«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес, Шемонаиха аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
- Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха аудандық мәслихатының 2024 жылғы 29 наурыздағы № 15/5-VIII «Шемонаиха ауданында бөлшек салықтың арнаулы салық режимін қолдану кезінде салық мөлшерлемесінің мөлшерін төмендету туралы» шешімінің күші жойылды деп танылсын.
- Осы шешім 2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Шемонаиха аудандық
мәслихатының төрағасы Г. Акулов