Волчанка ауылдық округі әкімін сайлауының қорытындысы
мен сайланған әкім туралы хабарлама
Шемонаиха ауданы Волчанка ауылдық округі әкімінің сайлауында тізімге енгізілген сайлаушылар саны – 1084, дауыс беруге қатысқаны – 958 (88,38%).
Сайлау қорытындысында Ботагоз Мураткановна Сикпаева – 831 (86,83%), Анастасия Васильевна Тиц – 75 (7,84%), Мадина Оразгалиевна Шекеева – 51 (5,33%) дауысқа ие болды. «Барлығына қарсы» белгісі бар бюллетеньдер саны – 0.
Дауыс беру нәтижесі бойынша «AMANAT» партиясы ұсынған, 1979 жылы туған, «ШҚО, Шемонаиха ауданы Волчанка ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ әкімі, Ботагоз Мураткановна Сикпаева – Волчанка ауылдық округінің әкімі болып сайланды.
Шемонаиха аудандық сайлау комиссиясы