1. Өнеркәсіп
2020 жылғы қаңтар-ақпан айларында сомасы 11,8 млрд. теңгеге өнеркәсіп өнімдері өндірілді, бұл өткен жылдың деңгейінен 3,2 есе жоғары. Табиғи көлем индексі 160,4 % құрады.
Өткен кезеңде тау-кен өнеркәсібі саласында сомасы 11,1 млрд.теңгеге өнім өндірілген. Табиғи көлем индексі 2,2 есе. (2019 жылғы қаңтар-наурызда кенді қайта өңдеу жүргізілмегендіктен, қалдық қоймасын қайта жаңартуға байланысты Николаев байыту фабрикасының өндірістік қызметінің жоспарлы тоқтап қалуына байланысты айтарлықтай өсім болды).
2020 жылы KAZ MINERALS тобы Артемьевск шахтасының екінші кезегінің құрылысына 264,0 млрд.теңгеден астам қаражат жоспарлады.
Өңдеу өнеркәсібінің өндіріс көлемі 5,1 млрд. теңгені құрады, 2019 жыл деңгейіне 109,8 %. Сала бойынша ТКИ – 93,8 %.
Өндіріс көлемі: өсімдік және жануар майы, ұн-жарма өнімдері, дайын металл бұйымдарын өндіру ұлғайтылды.
2. Ауыл шаруашылығы
Ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің көлемі 2,1 млрд. теңгені құрады, өткен жылғы деңгейге 112,8 %. Табиғи көлем индексі – 103,8%.
Мал шаруашылығының жалпы өнімін өндірудің көлемі 2,1 млрд. теңге, өткен жылғы деңгейге 112,8%. Табиғи көлем индексі – 103,8%.
Тірідей салмақта ет өндірісінің көлемі 1,0 мың тонна (99,5%), сүт – 8,5 мың тонна (107,2%), жұмыртқа – 1 440 мың дана (105,2%) өндірілді.
Мал басы: ІҚМ – 28 320 бас (99,4%), оның ішінде сиыр – 9 663 бас (100,3%), қой және ешкі – 13 947 бас (98,7%), шошқалар –10 102 бас (100,3%), жылқылар – 3 287 бас (101,4%), құстар – 66 547 бас (117,3%).
Ауданда 230,4 мың га ауыл шаруашылық пайдалы жер бар, оның ішінде 140,5 мың гектар егіндік, 65,4 мың гектар жайылым және 17,8 мың гектар табиғи шабындық.
Алдын ала деректер бойынша 2020 жылы егіндік құрылымы мынаны құрайды: дәнді-бұршақ дақылдарды 55,9%, майлы дақылдар 34,9%, картоп және басқа да көкөніс өнімдері 1,1%. Қолда мал басын қажетті жем-шөп көлемімен қамтамасыз ету үшін жем-шөп дақылдары жалпы ауданнан 8,1% құрайды. Экспортқа бағдарланған соя және жүгері дақылдарын себу көлемін ұлғайту жоспарланған. Соя егістігі 826,4 га-дан 1350 га дейін, дәндік жүгері 1200 га-дан 1890 га дейін ұлғаяды.
Топырақтың құнарлығын және ауыл шаруашылық дақылдардың өнімділігін арттыру үшін ауыл шаруашылық тауар өндірушілері 9,0 мың тонна минералды тыңайтқыштарды жеткізуге шарттар жасасты (2019 жыл – 6,5 мың тонна).
Ауданның ауыл шаруашылық құрылымдары жаппай репродукция тұқымдары мен үшінші сынып тұқымдарынан бас тартты. 2020 жылғы егінге 16,2 мың тонна тұқым егілді. Зертхананың қорытындысы бойынша 14,6 мың тонна тұқым (91,3%) егу сапасына тексеруден өтті. Талдау нәтижелері бойынша 12,7 мың тонна – 1 және 2-класты (87,0%).
Көктемгі егіс жұмыстарын жүргізу үшін ауданға жеңілдік бағамен 3185 тонна дизель отыны бөлінді, жеткізіп беретін операторлар анықталды.
2020 жылдың басынан бастап Шемонаиха ауданының ауыл шаруашылық құрылымдары сомасы 195 млн.теңгеге 9 бірлік техника сатып алды.
3. Шағын бизнес
2020 жылғы 1 сәуірге шағын және орта бизнестің әрекеттегі субъектілері саны 1 922 бірлікті құрады (өткен жылғы деңгейге 68,3%). Төмендеу салық төлеушілердің ақшалай есеп айырысу кезінде тіркеу және (немесе) деректерді беру функциясы бар бақылау-касса машиналарын қолданғандықтн ЖК жабылуына байланысты. Жалпы тіркелгендер санынан әрекет ететін шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің үлесі 92,5 % құрайды (2019 жыл – 80,4%).
Бөлшекті сауда айналымының көлемі 2,6 млрд. теңгені құрады, 2019 жыл деңгейіне 95,4%. Табиғи көлем индексі – 90,1%. Негізгі төмендеу сауда кәсіпорындарының тауар айналымы көлемінің 32,4% азаюы есебінен болды.
4. Инвестициялар мен инфрақұрылымдық кешен
Негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 4 853,9 млн. теңгені құрады, өткен жылдың сәйкес кезеңіне 140,4 %, немесе жоспар-тапсырмаға 165,2%. Табиғи көлем индексі 137,0%.
Құрылыc-монтаждау жұмыстарының көлемі – 6 079,7 млн. теңге, 2019 жылдың деңгейінен 2,4 есе немесе жоспар-тапсырмаға 108,8 %, табиғи көлем индексі 2,4 есе.
Есепті кезеңде тұрғын үйді пайдалануға берудің жалпы ауданы 1 171 шаршы метрді құрады (103,7%).
5. Бюджет
2020 жылдың қаңтар-наурыз айлары бойынша жеке табыс бойынша аудан бюджеті 134,9% орындалды, жоспар бойынша 465,5 млн.теңге, нақты түскені 627,8 млн. теңге, өткен жылғы деңгейге қарағанда 129,7%.
2020 жылғы 3 ай қорытындысы бойынша алгоритмдер аясында қосымша 2,0 млн.теңге түсті, өткен жылғы деңгейге 34,2%.
2020 жылдың 1 сәуіріне бюджеттік бағдарламалар әкімшілерімен бюджеттік қаражат – 99,7 % игерілді, 1 555,4 млн. теңге жоспардан, 1 551,3 млн. теңге игерілді. Бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің шоттағы қалдықтары 4,0 млн.теңгені құрады.
Қалдықтардың негізгі себептері: бос орындар, жұмысқа жарамсыздық парақтары, іссапарлардың және еңбек демалыстары кестелерінің өзгеруі, мемлекеттік сатып алулар бойынша үнемдеу – 1,5 млн.теңге, келіс-шарттардың ұзақ жасалуы және орындалған жұмыс актілерінің болмауы – 0,5 млн.теңге, алушылар санының азаюы және НҚА өзгеруі – 1,1 млн.теңге, дөңгелектеу және тұтынудың табиғи көлемінің өзгеруі есебінен – 0,6 млн. теңге, бюджеттің кіріс бөлігін орындамау 0,3 млн. теңге.
6. Халықты жұмыспен қамту
Орташа айлық еңбекақы 163 184 теңгені құрады, өткен жылдың деңгейіне 117,3%.
2020 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша ресми тіркелген жұмыссыздар саны 273 адамды құрады, ол 2019 жылғы деңгейден 13,9% төмен (2019 жылғы 01 сәуірге 317 адам). Талданып отырған кезеңде 48 жұмыс орны құрылды (2019 жыл - 90). 204 жұмыссыз жұмысқа орналастырылды, жұмыспен қамту қызметіне жүгінендер санынан аудан бойынша жұмысқа орналастыру деңгейі 75,0% құрады (2019 жылдың 01 сәуіріне – 59,6%).
Ақы төленетін қоғамдық жұмыстарға 103 адам тартылды, жастар тәжірибесіне 11 адам, әлеуметтік жұмыс орындарына 25 адам жолданды.
2020 жылғы қаңтар-наурызда атаулы әлеуметтік көмек 11,1 млн.теңге сомасына 106 өтініш білдірушілерге тағайындалды және төленді (458 адам), 0,1 млн. теңге сомасына 6 алушыға тұрғын үй көмегі төленді.
7. Білім беру және спорт
Ауданда 5 139 оқушысы бар жалпы білім беретін 23 мектеп, 765 баланы қамтитын 2 қосымша білім беру мекемелері, 11 балабақша, оларда 1378 баланы қамтитын 66 топ, 15 бірлік – шағын орталықтар, оларда 304 баланы қамтитын 17 топ жұмыс істейді.
3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі ұйымдармен қамту 100% құрады, 1-ден 6 жасқа дейін – 89,6%. МДББҰ 0 жастан 3 жасқа дейін 380 бала кезекте тұр.
8. Денсаулық сақтау
2020 жылғы қаңтар-наурыз айларында ауданда 131 адам туылды, 2019 жылдың ұқсас кезеңінде 133 (2 адамға аз), 172 адам қайтыс болды, 173-ге қарсы (1 адамға аз).Бала өлімінің 1 жағдайы тіркелді, 1000 тірі туылғанға көрсеткіш 8,2 және ана өлімінің 1 жағдайы, 1000 тірі туылғанға көрсеткіш 8,2.
Туберкулезбен сырқаттанушылық 7 жағдай немесе 100 мың тұрғынға 15,9 (2019 жыл – 2 жағдай, 100 мың тұрғынға 4,5). Туберкулезден қайтыс болған жағдай тіркелген жоқ.
Қатерлі ісікпен ауыру 30 жағдай (2019 жыл – 45 жағдай) немесе 100 мың тұрғынға 67,1 және өлім-жітім 16 жағдай тіркелді (2019 жыл – 33 жағдай) немесе 100 мың тұрғынға 75,1.
9. Құқықтық тәртіпті сақтау
2020 жылғы қаңтар-наурыз айларында аудан аумағында 132 қылмыс тіркелді, бұл 2019 жылдың ұқсас кезеңінің деңгейінен 2,2 % төмен (2019 жылғы қаңтар-наурызда - 135).
Қылмыстардың деңгейі 10 мың тұрғынға 123,0 құрады (2019 ж. – 123,4). Қылмыстардың ашылуы 91,8% (2019 жыл – 91,2%).
Ағымдағы жылы 2 ЖКО болды, онда 4 адам зардап шекті, қайтыс болғандар жоқ (2019 жылы - 1 ЖКО, 1 зардап шегуші, қайтыс болғандар жоқ).
Экономика және бюджетті
жоспарлау бөлімінің басшысы А.Самойлова