Сүйікті өлке

Сүйікті өлке

1 ақпанда Шемонаиха өнер мектебінде «Сүйікті өлке» атты музыкалық кеш өткізілді. Балалар мен көрермендер біздің Отанымыз Шемонаиха, оның дамуына ықпал жасаған маңызды жайттар жайлы тарихты білді. Біздің қала көптеген талантты адамдарды өсірді – суретшілерді, жазушыларды, ақындарды, музыканттарды, олар өздерінің шығармашылығымен біздің шағын Шемонаиханы бүкіл әлемге танымал етті! Осы танымал тұлғалардың көбі біздің мектептің түлектері, бүгін туған өлкенің тамашалығын сөз, бояу, музыка арқылы нақты жеткізу қаншалықты керемет екендігін кешке қатысушылар айтты. Біз оларда туған қаланың тарихына деген қызығушылық, өзі үшін жаңа және қызықтыны ашуды, зерттеу жұмыстарын жүргізуді оятқымыз келді. «Біраз уақыт өткен соң басқа мектеп оқушылары сендер жайлы айтатын болар» - деген сөздермен туған қала және талантты адамдар жайлы музыкалық кеш аяқталды.