«Есік ашар» тақырыбында танымдық сабақ

«Есік ашар» тақырыбында танымдық сабақ

Шемонаиха қаласы Мемлекеттік және басқа тілдерді оқыту орталығынының ұйымдастыруымен наурыз айының 13-жұлдызында тыңдаушылар арасында қазақтың көне салт-дәстүрі «Есік ашар» тақырыбында танымдық сабақ өтті. Оқыту орталығының директоры Оразғалиева Б.А. қазақтың жоралғыларын ескере отырып, келген қонақтарды «Көрісу» дәстүрі арқылы қарсы алып, төрге шығарып, сый-құрмет көрсетті.

Сабақ аясында Оқыту орталығының оқытушысы Сағидолдина Ғ.У.  қатысушыларды келе жатқан Ұлыстың ұлы күні әз - Наурыз мейрамымен құттықтап, көне «Есік ашар» дәстүрінің шығу тарихымен, жөн-жоралғысымен таныстырып, видео материалдар арқылы жаңа ақпарат берді.

Танымдық сабаққа қатысушылар қазақтың дәстүрімен қатар, қазақтың ұлттық ойыны «Асық ату» ойынын да ойнап, жағымды психологиялық ахуал тудырды.

Сабақ соңында қатысушылар өз ойларымен бөлісіп, ұйымдастырушыларға алғыстарын білдіріп, бүгінгі сабақта қоржындарын пайдалы ақпаратқа толтырғандарын атап өтті.