
«Shygys – adaldyq alany» жобасын іске асыру шеңберінде «Shemonaiha–adaldyq alany» жобалық кеңсесі құрылыс бөлімінің мамандарымен бірлесіп азаматтарға тұрғын үй қорынан пәтер беру мониторингін жүргізді.
ШҚО Шемонаиха ауданы Шемонаиха қаласында жалпы ауданы 4 594 ш.м. 60 пәтерлі тұрғын үйдің құрылысы басталды, пәтерлердің ауданы – 3 436 ш. м. құрайды, оның ішінде: - бір бөлмелі – 15 пәтер; - екі бөлмелі – 45 пәтер. Құрылыс құны-640,8 млн.теңге. 1 шаршы метрдің құны 140,0 мың теңгені құрайды. «GRANDINERT» ЖШС - мен 20.05.2020 жылы (мерзімі-2021 жылғы желтоқсан) 612,943 млн.теңге сомасына шарт жасалды. Жер жұмыстары, іргетас (қадалар) салу жұмыстары жүргізілуде.