Су тасқыны кезеңіне дайындалу мақсатында 2020 жылғы 14 ақпанда Шемонаиха қаласында Шемонаиха

Су тасқыны кезеңіне дайындалу мақсатында 2020 жылғы 14 ақпанда Шемонаиха қаласында Шемонаиха

Су тасқыны кезеңіне дайындалу мақсатында 2020 жылғы 14 ақпанда Шемонаиха қаласында Шемонаиха ауданының әкімі Г.И. Акуловтың төрағалығымен ТЖ аудандық комиссиясының жоспарлы отырысы өткізілді. Отырыста «Казгидромет» РМК мәліметі бойынша Шемонаиха ауданының аумағында қар қоры орташа-көпжылдық нормадан 20-50  % артық екені айтылды.  Сонымен қатар Шемонаиха ауданында топырақтың қату тереңдігі 6 см құрайды. Топырақтың қату тереңдігі 2018 және 2019 жылдардағы көрсеткіштерден бірнеше есе төмен. Шемонаиха ауданында қар жамылғысының биіктігі 90 см асады.

         Ауданда қар шығару (2020 жылғы 14 ақпан жағдайында 12 мың куб қар) бойынша су тасқынына қарсы іс-шаралар жүргізілуде, 1800 дана құм салынған қаптар және 200 тонна инертті материалдар дайындалды, ЖЖМ қоры құрылды. Көп жылғы байқау бойынша су басуы мүмкін елді мекендердің көшелері анықталды. Су басуы мүмкін аймаққа 7 елді мекен, 1165 адам тұратын 504 үй кіреді. Жергілікті атқарушы орган ТЖ бөлімімен бірге су тасқыны кезіндегі іс-әрекет бойынша тұрғындарға түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.              

«Көктем-2020» РКШОЖ өткізу аясында 2020 жылғы 18 ақпанда Шемонаиха қаласында ауданның азаматтық қорғау қызметтері мен құрылымдарын тарту арқылы тактикалық-арнайы жаттығу өткізілді. Жаттығу мақсаты: су тасқыны мен басуы кезінде АҚЖ ұйымдастыру бойынша практикалық іс-әрекетті өтеу: ТЖ жою бойынша басшының жаттығуы – жағдайды бағалау, шешуші бағытты таңдау, күштер мен құралдарды орналастыру бойынша шешім қабылдау, ТЖ жою бойынша штаб – күштер мен құралдарды басқару, жеке құрам – авариялық-құтақару жабдықтарымен жұмыс жасау амалдары мен әдістері.    

Жаттығу барысында жедел ден қою жасағына қарау өткізілді, құлақтандыру, эвакопунктерге тұрғындарды эвакуациялау мен  орналастыру, каналдарды тазалау мен инертті материалдары бар құм салынған қаптарды орналастыру арқылы еріген судың бұру бойынша іс-әрекет өтелді. Сонымен қатар жергілікті катқарушы органы және Шемонаиха қ. 28-ӨСБ тасымалды мотопомпаларымен суды айдау бойынша іс-әрекет өтелді. Шемонаиха АЭС бригадасы су басқан көшелерді электр энергиясынан шартты ажыратты.    

Шемонаиха ауданының ТЖБ