
Өрт қауіпсіздігі деңгейін арттыру бойынша пәрменді шаралар қабылдау мақсатында, ағымдағы жылғы 15-30 қыркүйек аралығында Шемонаиха ауданынынң аумағында Шемонаиха ауданының ТЖБ қызметкерлері Шемонаиха ауданының ЖПҚ УИП, сонымен қатар көші-қон полициясының қызметкерлерімен бірлесе «Жатақхана» республикалық акциясының шеңберінде профилактикалық іс-шаралар өткізді. «Жатақхана» профилактикалық іс-шаралар өткізу кезінде Шемонаиха ауданының ТЖБ қызметкерлері Шемонаиха ауданының аумағындағы дәліз түріндегі көп пәтерлі тұрғын үйлерде өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Шемонаиха ауданының ТЖБ