Шемонаиха ауданы Октябрьское ауылдық округі әкімінің сайлауында тізімге енгізілген сайлаушылар саны – 833, дауыс беруге қатысқаны – 717 (86,07%).
Сайлау қорытындысында Айдар Бейсенович Булатов – 584 (81,45%), Валентина Алексеевна Рише – 95 (13,25%), Салтанат Толегеновна Сагиева – 37 (5,16%) дауысқа ие болды. «Барлығына қарсы» белгісі бар бюллетеньдер саны – 1.
Дауыс беру нәтижесі бойынша «AMANAT» партиясы ұсынған, 1971 жылы туған, «ШҚО, Шемонаиха ауданы Октябрьское ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ әкімі, Айдар Бейсенович Булатов – Октябрьское ауылдық округінің әкімі болып сайланды.
Шемонаиха аудандық сайлау комиссиясы