
Ағымдағы жылдың 5 наурызында Абайдың 175 жылдығына орай ұйымдастырылған «Абайдың тілі – адамзаттың рухани қазынасы» атты эссе жазудан облыстық байқауына Мемлекеттік және басқа тілдерді оқыту орталығы тарапынан ауыл-шаруашылық бөлімінің аудармашысы Гереева С. қатысып, алғыс хатпен марапатталды. Аталған байқаудың басты мақсаты – Қазақстан Республикасындағы тіл саясатын іске асырудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретіндегі толыққанды қызметін қамтамасыз ете отырып, мемлекеттік тілді жаңғырту, тіл мәдениетін одан әрі арттыру және дамыту, тыңдаушылар арасынан өз ойын еркін әрі көркем жеткізе алатын, шығармашылық бағытта жан-жақты дамыған, қазақша сауатты жаза алатын тұлғаларды анықтау.