2026 жылғы 13 қазанда 2026 жылғы 29 қарашаға тағайындалған Шемонаиха аудандық мәслихаты депутаттарының кезектен тыс сайлауын дайындау және өткізу мәселелері бойынша Шемонаиха аудандық сайлау комиссиясының отырысы өтті.
Отырыс барысында екі мәселе қаралды: Шемонаиха аудандық мәслихаты депутаттарының сайлауын дайындау және өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспарын әзірлеу және бекіту, сондай-ақ алдағы сайлау науқанына қатысты ұйымдастыру мәселелері.
Комиссия жұмысының алдағы негізгі бағыттары айқындалды.