Меню

Страницы

Статья

«Шемонаиха ауданының 2019 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары және 2020 жылға арналған міндеттер туралы» ақпарат

1. Өнеркәсіп

2019 жылы шығарылған өнеркәсіп өнімдерінің көлемі 65,2 млрд. теңге, бұл өткен жылдың деңгейіне 108,5 % құрады. Табиғи көлем индексі 116,9 % құрады.

Өткен кезеңде тау-кен өнеркәсібі саласында  сомасы 38,9 млрд.теңгеге өнім өндірілген. Табиғи көлем индексі 102,9 %.

Өңдеу өнеркәсібінің өндіріс көлемі 32,1 % өсті және 24,5 млрд. теңгені құрады. Сала бойынша ТКИ – 158,4 %. Өсімдік майы, жануарларға арналған дайын жем, киім, қағаз өнімдері, жиһаз өндіру көлемі артты.

Өнеркәсіптегі перспективалық бағыттар:

тау-кен өндіру

 - KAZ MINERALS Тобы Солтүстік-Николаев кен орны оқпанының Артемьев шахтасының екінші кезегін салу;

өңдеу

 - "ИХМЗ Динатрон" ЖШС өндірісін іске қосу»;

- "Востоксельхозпродукт" ЖШС өндірісін жаңғыртуды аяқтау - жаңа үй-жайлар салу және май сілтісіздендіру цехына (экстракция цехы), күнбағыс тұқымын сығу цехына және қазандыққа жаңа жабдықтар сатып алу.

  1. Ауыл шаруашылығы

Ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің көлемі 32,8  млрд. теңгені құрады, өткен жылғы деңгейге 116,2 %. Табиғи көлем индексі – 102,7%. Облыстық көлемде ауданның үлесі 5,6% құрайды.  

Мал шаруашылығының жалпы өнімін өндірудің көлемі 9,8 млрд. теңге. Табиғи көлем индексі – 102,4%.

Мал басы: ІҚМ – 24 142 бас (98,9%), оның ішінде сиыр – 9 663 бас (101,3%), қой және ешкі – 11 707 бас (99,8%), шошқалар –10 687 бас (101,0%), жылқылар –     3 320 бас (100,5%), құстар – 66 547 бас (102,4%). Тірідей салмақта ет өндірісінің көлемі 4,7 мың тонна (101,7%), сүт – 43,8 мың тонна (104,0%), жұмыртқа – 8 350 мың дана (103,6%) өндірілді.

Жеке қосалқы шаруашылықтарда сүт сатып алуды үлкейту үшін Рулиха және Октябрьский ауылдарында 2 сүт қабылдау пункті ашылды.  

Мал шаруашылығын дамыту мақсатында «Каменевка ауылдық округінің «Рулиха» ЖШС 400 басқа арналған МТФ қайта құру»  жобасы іске асырылуда.

  Өсімдік шаруашылығының жалпы өнімін өндірудің көлемі 22,9 млрд. теңге. Табиғи көлем индексі – 102,9%.

Дәнді және дәнді-бұршақ дақылдарды жалпы жинау 166,3 мың тоннаны құрады (2018 жылға 119,1%), орташа өнімділік 21,9 ц/га (2018 жылға 114,6%), күнбағысты жалпы жинау 82,3 мың тоннаны құрады (107,2%); өнімділік 19,2 ц/га (95,5%), картопты жалпы жинау 24,2 мың тоннаны құрады (92,9%) өнімділік 208,7 ц/га (100,9%).

2020 жылғы егінге 7,8 мың га күздік ауыл шаруашылық дақылдары егілді. Оның ішінде: күздік қара бидай 1,1 мың га, күздік бидай 5,3 мың га, күздік рапс 1,4 мың га.

Мал қыстатуды ойдағыдай өткізу үшін ауданның ауыл шаруашылық құрылымдары 57,0 мың тонна шөп (талап етілетін көлемнен 100,0%),  18,0 мың тонна пішендеме (талап етілетін көлемнен 100,0%), 6,0 мың тонна сабан  ( 104,2%), 80,4 мың тонна сүрленген шөп (120,0%) әзірледі.

Өткен жылы 3,0 млрд.теңгеден астам сомаға 131 бірлік ауыл шаруашылығы техникасы мен жабдықтары сатып алынды.

Ауданда 125 шаруашылық 1,1 млрд. теңге субсидия алды, оның ішінде:

өсімдік шаруашылығын дамытуға – 584,9 млн.теңге (тыңайтқыштар құнын арзандатуға 315,9 млн.теңге сомасында; тұқым шаруашылығын дамытуға 112,2 млн. теңге; гербицидтер құнын арзандатуға  156,8 млн.теңге);

мал шаруашылығының өнімділігін және өнім сапасын арттыруға – 526,4 млн.теңге.

  1. Шағын бизнес

2020 жылғы 1 қаңтарға шағын және орта бизнестің әрекеттегі субъектілері саны      2 321 бірлікті құрады (өткен жылғы деңгейге 92,5%). Жалпы тіркелгендер санынан әрекет ететін шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің үлесі 83,9% құрайды.

Шағын және орта бизнестің әрекетсіз субъектілерін жою бойынша жүргізілген жұмыс нәтижесінде тіркелгендердің жалпы көлеміндегі жұмыс істеп тұрған ШОК субъектілерінің үлесі 91,4% – ға жетті (2018 жылы-72,2%).

«Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау және дамыту бағдарламасы бойынша мемлекет қаражаты есебінен 76,4 млн.теңге сомаға 9 жобаға кепілдік беру, 132,1 млн. теңге сомаға 4 жобаға субсидия беру қамтамасыз етілді, 3,5 млн. теңге сомаға екі грант берілді.

«Ақ-Ниет» бағдарламасы бойынша 4 жоба бойынша 182,2 млн.теңге несие алынды.

Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту «Еңбек» бағдарламасы бойынша 105,1 млн.теңге сомасына 27 несие, 46,4 млн. теңге сомасына 99 грант, оның ішінде аз қамтылған көп балалы отбасыларға 15 грант берілді.

Бөлшек сауда айналымының көлемі 13,6 млрд. теңгені құрады, 2018 жыл деңгейіне 97,1%. Табиғи көлем индексі – 90,9%.

  1. Инвестициялар мен инфрақұрылымдық кешен

Негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 22,1 млн. теңгені құрады (оның ішінде АК бойынша 14,9 млн.теңге), өткен жылдың сәйкес кезеңіне 125,1 %, немесе жоспар-тапсырмаға 116,5%, табиғи көлем индексі 122,9 %.

Құрылыc-монтаждау жұмыстарының көлемі – 15,9 млрд. теңге, жоспар-тапсырмаға 102,2 %, табиғи көлем индексі 2,1 есе . Облыстық көлемде аудан үлесі 3,5% құрайды.

Есепті кезеңде тұрғын үйді пайдалануға берудің жалпы ауданы 5 335 шаршы метрді құрады (54,8%).

Шемонаиха қ. №5 шағын ауданының сумен жабдықтау желілерінің, шаруашылық фекальды канализациясының, нөсер кәрізінің құрылысы аяқталды, жобаның құны 274,6 млн. теңге.

Убинка а.су құбыры желілерін салуға, Сугатовка а. су құбыры желілерін қайта жаңартуға, Шемонаиха қ. Железнодорожник кентінде су құбыры құрылыстарын қайта жаңартуға, «Д. М. Карбышев атындағы жалпы білім беретін орта мектеп-балабақша Первомайский кешені» КММ қазандығының құрылысына, Шемонаиха қаласында 60 пәтерлі тұрғын үй мен инженерлік желілердің, әкімшілік ғимараттың құрылысына жобалау-сметалық құжаттама әзірленді, Красная Шемонаиха а. су құбыры трассасының және су тарту құрылыстарының құрылысы бойынша жоба түзетілді.

  1. Бюджет

2019 жылы жеке табыс бойынша аудан бюджеті 107,3 % орындалды, жоспар бойынша 1 988 млн.теңге, нақты түскені 2 134 млн. теңге, өткен жылғы деңгейге қарағанда 106,5 %. Алгоритмдер аясында қосымша 11,8 млн.теңге түсті, өткен жылғы деңгейге 68,2%.

Бюджеттік бағдарламалар әкімшілерімен бюджеттік қаражат – 99,4 % игерілді, 5 769,9 млн. теңге жоспардан, 5 734,0 млн. теңге игерілді. Бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің шоттағы қалдықтары 35,8 млн.теңгені құрады.

Қалдықтардың негізгі себептері: бос орындар, жұмысқа жарамсыздық парақтары, іссапар кестелерінің өзгеруі – 0,4 млн. теңге, дөңгелектеу есебінен –              0,5 млн. теңге, алушылар санының азаюынан – 13,5 млн.теңге, келісім-шарт міндеттемелерінің орындалмауынан – 1,3 млн.теңге, мердігердің болмауынан – 5,3 млн.теңге және орындалған жұмыс актісінің болмауынан – 14,6 млн.теңге, Верх-Уба ауылдық округі бюджетінің кіріс бөлігінің орындалмауынан – 0,2 млн.теңге.

  1. Халықты жұмыспен қамту

Орташа айлық еңбекақы 150 05 теңгені құрады, өткен жылдың деңгейіне 113,3%.

2020 жылғы 1 қаңтар жағдайы бойынша ресми тіркелген жұмыссыздар саны  161 адамды құрады, (2018 жыл   225адам). Талданып отырған кезеңде 291 жұмыс орны құрылды (2018 жыл - 288). 1 343 жұмыссыз жұмысқа орналастырылды, жұмыспен қамту қызметіне жүгінендер санынан  аудан бойынша жұмысқа орналастыру деңгейі 85,3% құрады (2018 жыл – 96,8%).

Ақы төленетін қоғамдық жұмыстарға 354 адам тартылды, жастар тәжірибесіне 58адам, әлеуметтік жұмыс орындарына 90 адам жолданды.

2019 жылы атаулы әлеуметтік көмек 102,4 млн.теңге сомасына 301 өтініш білдірушілерге тағайындалды және төленді (1204 адам), 6,1 млн. теңге сомасына 366 алушыға тұрғын үй көмегі төленді.

  1. Білім беру

Ауданда 5 163 оқушысы бар жалпы білім беретін 23 мектеп, 792 баланы қамтитын 2 қосымша білім беру мекемелері, 11 балабақша, оларда 1387 баланы қамтитын 66 топ, 14 бірлік – шағын орталықтар, оларда 295 баланы қамтитын 17 топ жұмыс істейді. ГТК-да 88 оқушы контингенті бар 6 лицейлік сынып (0-5) жұмыс істейді.

3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі ұйымдармен қамту 100% құрады, 1-ден 6 жасқа дейін – 89,6%, Шемонаиха қаласында мектепке дейінгі балалар ұйымдарына кезек 0-ден 3 жасқа дейін 591 орын. 3 балабақшада алаңды оңтайландыру есебінен топтарға қосымша 70 бала алынды. №5 орта мектеп негізінде 25 баланы қамтитын шағын-орталық тобы ашылды.

2018-2019 оқу жылын 224 түлек аяқтады. Мемлекеттік емтихандарды тапсыру нәтижелері бойынша аудан мектептерінің 14 түлегі "Алтын белгі", жалпы орта білім туралы үздік аттестаттың 5 иегері атанды. ҰБТ орташа балы 82,2 (2018 ж. - 77,0).

Ауданда БЖСМ және «Жұлдыз» спорт клубы жұмыс істейді, онда 1 192 адам, оның ішінде 895 бала қамтылған.  2020 жылдың 1 қаңтарына дене шынықтырумен және спортпен шұғылданушылар саны 13307 адамды құрады (халықтың жалпы санынан 30,5%).

2019 жылы Выдриха ауылында хоккей қорабы, Зевакино ауылында жасанды жабыны бар футбол алаңы орнатылды.

Шемонаиха қаласында 300 келушіге арналған спорт модулінің құрылысына ЖСҚ әзірленді, құрылыс құны 352,1 млн. теңге.

  1. Денсаулық сақтау

2019 жылы ауданда 511 адам туылды, 2018 жылдың ұқсас кезеңінде 501 (10 адамға көп), 680 адам қайтыс болды, 771-ге қарсы (91 адамға аз).Бала өлімінің 8 жағдайы тіркелді, 1000 тірі туылғанға көрсеткіш 16,9.

Сәйкес кезеңде ауданда ана өлімі жағдайлары тіркелген жоқ.

Туберкулезбен сырқаттанушылық 31 жағдай немесе 100 мың тұрғынға 70,4 (2018  жыл – 31 жағдай, 100 мың тұрғынға 69,6). Туберкулезден  қайтыс болған 2 жағдай тіркелді.

Қатерлі ісікпен ауыру 177 жағдай (2018 жыл – 172 жағдай) немесе 100 мың тұрғынға 403,3 және  өлім-жітім айтарлықтай ұлғайды, 69 жағдай (2018 жыл – 68 жағдай) немесе 100 мың тұрғынға 152,7.

  1. Құқықтық тәртіпті сақтау

2019 жылы аудан аумағында 571 қылмыс тіркелді, бұл 2018 жылдың ұқсас кезеңінің деңгейінен 19,1 % төмен (2018 жылы - 706).

Қылмыстардың деңгейі 10 мың тұрғынға 130,1 құрады (2018 ж. – 160,0). Қылмыстардың ашылуы өткен жыл деңгейінен 0,6 пайыздық орынға жоғары: 2018 жыл – 83,5 2019 жыл – 82,9.

Қылмыстың ашылуы:

аса ауыр – 87,5% (2018ж. - 100,0%);

ауыр қылмыстар-87,0% (2018ж. - 95,8%);

орташа ауырлықтағы-74,9% (2018ж.- 76,5%).

ауыр емес-97,2% (2018ж.- 96,4%).

2019 жылы 26 ЖКО болды, онда 39 адам зардап шекті, 3 адам қайтыс болды  (2018 жылы -  60 ЖКО, 40 зардап шегуші, 2 адам қайтыс болды).

Жергілікті атқарушы органдардың 2020 жылға арналған негізгі міндеттері

  1. Экономика
  2. Артемьев кенішінің екінші кезегін салу, "Востоксельхозпродукт" ЖШС және "Рулиха" ЖШС сүт-тауар фермасының жаңа өндірістік алаңдарын пайдалануға беру бойынша инвестициялық жобаларды іске асыру мониторингі,"Динатрон-Казахстан" ЖШС өндірісті іске қосу
  3. Ауданның туристік әлеуеті туралы ақпараттық-жарнамалық ақпараттандыру
  4. Большая речка ауылындағы туристік базаны кеңейту
  1. Денсаулық сақтау
  2. Шемонаиха қаласында отбасылық дәрігерлік амбулатория салу туралы мәселені шешу;
  3. Ауданға медициналық университеттер түлектерін тарту
  4. Орталық аудандық аурухананы қажетті медициналық жабдықтармен қамтамасыз ету
  5. Аудандық орталық ауруханаға жөндеу жүргізу

3.Білім беру

  1. Аудан мектептерінің оқушыларын тегін оқулықтармен қамтамасыз ету
  2. Ауданның 8 мектебіне (Выдриха а., Сугатовка а., Красная Шемонаиха а., Волчанка а., Первомайский к., Усть-Таловка к., Камышинка а., Шемонаиха қ. № 4 ОМ) және Усть-Таловка к. балабақшасына сапалы жөндеу жүргізу
  3. Ауданның жалпы білім беретін мектептерінің 300 педагогы үшін біліктілікті арттыру
  1. Жұмыспен қамту
  2. Тоқсан сайынғы Бос орындар жәрмеңкесін ұйымдастыру және өткізу, еңбек нарығында неғұрлым сұранысқа ие мамандықтар бойынша қайта оқыту және кәсіби даярлау мен біліктілігін арттыруға жіберу
  3. Жұмыссыздарға, оның ішінде аз қамтылған және көп балалы отбасыларға, еңбекке қабілетті мүгедектер мен жастарға арналған жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға өтеусіз мемлекеттік гранттар беру (100-200 АЕК)
  4. Табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен көп балалы және аз қамтылған отбасыларды әлеуметтік көмектің барлық түрлерімен толық қамту
  5. Көп балалы аз қамтылған отбасылардан шыққан еңбекке қабілетті халықты жұмыспен қамтудың белсенді нысандарына барынша тарту – жұмысқа орналастыру, еңбек нарығында неғұрлым сұранысқа ие мамандықтар бойынша оқыту және қайта оқыту
  1. Мәдениет және спорт
  2. Шемонаиха қ. спорт модулінің құрылысы
  3. Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына және Жеңістің 75 жылдығына арналған іс –шараларды сапалы өткізу
  4. Шемонаиха қ. 3 шағын ауданындағы хоккей қорабын жөндеу

 

  1. Инфрақұрылым
  2. Қысқы кезеңде барлық қызметтердің сапалы жұмысы 2019-2020, 2020-2021 жж.
  3. Шемонаиха қ. Железнодорожник шағын ауданындағы су қысымды мұнараға ағымдағы жөндеу жүргізу
  4. Рулиха, Красная Шемонаиха, Пруггерово ауылдарындағы су тарту құрылыстары мен су құбыры трассасының құрылысын аяқтау
  5. Межовка а. блок-модульді станцияны орнату
  6. Шемонаиха қ. (6 км), Усть - Таловка к. (7 км)
  7. Шемонаиха қ. Уба өзені арқылы өтетін көпірді күрделі жөндеуге жоба әзірлеу
  8. Шемонаиха қ. 60 пәтерлі үйдің құрылысы
  9. Сугатовка, Убинка а., Железнодорожник шағын ауданында су құбырларының құрылысы бойынша жұмыс жобаларына сараптама алу
  10. Жоспарланған су тасқынына қарсы іс-шараларды сапалы өткізу
  11. Ауданның (Верх-Уба ауылы және Усть-Таловка кенті) 2 елді мекенінің егжей-тегжейлі жоспарлау жоспарын әзірлеу)
  12. Ауданның елді мекендерінде және көшелерде орнатылған бейнекамералар санын көбейту

 

  1. Бюджет
  2. Меншікті кірістер түсімдері бойынша жоспардың орындалуы
  3. Шығыс бөлігінің орындалуы 99,9 төмен емес%
  4. Мемлекеттік сатып алу рәсімдерін оңтайлы мерзімде сапалы өткізу

Шемонаиха ауданы  әкмінің орынбасары  Д. Горьковой

Дата публикации
25 февраля 2020
Дата обновления
25 февраля 2020
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
19 октября 2026
Бұқаралық ақпарат құралдары мен онлайн-платформаларды пайдаланушыларға сайлау алдындағы үгіт материалдарын орналастырудың ақы мөлшері мен шарттарын жариялау туралы АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА
Ақпарат
19 октября 2026
Сайлау
13 октября 2026
Шемонаиха аудандық сайлау комиссиясының отырысы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы