

Капорина 35

© Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті

 

Баспасөз хабарламаларын бекіту

Шемонаиха ауданының  2026 жылғы қыркүйек

әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері

 

№9 2026 жылғы 15 қазан

Лауазымы

Қолы

Ажыратылуы

Шемонаиха ауданының Статистика басқармасының басшысы

 

Р.Б. Шағатаева

 «15» қзан 2026 жыл

22 сентября 2026
ЗЕЙНЕТАҚЫ АКТИВТЕРІН БАСҚАРУ. БЖЗҚ ТУРАЛЫ ӨЗЕКТІ САУАЛДАР

1. Зейнетақы активтерін кім басқарады?

 

Зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі (ҚРҰБ), сондай-ақ 2021 жылдан бастап тиісті лицензиясы бар және уәкілетті органның талаптарына сай келетін инвестициялық портфельді басқарушылар (ИПБ) жүзеге асырады. Мұндай сенімгерлік басқарудың негізгі мақсаты – зейнетақы жинақтарын түрлі қаржы құралдарына инвестициялап, табыс алу.

Зейнетақы активтерін басқарушылар – ҚРҰБ пен ИПБ-лардың зейнетақы активтерін инвестициялау бойынша өзіндік стратегиясы бар және олар инвестициялық портфельдің құрылымын инвестициялық декларация шеңберінде дербес айқындайды.

Қолданыстағы ИПБ тізіліміне қазақстандықтар зейнетақы жинақтарын сенімгерлік басқаруға бере алатын 6 жеке компания кіреді:

«Alatau City Invest» АҚ, «BCC Invest» АҚСентрас СекьюритизАҚ, «Halyk Finance» АҚ, «Halyk Global Markets» АҚ, «Tansar Capital» АҚ (Бұл ретте «Halyk Global Markets» АҚ «БЖЗҚ» АҚ-ға 2027 жылдан бастап сенімгерлік басқару шартын бұзатыны туралы хабарлаған. Осыған байланысты, 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап Қор зейнетақы жинақтарын осы компанияға аудару туралы өтініштерді қабылдамайды).

www.enpf.kz сайтындағы «Қызметтер» – «Инвестициялық портфельді басқарушылар тізілімі» бөлімінен, сондай-ақ invest.enpf.kz ақпараттық интернет-платформасы арқылы ИПБ туралы ақпаратпен танысып, олардың инвестициялық декларацияларын зерделеуге болады.

 

2. Заңнамалық өзгерістерге сәйкес міндетті зейнетақы жарналары және міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен қалыптастырылған зейнетақы жинақтарының 100%-на дейін инвестициялық портфельді басқарушының (ИПБ) басқаруына беруге мүмкіндік қарастырылған. Бұл мүмкіндікті кім пайдалана алады және бұл механизм қалай жүзеге асырылады?

 

Зейнетақы жинақтарының 100%-на дейін жеке басқарушы компаниялар – ИПБ-ларға сенімгерлік басқаруға беру мүмкіндігін БЖЗҚ-ның барлық салымшылары пайдалана алады. Бұл нормалар 2026 жылғы 7 қыркүйектен бастап күшіне енді.

www.enpf.kz сайтындағы «Қызметтер» – «Инвестициялық портфельді басқарушылар тізілімі» бөлімінен, сондай-ақ invest.enpf.kz ақпараттық интернет-платформасы арқылы ИПБ туралы ақпаратпен танысып, олардың инвестициялық декларацияларын зерделеуге болады.

Жақында бір ИПБ салымшыларға тәуекел деңгейі, күтілетін кірістілік және инвестициялау мерзімі бойынша ерекшеленетін инвестициялық портфельдердің үш түріне дейін – консервативті, қалыпты және тәуекелді портфельдерді ұсына алады.

Зейнетақы активтерінің инвестициялық портфельдерін қалыптастыру тәртібін қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган айқындайды.

 

3. Зейнетақы жинақтарын бірнеше басқарушы компания арасында бөлуге бола ма?

 

Салымшы бір немесе бірнеше ИПБ-ны таңдай алады. Халықты кеңінен хабардар ету мақсатында БЖЗҚ invest.enpf.kz бірыңғай ақпараттық интернет-платформасын іске қосты. Бұл – салымшыларға сенімгерлік басқарушылардың (ҚРҰБ пен ИПБ) басқаруындағы зейнетақы активтерінің портфельдері бойынша түрлі деректерді бір ақпараттық алаңда салыстыруға мүмкіндік беретін заманауи цифрлық ресурс. Салымшы мұнда инвестициялық портфельдерді өз бетінше бағалауға, сондай-ақ өзінің мақсаттары мен күтетін нәтижесіне сай келетін басқарушы компания мен оның инвестициялық стратегиясын таңдауға мүмкіндік беретін құралдарды пайдалана алады.

Бұдан бөлек, invest.enpf.kz платформасында салымшы ИПБ-лардың инвестициялық декларацияларымен танысып, олардың қаржылық көрсеткіштерін талдай алады. Сондай-ақ ИПБ-ларға қатысты реттеуші орган – ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі (ҚР ҚНРДА) тарапынан қолданылған әкімшілік шаралар, санкциялар мен ықпал ету шаралары туралы ақпаратты да (олар болған жағдайда) көре алады.

 

4. Зейнетақы жинақтарын БЖЗҚ-дан басқарушы компанияға беру қалай жүзеге асырылады?

 

Зейнетақы жинақтарын сенімгерлік басқаруға беру үшін салымшы алдымен ИПБ-ны таңдап, содан кейін белгіленген нысан бойынша өтініш береді.

Өтінішті enpf.kz сайтындағы жеке кабинетте немесе invest.enpf.kz интернет-платформасында электрондық цифрлық қолтаңбаны (ЭЦҚ) пайдалана отырып, сондай-ақ БЖЗҚ-ның кез келген бөлімшесіне барып беруге болады.

Жеке кабинетте салымшы, сондай-ақ:

  • ИПБ-ға/ҚРҰБ-қа беруге немесе қайтаруға қолжетімді соманы тексере алады;

  • ИПБ-ны таңдау (өзгерту) туралы немесе ИПБ-ның сенімгерлік басқаруындағы зейнетақы жинақтарын ҚРҰБ-тың сенімгерлік басқаруына қайтару туралы өтініш беру ережелері және талаптарымен таныса алады;

  • ИПБ-ны таңдау (өзгерту) туралы немесе ҚРҰБ-қа қайтару туралы өтініш беріп, оның мәртебесін қадағалай алады;

  • басқа да қолжетімді зейнетақы қызметтерін пайдалана алады.

Зейнетақы жинақтарын сенімгерлік басқаруға аудару туралы берілген өтініштің мәртебесін сайттағы жеке кабинеттен немесе БЖЗҚ-ның мобильді қосымшасынан бақылауға болады.

ИПБ-ға аударуға өтініш беру және оларды БЖЗҚ-да өңдеу рәсімдері толық автоматтандырылған. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлік басқаруға нормативтік-құқықтық актілерде белгіленген мерзім ішінде береді.

Бұл ретте зейнетақы жинақтарын бір ИПБ-дан екіншісіне аудару немесе оларды ҚРҰБ-тың басқаруына қайтару алғашқы аударылған күннен бастап кемінде бір жыл өткен соң жүзеге асырылуы мүмкін.

 

5. Салымшылар зейнетақы активтерін басқару туралы толық ақпаратты қайдан алып, басқарушы компаниялардың қызмет нәтижелерін қалай бақылай алады?

 

БЖЗҚ – барлық салымшылар үшін бірыңғай есепке алу және ақпараттық орталық, сондай-ақ активтерді кім басқаратынына қарамастан (ҚРҰБ және/немесе салымшы таңдаған ИПБ) олардың жеке зейнетақы шоттарының операторы.

БЖЗҚ зейнетақы активтерін басқаруға байланысты қолжетімді қызметтер мен сервистерді ұсынады. Азаматтардың зейнетақы жинақтары, оның ішінде инвестициялық табыс ескерілген ақпарат enpf.kz сайтындағы жеке кабинетте немесе БЖЗҚ мобильді қосымшасында 24/7 режимінде берілетін үзінді көшірмелерде толық көрсетіледі.

Әр басқарушының инвестициялық қызметі туралы ақпарат enpf.kz сайтындағы «Статистика және талдау» – «Зейнетақы активтерін инвестициялық басқару» бөлімінде тұрақты түрде жаңартылып отырады.

Сонымен қатар, БЖЗҚ салымшылары үшін invest.enpf.kz ақпараттық интернет-платформасы жұмыс істейді. Бұл – барлық басқарушылардың (ҚРҰБ пен ИПБ) активтерді басқару нәтижелерін өзара салыстыруға мүмкіндік беретін заманауи цифрлық ресурс. Invest.enpf.kz платформасы инвестициялық табыстылық туралы ақпаратқа қол жеткізуге, белгіленген кезең аралығындағы басқарушылар мен олардың инвестициялық портфельдері бойынша деректерді салыстыруға және инвестициялық шешімдерді саналы түрде қабылдауға мүмкіндік береді.

22 сентября 2026
«Ұлттық қор - балаларға» бағдарламасы аясында қазақстандықтарға 76,11 млн АҚШ доллары аударылды

2024 жылғы 1 ақпаннан 2026 жылғы 1 қыркүйекке дейін «Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасы шеңберінде нысаналы жинақтарды (НЖ) пайдалану бойынша жалпы сомасы шамамен 76,11 млн АҚШ долларына 365 553 алушыға төлем жасалды

2026 жылдың басынан 2026 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша 170 156 азамат жалпы сомасы 44,84 млн АҚШ доллары мөлшеріндегі нысаналы жинақтарын алды. Оның ішінде 119 279 қазақстандыққа тұрғын үй жағдайларын жақсартуға 31,00 млн аса АҚШ доллары, ал 50 877 қазақстандыққа білім алуға ақы төлеу үшін 13,83 млн АҚШ доллары аударылды.

Барлық қаражат өтініш берушілердің банктік шоттарына есептеу үшін уәкілетті операторларға аударылды. Еске салайық, НЖ алушы барлық соманы немесе оның бір бөлігін пайдалануға құқылы. Егер қаражаттың бір бөлігі талап етілмесе, қалдық нысаналы жинақтау шотында (НЖШ) 10 жыл бойы сақталады. Одан кейін пайдаланылмаған қалдық алушының ерікті зейнетақы жарналары есепке алынатын жеке зейнетақы шотына аударылады.

Тұрғын үй жағдайларын жақсарту бағытында ең көп сұранысқа ие болған мақсат — тұрғын үй құрылыс жинақтарына одан әрі жинақтау үшін салымды толықтыру. Осы мақсат бойынша 117 712 алушыға жалпы сомасы 30,51 млн АҚШ долларын құрайтын төлемдер жүзеге асырылды. Сонымен қатар, тұрғын үй сатып алуға арналған ипотекалық тұрғын үй қарызын алу үшін бастапқы жарна енгізу мақсатында 788 жас қазақстандыққа 183,65 мың АҚШ доллары, ал азаматтық-құқықтық мәмілелер бойынша тұрғын үйді меншікке сатып алу (түпкілікті есеп айырысу) мақсатында 437 қазақстандыққа 102,17 мың АҚШ доллары төленді.

Нысаналы жинақтарды білім алуға пайдалану бағытында қаражаттың ең көп көлемі Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан білім беру ұйымдарының білім беру қызметтеріне ақы төлеуге бағытталды. Төлемдер әрбір академиялық кезең немесе оқу жылы үшін бөліп-бөліп немесе оқу мерзімінің бүкіл кезеңі үшін біржолғы толық көлемде жүзеге асырылады. Осы бағыт бойынша 47 584 азаматқа жалпы сомасы шамамен 12,96 млн АҚШ долларын құрайтын төлемдер жүргізілді.

Бұдан басқа, мынадай бағыттар да сұранысқа ие болды: білім беру жинақтау салымы туралы шарт бойынша білім беру жинақтау салымын толықтыруға 2 309 алушыға жалпы сомасы 587,56 мың АҚШ доллары аударылды. Ал шетелдік білім беру ұйымдарының білім беру қызметтеріне ақы төлеу үшін әрбір академиялық кезең немесе оқу жылы бойынша бөліп-бөліп немесе оқу мерзімінің бүкіл кезеңі үшін біржолғы толық көлемде 861 азаматқа 220,44 мың АҚШ доллары бағытталды.

Еске салайық, нысаналы талаптарды есептеу нысаналы талаптарға қатысушы қайтыс болған немесе оны қайтыс болды деп жариялау туралы сот шешімі заңды күшіне енген жағдайда тоқтатылады. Нысаналы талаптарға қатысушының/нысаналы жинақтарды алушының қайтыс болуына байланысты нысаналы талаптарды/нысаналы жинақтарды алу үшін олардың мұрагерлері Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен БЖЗҚ-ға жүгіне алады.

2026 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша мұрагерлерге жалпы сомасы 74,46 мың АҚШ долларын құрайтын төлемдер жүзеге асырылды. Бұл қаражатты 226 азамат алды.

Нысаналы жинақтарды тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) білім алуға ақы төлеу мақсатында төлеу туралы уәкілетті операторлар мен өңірлер бөлінісіндегі толық ақпаратпен enpf.kz сайтында танысуға болады.

Естеріңізге сала кетейік, 2025 жылдың қорытындысы бойынша қазақстандық бір балаға 130,71 АҚШ доллары кезекті есептеу жүргізілді. 2024 жылы – 129,38 АҚШ доллары, 2023 жылы - 100,52 АҚШ доллары мөлшерінде қаражат аударылған болатын.

18 жасқа дейінгі балаларға жыл сайын Ұлттық қордан бөлінетін сомалар олардың БЖЗҚ-да ашылған шоттарында ескерілетін нысаналы талаптар түрінде есептеледі. Бұл ретте, заңнамаға сәйкес, жас қазақстандықтарға есептелген сомалар Ұлттық қор активтерінің құрамында қалады және инвестициялануын жалғастырады. Одан әрі инвестициялау нәтижесінде жыл сайын әрбір баланың нысаналы талаптарының сомасы алынған инвестициялық табыс есебінен қосымша өседі.

Нәтижесінде бағдарламаға қатысатын балада барлық жинақталған нысаналы талаптардың жиынтық сомасы (жыл сайын қосымша есептелетін инвестициялық кірісті қоса алғанда) :

- үшінші жыл - 370 доллар 56 цент;

- екінші жыл - 263 доллар 93 цент;

- бірінші жыл қатысып отырған баланың шотында 130 доллар 71 цент.

18 жасқа толмаған баланың бағдарламаға қатысуы туралы ақпаратты оның ата-анасы және өзге де заңды өкілдері kids.enpf.kz сайтында баланың ЖСН бойынша, eGov.kz электрондық үкімет порталындағы жеке кабинетте, сондай-ақ eGov Mobile және кейбір екінші деңгейдегі банктердің мобильді қосымшаларында тексере алады.

Егер балаларға 2025 есепті жылы есептелген нысаналы талаптар туралы ақпарат көрсетілмесе, онда мобильді қосымшалардағы құжаттарды төменде көрсетілген жолмен жаңарту қажет:

  • eGov Mobile қосымшасында: "Цифрлық құжаттар" - "Отбасы" - "Құжаттар тізімін жаңарту" - "Ұлттық қордан есептеулер";

  • екінші деңгейдегі банктердің мобильді қосымшаларында, мысалы Kaspi.kz: "Мемлекеттік қызметтер " - "Барлық құжаттар" - "Құжаттар тізімін жаңарту" - "Ұлттық қордан есептеулер".

Биыл 18 жасқа толған немесе толатын балаларға есептелген нысаналы талаптар туралы мәліметтердің заңды өкілдің жеке кабинетінде көрсетілмеуі нысаналы талаптардың нысаналы жинақтарға (НЖ) айналуына байланысты. Осыған орай, есептелген қаржы туралы ақпаратқа қол жеткізу құқығы тікелей НЖ алушыға, яғни 2026 жылы 18 жасқа толған немесе толатын азаматқа беріледі. Аталған азаматтар НЖ туралы ақпаратты Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры интернет-ресурсындағы немесе электрондық үкімет порталындағы жеке кабинеті арқылы өз бетінше алуы тиіс. Ал 18 жасқа толғаннан кейін НЖ төлемдерін тұрғын үй жағдайларын жақсарту және (немесе) білім алу ақысын төлеу мақсатында алу үшін уәкілетті операторға жүгініп, АҚШ долларымен банктік шот ашып, онлайн-өтініш беруі қажет.

Бүгінгі күні уәкілетті операторлар:

  • "Отбасы банкі" АҚ (тұрғын үй және білім алу ақысын төлеу),

  • "Халық банкі" АҚ (білім алу ақысын төлеу),

  • "Банк ЦентрКредит" АҚ (білім алу ақысын төлеу).

Нысаналы талаптарға қатысушы кәмелетке толмаған балалар және нысаналы жинақтарды кәмелетке толған алушылар бойынша, сондай-ақ нысаналы жинақтарды тұрғын үйге және (немесе) білім алуға пайдалану жөніндегі статистикамен enpf.kz сайтында танысуға болады.

kids.enpf.kz сайтында Бағдарламаның шарттарымен танысып, қажетті нұсқаулықтар алып, өзіңізді қызықтыратын сұрақтарыңызға жауап алуға болады. БЖЗҚ/ЕНПФ YouTube-арнасында осы тақырып бойынша бейне нұсқаулықты көруге болады:

 

«БЖЗҚ» АҚ Басқарма төрағасы Ж.Б. Құрмановтың бейнетүсініктемесі:

https://www.youtube.com/watch?app=desktop&v=30CdPWl6dv0

«БЖЗҚ» АҚ Басқарушы директоры М.Т. Шәріповтың бейнетүсініктемесі:

https://www.youtube.com/watch?v=APg2vATmMk0

«Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасы бойынша

«Сұрақ-жауап» бейнетүсініктемесі:

https://www.youtube.com/watch?v=4cKr1VCAvUk

https://www.youtube.com/watch?v=mrV0y37Gjnk

«Ұлттық қор – балаларға» сайты бойынша нұсқаулық:

https://www.youtube.com/watch?v=VgP3dmMwAHc

https://www.youtube.com/watch?v=jyC2c-HgqpQ

«Ұлттық қор – балаларға» бағдарламасын жүзеге асыру туралы нұсқаулық:

https://www.youtube.com/watch?v=bqeT41rWecA

https://www.youtube.com/watch?v=pNBSS1VHdWU

18 сентября 2026
Егін жинау науқаны кезіндегі қауіпсіздік

Шемонаиха ауданында егін жинау науқаны жалғасуда. Осы кезеңде өрт қауіпсіздігі талаптарының сақталуына ерекше назар аудару қажет.

Жұмыстарды бастар алдында ауыл шаруашылығы техникасы жарамды күйде болуы, шаңнан және өсімдік қалдықтарынан тазартылуы және өрт сөндіргіштермен жабдықталуы тиіс. Отпен жұмыс істеу кезінде сақтық шараларын сақтау және егістік алқаптардың, қоймалардың және өнім сақтау орындарының маңында темекі шегуге жол бермеу қажет.

Өрт қауіпсіздігі қағидаларын сақтау егінді, техниканы және мүлікті сақтауға, сондай-ақ адамдардың өмірі мен денсаулығына төнетін қатердің алдын алуға мүмкіндік береді.

Өрт туындаған жағдайда дереу 101 немесе 112 нөмірлеріне қоңырау шалыңыз.

18 сентября 2026
Балық аулау кезіндегі қауіпсіздік

Балық аулау — табиғат аясындағы жағымды демалыс, алайда қарапайым қауіпсіздік қағидаларын сақтамау қайғылы салдарға әкеп соғуы мүмкін.

Су айдынындағы демалыс қауіпсіз болуы үшін:

  • балық аулау үшін тек рұқсат етілген және қауіпсіз орындарды таңдаңыз;
  • алкогольдік масаң күйде суға шықпаңыз;
  • қайықты пайдаланған кезде міндетті түрде құтқару кеудешесін киіңіз;
  • қайыққа шамадан тыс жүк артпаңыз және қозғалыс кезінде орныңыздан тұрмаңыз;
  • суға шығар алдында қайықтың жарамдылығын, ескектердің, құтқару құралдарының және су өткізбейтін қаптағы телефонның болуын тексеріңіз;
  • қатты жел, найзағай кезінде немесе ауа райы күрт нашарлаған кезде балық ауламаңыз;
  • тайғақ жағалауларда, жарқабақтар мен пирстерде абай болыңыз;
  • балаларды су маңында қараусыз қалдырмаңыз;
  • жақындарыңызға балық аулайтын жеріңіз бен уақытын хабарлаңыз.

Есте сақтаңыз: су немқұрайлылықты кешірмейді. Қарапайым ережелерді сақтау өмір мен денсаулықты қорғауға және балық аулауды қауіпсіз демалысқа айналдыруға көмектеседі.

Шемонаиха ауданының Төтенше жағдайлар бөлімі

17 сентября 2026
Жемқорлыққа жол жоқ
15 сентября 2026
Шемонаиха ауданының 2026 жылғы тамыздағы әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері

Шығыс Қазақстан облысында Шемонаиха ауданы 3,96 мың шаршы километр аумақты алып жатыр. 2026 жылдың 1 қаңтарына ауданның халық саны – 40 047 адамды құрады, оның ішінде қала халқының  саны – 17 842 адам, ауыл халқының саны – 22 205 адамды құрады. Ауданда 10 ауылдық округ, 32 елді мекен бар.

ӨНЕРКӘСІП

Өнеркәсіп өнімінің көлемі (жұмыс және қызмет көрсету) 2026 жылдың тамыз айында нақты бағада 122,5 млн.теңге құрады. Өнеркәсіп өндірісінің нақты көлем индекс көрсеткіштері 93,3% құрады. Тау-кен өнеркәсібі  87,0%, өңдеуші  өнеркәсібі  116,5%, азық түлік өнімдерін өндіру            104,9% құрады.

ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТТЕР ТУРАЛЫ

2026 жылдың тамыз айында инвестицияның көлемі негізгі капиталға 22 097,0 млн теңгені құрады. Инвестициялар нақты көлемінің индекс көрсеткіштері 84,1% құрады. Тұрғын үйді енгізу  өткен жылдың сәйкес кезеңіне салыстырғанда 101,6%  құрады.

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ.

2026 жылдың тамыз айында барлық шаруашылық санаттарында союға арналған мал мен құстың тірі салмағы  2051,2 тонна (2025 жылдың сәйкес кезеңіне 78,8%-ды) құрады.

31 736,4 тонна (115,3%) - сүт өндірісі.

4 669,5 дана (80,6%) – жұмыртқа.

2026 жылдың тамыз айында Ірі қара мал саны  112,2%, оның ішінде сиырдың басы 121,9% көбейді, қой мен ешкі саны 87,8%, жылқы басы  82,5%, шошқа басы 84,1%,  құс басы  112,7%  құрады.

2026 жылдың тамыз айында орташа еңбек ақы мөлшері 416 772 теңгені құрады, 2025 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 112,3 %-ға ұлғайды

Шағын бизнес кәсіпорындардың тіркелу саны өткен жылдың салыстырмалы кезеңіне 101,8 % құрады.

shemonaiha.vko.gov.kz / Cтатистика

Орындаушы:

Шагатаева Р.Б.

Тел. +7 (72332) 3-13-55

Шемонаиха ауданының Статистика басқармасының басшысы:

Шагатаева Р.Б.

Тел. +7 (72332) 3-13-55

E-mail: ra.shagataeva@aspire.gov.kz

Мекенжай:

Капорина 35

© Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаменті

Баспасөз хабарламаларын бекіту

Шемонаиха ауданының  2026 жылғы тамыздағы

әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері

№8 2026 жылғы 14 қыркүйек

Лауазымы

Қолы

Ажыратылуы

Шемонаиха ауданының Статистика басқармасының басшысы

 

Р.Б. Шағатаева

 «14» қыркүйек 2026 жыл

 

 

11 сентября 2026
«БЖЗҚ» АҚ-да зейнетақы жинақтарын басқарудың жаңа мүмкіндіктері тақырыбындағы ашық есік күні қалай өтті?

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

 

«БЖЗҚ» АҚ-да зейнетақы жинақтарын басқарудың

жаңа мүмкіндіктері тақырыбындағы ашық есік күні қалай өтті?

 

2026 жылғы қыркүйектің 11 күні «БЖЗҚ» АҚ (БЖЗҚ, Қор) ұйымдастырған кезекті Ашық есік күні өткізілді. Іс-шара «Салымшылардың өз зейнетақы активтерін басқаруға қатысуы және инвестициялық портфельді басқарушылар туралы ақпаратты өз бетінше алуға болатын invest.enpf.kz порталы» тақырыбына арналды.

Кездесу қатысушыларына 2026 жылғы 7 қыркүйектен бастап қолданылатын Қазақстан Республикасының Әлеуметтік кодексіне енгізілген, БЖЗҚ салымшыларының зейнетақы жинақтарын басқару бойынша стратегиялар мен портфельдерді өз бетінше таңдау құқықтарын едәуір кеңейтетін өзгерістер туралы толық ақпарат ұсынылды.

Осы өзгерістерге сәйкес салымшылар өз жинақтарының 100%-ына дейін инвестициялық портфельді басқарушыларға (ИПБ) сенімгерлік басқаруға бере алады. Жаңа мүмкіндіктердің жинақтарды басқарудың ұзақ мерзімді кірістілігін арттыруға бағытталғаны, бұл ретте ең қолайлы инвестициялық стратегиясы мен кірістілік тарихы бар ИПБ-ны таңдау мүмкіндігі берілетіні түсіндірілді.

Қатысушыларға міндетті зейнетақы жарналарының (МЗЖ) және ерікті зейнетақы жарналарының (ЕЗЖ) салымшылары, сондай-ақ өздері үшін міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) және ЕЗЖ аударылған жеке тұлғалар өз жинақтарының сенімгерлік басқаруға берілетін көлемін өз бетінше айқындай алатыны, сондай-ақ өздерінің қаржылық мақсаттарына сәйкес бір немесе бірнеше ИПБ-ны, бір немесе бірнеше инвестициялық портфельді таңдай алатыны айтылды.

БЖЗҚ мамандары салымшыларға ыңғайлы болу үшін іске қосылған, зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруға қатысты негізгі ақпаратты біріктіретін invest.enpf.kz бірыңғай ақпараттық интернет-платформасымен де таныстырды. Платформа кірістілік туралы ақпаратқа ыңғайлы әрі құрылымдалған қолжетімділікті қамтамасыз етеді, сондай-ақ белгіленген кезеңдер аралығындағы деректерді динамикада салыстыруға, барлық сенімгерлік басқарушылардың (ҚР Ұлттық Банкі мен ИПБ) басқаруындағы портфельдер бойынша түрлі көрсеткіштерді салыстырып, зерделеуге мүмкіндік береді. Салымшы инвестициялық портфельдерді бағалап, өзінің мүдделерін ескере отырып басқарушы мен оның инвестициялау стратегияларын өз бетінше таңдай алады.

Сондай-ақ ИПБ басқаруына берілген зейнетақы жинақтарын қорғау тетіктеріне қатысты сұрақтарға жауаптар берілді.

Кездесу барысында «БЖЗҚ» АҚ мамандары жаңашылдықты енгізу талаптарын түсіндіріп қана қоймай, ИПБ-ны қалай дұрыс таңдау және зейнетақы жинақтарын қалай аудару керектігін айтып, қатысушылар мен бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің отандық зейнетақы жүйесіне қатысты басқа да сұрақтарына жауап берді.

«Ашық есік күніне» қатысушылардың пікірінше, кездесу жоғары ұйымдастырушылық деңгейде өтіп, қызу пікірталастармен ерекшеленді. «БЖЗҚ» АҚ өкілдері Қазақстанның жинақтаушы зейнетақы жүйесіне енгізіліп жатқан өзгерістердің барлық ерекшеліктерін түсінікті әрі қолжетімді түрде түсіндірді.

 

БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, сондай-ақ "Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым аударған кепілдік берілген депозит бойынша кепілдік берілген өтемнің талап етілмеген сомасы есебінен қалыптастырылған ерікті зейнетақы жарналарын есепке алып, оның есебін жүргізеді, зейнетақы төлемдерін жүзеге асыруды қамтамасыз етеді. Сондай-ақ Қор нысаналы активтер мен нысаналы талаптарды есепке алуды, нысаналы жинақтау шоттарына нысаналы жинақтарды (НЖ) есепке алу мен есептеуді, НЖ төлемдерін оларды алушының банк шоттарына есептеуді, "Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасы шеңберінде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен НЖ қайтарымдарын есепке алуды жүзеге асырады (толығырақ www.enpf.kz сайтында).

 

 

10 сентября 2026
Қайырлы күн, әріптестер! Барлық мемлекеттік қызметшілер үшін АҚПАРАТТЫҚ ХАТ!

Қазақстан Республикасының заңнамасы талаптарының бұзылуының алдын алу, қызметтік әдеп нормаларын сақтау және мемлекеттік қызметтің оң имиджін қалыптастыру мақсатында мемлекеттік қызметшілердің әлеуметтік желілер мен мессенджерлерді пайдалану кезінде жауапты әрі әдепті мінез-құлық таныту қажеттігіне назар аударамыз.

Қазіргі уақытта әлеуметтік желілер кең көлемде ақпарат тарату алаңы болып табылады. Онда орналастырылған жеке жарияланымдар, фотосуреттер, бейнематериалдар, пікірлер, мәртебелер (статустар) және өзге де ақпараттар көпшілікке қолжетімді болып, мемлекеттік қызметші туралы пікір қалыптастыруға және азаматтардың мемлекеттік қызметке деген сеніміне әсер етуі мүмкін.

Осыған байланысты мемлекеттік қызметшілерге әлеуметтік желілерді пайдалану кезінде келесі қағидаларды сақтау ұсынылады:

1. Жеке және ресми аккаунттарды ажырату.

Мемлекеттік органдардың, құрылымдық бөлімшелердің және лауазымды тұлғалардың ресми парақшалары тек қызметтік ақпаратты өздеріне берілген өкілеттіктер шегінде орналастыру үшін пайдаланылуы тиіс.

Мемлекеттік қызметшінің жеке парақшасы оның жеке ақпараттық кеңістігі болып табылады. Алайда оның мазмұны Қазақстан Республикасының заңнамасының талаптарына, мемлекеттік қызметшілер үшін белгіленген шектеулерге, сондай-ақ Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексінің нормаларына қайшы келмеуі тиіс.

Бұл ретте парақшада «жеке парақша» деген белгі қою немесе жарияланған пікірдің жеке көзқарас болып табылатынын көрсету мемлекеттік қызметшіні заңнама талаптары мен қызметтік әдеп нормаларын сақтау міндетінен босатпайды.

2. Жарияланымдарды, фотосуреттерді, бейнематериалдар мен мәртебелерді (статустарды) орналастыруға жауапкершілікпен қарау.

Әлеуметтік желілерде:

* мемлекеттік қызметтің немесе мемлекеттік органның беделіне нұқсан келтіруі мүмкін;

* мемлекеттік қызметшінің кәсіби және моральдық-әдептік қасиеттері туралы теріс пікір қалыптастыратын;

* сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың талаптарына қайшы келетін;

* мүдделер қақтығысының туындауына негіз болатын;

* балағат, қорлайтын, арандатушылық немесе адамның қадір-қасиетін кемсітетін сипаттағы;

* мемлекеттік қызметшінің жоғары мәртебесіне сәйкес келмейтін мінез-құлықты көрсететін;

* қолжетімділігі шектеулі мәліметтерді немесе көпшілікке жариялауға арналмаған қызметтік ақпаратты қамтитын материалдарды орналастырудан аулақ болған жөн.

Мәртебелерге (статустарға), Stories форматындағы жазбаларға, фотосуреттер мен бейнематериалдарға ерекше назар аудару қажет, себебі қысқа уақытқа орналастырылған ақпараттың өзі басқа пайдаланушылар тарапынан сақталып, таратылып, қоғамдық талқылауға түсуі мүмкін.

3. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерге қайшы келетін жарияланымдарға жол бермеу.

Мемлекеттік қызметшілер әлеуметтік желілерде қымбат тұратын заттарды, сән-салтанатты, демалысты және өзге де материалдық игіліктерді олардың алынуының заңды көзі анық көрсетілмеген жағдайда көрсетуі азаматтардың тарапынан негізді сұрақтар туындатып, мемлекеттік қызметшінің беделіне кері әсер етуі мүмкін екенін ескеруі қажет.

Әлеуметтік желілерді мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама талаптарына сәйкес келмейтін коммерциялық қызметті, тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді жарнамалау немесе ілгерілету мақсатында пайдалануға жол берілмейді.

Сондай-ақ қызметтік жағдайын, лауазымын, мемлекеттік рәміздерді, мемлекеттік органның ресурстарын немесе мемлекеттік органның беделін жеке мүддесіне пайдаланғандай әсер қалдыратын жарияланымдардан аулақ болу қажет.

4. Қызметтік әдеп нормаларын сақтау.

Әлеуметтік желілерді жүргізу кезінде мемлекеттік қызметшілер мынадай қағидаттарды басшылыққа алуы қажет:

* адалдық;

* әділдік;

* шынайылық;

* азаматтар мен әріптестерге құрметпен қарау;

* әдептілік және ұстамдылық;

* объективтілік;

* өз әрекеттері мен пікірлері үшін жауапкершілік.

Азаматтармен, әріптестермен және мемлекеттік органдардың өкілдерімен жария түрде жанжалға түсуге, балағат сөздер айтуға, қорқытуға, кемсітуге, сондай-ақ қызметтік әдеп талаптарына сәйкес келмейтін нысанда интернеттегі пікірталастарға қатысуға жол бермеу қажет.

5. Мемлекеттік қызметшінің мәртебесін есте сақтау.

Мемлекеттік қызметші ресми немесе жеке аккаунтты пайдаланғанына қарамастан, оның әлеуметтік желілердегі жария мінез-құлқы өзі қызмет атқаратын мемлекеттік органмен байланыстырылуы мүмкін екенін түсінуі тиіс.

Кез келген материалды жарияламас бұрын өзіңізге мынадай сұрақтар қойған жөн:

Бұл заңнама талаптарын бұзбай ма?

Бұл Әдеп кодексіне қайшы келмей ме?

Жарияланым лауазымды жеке мүддеге пайдалану туралы түсінік қалыптастырмай ма?

Ол мемлекеттік қызметтің беделіне кері әсер етуі мүмкін бе?

Мен бұл жарияланымның мазмұнын басшылық пен азаматтарға түсіндіруге дайынмын ба?

Күмән туындаған жағдайда мұндай жарияланымды орналастырудан бас тартқан жөн.

Мемлекеттік қызметшілердің заңнама талаптары мен қызметтік әдеп нормаларын сақтауы тек жұмыс уақытында және қызметтік міндеттерін орындау кезінде ғана емес, сонымен қатар олардың ақпараттық кеңістіктегі жария мінез-құлқына да қатысты екеніне назар аударамыз. Бұл ретте мұндай мінез-құлық мемлекеттік қызметтің беделіне және заңнамада белгіленген шектеулерге әсер етпеуі тиіс.

Мемлекеттік органдар мен аппараттардың басшыларына осы ақпараттық хатты барлық мемлекеттік қызметшілерге жеткізуді және тиісті профилактикалық әрі түсіндіру жұмыстарын жүргізуді қамтамасыз ету ұсынылады.

Осы ұсынымдардың негізгі мақсаты — мемлекеттік қызметшілердің әлеуметтік желілерді пайдалану құқығын шектеу емес, жауапты цифрлық мінез-құлықты қалыптастыру, әдептік және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу және мемлекеттік қызметтің жоғары беделін сақтау.

09 сентября 2026
Уба өзенінде шағын көлемді кемелерді пайдалануға тыйым салынды

Судағы адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және су айдындарындағы жазатайым оқиғалардың алдын алу мақсатында өңір тұрғындары мен қонақтарына Уба өзенінің жекелеген учаскелерінде шағын көлемді кемелерді пайдалануға тыйым салынғанын еске саламыз.

Уба өзені — ағысы құбылмалы, тереңдігі әртүрлі учаскелері, су астындағы кедергілері және кеме жүргізушілері мен жолаушыларға қауіп төндіруі мүмкін өзге де факторлары бар су нысаны. Осыған байланысты тыйым салынған учаскелерде шағын көлемді кемелерді пайдалану адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіреді.

Шемонаиха ауданының ТЖБ

Социальные сети
Меню подвал
ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы