Шемонаиха ауданы Выдриха ауылдық округі әкімінің сайлауында тізімге енгізілген сайлаушылар саны – 1486, дауыс беруге қатысқаны – 1244 (83,71%).
Сайлау қорытындысында Бакытжан Кенесарыевич Молдаханов – 1022 (82,28%), Ельдар Жайлаубаевич Темирбеков – 66 (5,31%), Вера Владимировна Тиц – 153 (12,32%) дауысқа ие болды. «Барлығына қарсы» белгісі бар бюллетеньдер саны – 1.
Дауыс беру нәтижесі бойынша «AMANAT» партиясы ұсынған, 1987 жылы туған, «ШҚО, Шемонаиха ауданы Выдриха ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ әкімі, Бакытжан Кенесарыевич Молдаханов – Выдриха ауылдық округінің әкімі болып сайланды.
Шемонаиха аудандық сайлау комиссиясы