Шемонаиха ауданында Уба өзенінде балықшыларды жиі көруге болады. Балықты жағадан да, қайыққа отырып та аулайды. Қыста балықшылар мұзға шығады.
Балық аулау - белсенді демалыстың тамаша түрі екенін барлығы біледі. Ал бірақ балық аулаған кезде қармағы бар адамға әртүрлі қауіптің төнетіні жайлы барлығы ойлана бермейді. Бұл арада кез келген су қоймасы, тіпті бұрыннан таныс болса да, белгілі бір дәрежеде тәуекел орны болып табылады. Сондықтан балық аулауды ұнататын әрбір адамға үнемі назар аудару мен қарапайым қауіпсіздік шараларын сақтау қажет. Күз айларында су біршама суық және қайық аударылып кеткен жағдайда, балықшы суға құлап кетсе су болған киімі оны төмен тартып, әрбір қимылын қиындатады. Сондықтан құтқарылу қиынға соғады.
Балық аулау кезінде су қоймалардағы жазатайым оқиғалардың алдына алу мақсатында 2021 жылғы 27 қыркүйекте Шемонаиха ауданының ТЖ бөлімі қызметкерлері балық аулау құралдарын сататын дүкендер арқылы балық аулау кезіндегі қауіпсіздік шаралары туралы балықшыларға арналған жадынамаларды тарату арқылы алдын алу іс-шараларын жүргізді. Екі балық аулау құралдарын сататын дүкеннің иелерімен және сатушылармен балық аулау құралдарын сатқан кезде сатып алушыларға балық аулау кезіндегі су қоймаларындағы қауіпсіздік шаралары туралы нұсқаулықпен танысуға ұсыну және жадынамаларды беру келісіміне қол жеткізілді.
Шемонаиха ауданының ТЖБ