Меню

Страницы

Статья

Спорт

2019 ЖЫЛҒА АРНАЛҒАН ШЕМОНАИХА АУДАНЫНДАҒЫ ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ЖӘНЕ СПОРТ САЛАСЫНЫҢ ЖАҒДАЙЫ ТУРАЛЫ САРАПТАМА

Дене шынықтыру бойынша оқу сабақтарын жүргізу, дене шынықтыру-сауықтыру жұмыстарын ұйымдастырып, өткізу үшін өңірде 117 спорт ғимараттары бар, соның ішінде: 3 стадион, 30 спорт залы, 9 қосымша спорт залы, 2 спорт кешені, 5 шаңғы базасы, 2 тир, 64 футбол және шағын футбол алаңдары, 5 хоккей қорабы, 1 (жеңіл атлетикадан) спорт манежы.
72 дене шынықтыру ұжымында 13307 адам жаттығады, ол аудан тұрғындарының жалпы санынан 30,5%, (2019 оқу жылының 3 шілдесіне 43599 адам), 2018 жылмен салыстырғанда жаттығушылардың саны – 0,1% ұлғайды, 2017 жылмен салыстырғанда 0,6%.
Дене шынықтыру және спорт саласындағы 108 қызметкердің 83 де жоғары білімдері бар, әр түрлі спорттың түрінен 31 жаттықтырушы-ұстаздың 22-сі ауылдық жерлерде тегін түрде жаттықтырушылар сабақ өткізуде.
Дене шынықтыру және спортпен айналысу үшін «Шемонаиха ауданы дене шынықтыру және спорт бөлімінің балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі» КММ 7 спорт түрі бойынша қызмет жасайды: волейбол, акробатика, дзюдо, жеңіл атлетика, футбол, шаңғы жарыстары, еркін күрес, жалпы жаттығушылардың саны-534, жаттықтырушылардың саны-13. 2019 оқу жылына жаттығушылар саны 2018 оқу жылымен салыстырғанда өсу 0,7% құрады.
Усть-Таловка кентіндегі Шемонаиха ауданының дене шынықтыру және спорт бөлімінің «Жұлдыз» спорт клубында 11 спорт түрі таратылған: волейбол, баскетбол, футбол, хоккей, жеңіл атлетика, шаңғы жарысы, президенттік көп сайыс, дзюдо, тоғызқұмалақ, шахмат, шашки қолға алынған. Жаттығушылардың саны 658 адам, оның ішінде мектеп жасындағы 361 мектеп жасындағы балалар. Жаттықтырушылардың саны – 14, 11 жоғары білімді және 3 арнайы орташа білімі бар. Жаттығушылардың саны 2019 оқу жылымен салыстырғанда 2018 жылы 2,6% ұлғайды.
Жеке кәсіпкерлердің қолдауыменкелесі спорт түрлерінен үйірмелер жұмыс істейді: атлетикалық гимнастика, фитнес, кросфит, пауэрлифтинг, шахмат, спорттық би, бокс,киокушинкай-кан каратэ. Пауэрлифтинг, жеңіл атлетика, стол теннисі бойынша спорттың түрлерінен мүмкіндігі шектеулі спортшылар айналысады, облыстықжарыстардың чемпиондары.
Мүмкіндігі шектеулі жандар үшін «Қызықты үйірмелер» ашылған. Қатысушылар аудандық, облыстық жарыстарға қатысып, шахмат, шашки, жеңіл атлетика, стол теннисі мен армлеслингтен жүлделі орындар алды.
Аудан бойынша өткізілетін бұқаралық-спорттық іс-шаралардың күнтізбе-кестесіне сәйкес, ауданда дене шынықтыру-және спорт бөлімі, білім беру мекемелерімен бірлесіп, оған қарасты мекемелер БЖСМ және өзге де әлеуметтік сала мекемелері 2019 жылдың есептік кезеңі бойынша 161 іс-шара өткізіп, оның ішінде 59 аудандық, 10 ашық аудандық жарыс, 56 облыстық, 10-республикалық және 6 халықаралық жарыстарға қатысты, жалпы қатысушылар саны 4174 адам. Жүлдегерлер мақтау қағаздары мен сыйлықтармен марапатталды.
2019-2020 оқу жылдарында мектеп оқушылары спартакиадасы шеңберңнде жеңіл атлетика бойынша (жергілікті жерде кросс), жасөспірімдер арасында шағын-футбол, тоғызқұмалақтанжарыстар өтті. Сонымен қатар жасөспірімдер мен қыздар арасында волейбол, баскетбол, президенттік көпсайыс (жазғы, қысқы) шаңғы жарысы, жеңіл атлетика, қыздар арасында футбол, спорттық бағыттау бойынша турнир өткізу жоспарланды.
Дәстүрлі түрде жерлес-жазушы А.Ивановтың құрметіне ерлер арасында волейболдан, Ауған соғысының батыры В.Зубко шаңғы жарысы, «Уба» совхозының директоры В.Касьяненконың естелігіне ат спорты жарыстары жанданып келеді.
Дене шынықтыру және спорт бөлімі республикалық спорттық акцияларға: «Денсаулық фестивалі», «Спорт мерекесі» мемлекеттік, ұлттық және халықтық мерекелерге қатысады.
Жыл сайын Шемонаиха ауданы әкімінің жүлдесіне спорттық ойындар ұйымдастырылады. Шемонаиха қаласында, кенттері мен селолық округтерінде президенттік тест тапсырудан жарыстар өтіп тұрады. Қысты тестілеуде -4560 адам, бұл 10,4 % (1,2 % 2018 жылмен салыстырғанда артық), жазғы-4923 адам, бұл -11,2 % құрады (2018 жылмен салыстырғанда 1,1 % артық).
Осы тақырыпқа байланысты мақалалар апта сайынғы аудандық бұқаралық-ақпарат құралдарында жарияланады.
Шемонаиха ауданында барлық мемлекетке тиесілі спорт ғимараттары халықтың түрлі топтары үшін ақысыз негізде жұмыс істейді. Шемонаиха ауданының кәсіпкерлерінің қолдауымен бокс, пауэрлифтинг және каратэ киокишункай-кан бойынша тұрмысы төмен отбасыларының балаларына арналып тегін үйірмелер ашу бойынша меморанумдар жасалды.

Бөлім басшысы                                    Р. Ахметов

Дата публикации
06 декабря 2019
Дата обновления
06 декабря 2019
Тип
Ақпарат

Сейчас читают

Ақпарат
19 октября 2026
Бұқаралық ақпарат құралдары мен онлайн-платформаларды пайдаланушыларға сайлау алдындағы үгіт материалдарын орналастырудың ақы мөлшері мен шарттарын жариялау туралы АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА
Ақпарат
19 октября 2026
Сайлау
13 октября 2026
Шемонаиха аудандық сайлау комиссиясының отырысы

Социальные медиа

Меню подвал

ҚР Президентінің жолдаулары
ҚР Президентінің сайты
ҚР Премьер-Министрінің сайты
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Мемлекеттік рәміздері
Терминдер мен қысқартулар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
Экран дикторы
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы