Меню

Страницы

Статья

Шемонаиха ауданында жас сайлаушылар клубы құрылды

Шемонаиха аудандық сайлау комиссиясының 2025 жылғы 27 қыркүйектегі шешімімен Шемонаиха аудандық сайлау комиссиясы жанынан Жас сайлаушылар клубы құрылды. Жас сайлаушылар клубының құрамы 7 мүшеден қалыптастырылды.

Аталған бастама Орталық сайлау комиссиясының қаулысы негізінде жүзеге асырылды. Жас сайлаушылар клубы еліміздің әр өңірінде құрылып, жастардың сайлауға қатысу белсенділігін және құқықтық сауаттылығын арттыруды көздейді.

Клубты құрудың негізгі мақсаты – аудан жастарының сайлау процесінің өзекті мәселелеріне назарын аудару, олардың сайлау мәдениетін қалыптастыруға және сайлау жүйесіне деген қызығушылығын арттыру.

Клубтың алғашқы отырысы ауданның Достық үйінде өтті. Отырыста Жас сайлаушылар клубының құрамы бекітіліп, клуб мүшелерінің мақсаттары мен міндеттері түсіндірілді. Клуб құрамына жастар ресурстық орталығының мамандары, жергілікті атқарушы органдардың өкілдері, колледж студенттері және белсенді жастар қабылданды.

Жаңадан құрылған «Жас сайлаушылар клубы» – болашаққа бағдарланған, Жаңа Қазақстанды бірлесіп қалыптастыруға ұмтылатын жас ұрпаққа арналған алаң.

Дата публикации
29 сентября 2025
Дата обновления
29 сентября 2025
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
19 октября 2026
Бұқаралық ақпарат құралдары мен онлайн-платформаларды пайдаланушыларға сайлау алдындағы үгіт материалдарын орналастырудың ақы мөлшері мен шарттарын жариялау туралы АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА
Ақпарат
19 октября 2026
Сайлау
13 октября 2026
Шемонаиха аудандық сайлау комиссиясының отырысы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы