
Шемонаиха ауданы әкімінің 2020 жылғы 28 ақпандағы № 63 қаулысымен Шемонаиха ауданы Усть-Талдовка кентінде өрт сөндіру бекеті құрылды. Өрт сөндіру бекеті өз қызметін 2020 жылғы 1 сәуірден бастады. Бекет штатында 4 жүргізуші бар. Екі жүргізуші, азаматтық қорғау органдарының бұрынғы қызметкерлері, олардың жүргізуші лауазымында 20 жылдан аса жұмыс өтілдері бар, бұлар Юрий Андреев пен Павел Кожехов. Осы толық емес айдың ішінде өрт сөндіру бекеті екі рет Усть-Таловка кентінде болған өрттерді сөндіруге қатысты. Екі жағдайда да өрт сөндіру бекетінің автоцистернасы өрт орнына мемлекеттік өртке қарсы қызметінен бұрын жетіп, олар келгенше өрттің бастапқы деңгейінде өрттті сөндіруге шаралар қабылдады, соның арқасында екі өрт қысқа уақытта сөндірілді және өртенушілер үшін шығын аз болды.