
Шығыс Қазақстан облысы Бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің тұрғындар арасында коронавирус індетінің алдын алу үшін қабылданған қаулысының орындалуын қадағалау мақсатында мобильді топ мүшелері күнделікті рейдтер жүргізуді жалғастыруда. 2021 жылғы 22 қаңтарда жүргізілген рейдтер кезінде санитарлық талаптарды бұзған тұлғалар анықталған жоқ.