
Ауданда 2023 жылдың 15 мамыр мен 1 шілде аралығында "Мерейлі отбасы" ұлттық байқауының 1 кезеңі өткізіледі.
Байқаудың мақсаты отбасы институтын нығайту, ата-аналардың бала тәрбиесіндегі жауапкершілігін арттыру, отбасылық құндылықтарды көрсету және кеңінен насихаттау, қазақстандық отбасының жағымды имиджін насихаттау болып табылады.
Конкурсқа қатысуға еңбектегі, спорттағы, шығармашылық, зияткерлік, ғылыми жетістіктері жоғары отбасылар жіберіледі.
Байқау үш кезеңде өткізіледі. Бірінші кезең – аудандық, екінші – өңірлік (облыстық), үшінші – ұлттық.
Конкурсқа қатысу үшін өтінім келесі құжаттармен бірге аудандық комиссияға беріледі:
1. ата-аналардың (қорғаншылардың, қамқоршылардың) жеке басын куәландыратын құжаттардың көшірмелері, балалардың туу туралы куәліктерінің көшірмелері;
2. асырап алушы (қорғаншы) отбасылар үшін-жергілікті уәкілетті органның кәмелетке толмаған балаға қорғаншылықты (қамқоршылықты) белгілеу туралы шешімінен үзінді көшірме;
3. неке қию туралы куәліктің көшірмесі (бар болса);
4. ата –анасының біреуі қайтыс болған жағдайда қайтыс болу туралы куәліктің көшірмесі-бар болса;
5. балаларды тәрбиелегені үшін көтермелеулердің, белгілі бір жетістіктері үшін көтермелеулердің бар екенін куәландыратын құжаттардың көшірмелері;
6. балалардың, ата-аналардың (қорғаншылардың, қамқоршылардың) жұмыс (оқу)орнынан анықтамалар және мінездемелер;
7. ұсыныстар (әріптестер, көршілер, достар);
8. отбасы мүшелерінің еңбектегі, спорттағы, шығармашылық, зияткерлік, ғылыми жоғары жетістіктерін растайтын құжаттардың көшірмелері.
Ұсынылатын құжаттардың көшірмелерін үміткерлер ұсынған түпнұсқалар негізінде аудандық комиссияның төрағасы куәландырады.
Ұлттық конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлғалар 2023 жылғы 15 мамырдан 15 маусымға дейін Қазақстан Республикасы, ШҚО , Шемонаиха ауданы, Шемонаиха қаласы, Анатолий Иванов атындағы көшесі, 59 мекенжайы бойынша Шемонаиха ауданының ішкі саясат бөліміне өтінім береді.
Анықтама телефондары 3 29 54.
Қашықтықтан конкурс қорытындысы бойынша аудандық комиссия алынған ақпараттың дұрыстығын, толықтығын және ресімделу сапасын тексеруді жүзеге асырады. Бір қатысушыға (отбасына) арналған конкурстық материалдар аудандық комиссияға 2023 жылғы 15 мамырдан бастап 01 шілдеге дейін жолданады.
Комиссия мынадай өлшемшарттарды басшылыққа алады:
1) отбасы мүшелері жетістіктерінің саны мен маңызы (отбасы тарихы визит карточкасы - таныстыру рәсімі);
2) отбасылық дәстүрлер және жәдігерлер;
3) отбасының рухани-адамгершілік кұндылықтары;
4) балаларының және немерелерінің жетістіктері (бар болса);
5) ата-аналарының үлгі тұтарлық жетістіктері;
6) отбасы құрамы (отбасы мүшелерінің саны – бір аумақта бірге тұрып жатқан бірнеше ұрпақтың өкілдері);
7) отбасының дарындары;
8) отбасының тұрмыс салты (саламатты өмір салты, бос уақыты);
9) қоғамдық-пайдалы қызметке (волонтерлікке, қайырымдылыққа, меценаттыққа) қатысуы;
10) жетім балаларға қамқоршылық, тәлімгерлік.
Комиссияның әрбір мүшесі отбасыларды балдық жүйе бойынша бағалайды (1-ден 10-ға дейін).
Өлшемшарттардың бірі бойынша ақпарат болмаған жағдайда, аталған өлшемшарт бағаланбайды.
Балдардың жалпы саны тең болған жағдайда, түпкілікті шешім ашық дауыс беру арқылы қабылданады.
|
|
"Мерейлі отбасы" |
"Мерейлі отбасы" ұлттық конкурсына қатысуға арналған өтінім
-Тегі, аты, әкесінің аты (бар болса);
-Туыстық дәрежесі;
- Туған күні (күні, айы, жылы);
- Жұмыс, оқу орны, қызмет түрі, лауазымы;
Тұрғылықты мекенжайы, байланыс телефоны.
Қолы __________
Күні __________
#otbasym2023