«Шемонаиха ауданының 2024 жылғы қаңтар-қыркүйек айларындағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы»
АҚПАРАТ
1.Өнеркәсіп
Ауданда 2024 жылғы қаңтар-қыркүйек айларында өнеркәсіп өнімі сомасы 95,9 млрд.теңгеге өндірілген, өткен жылғы деңгейге 105,2%. Нақты көлем индексі 100,8%.
Өткен кезеңде тау-кен өнер кәсібі саласында сомасы 70,4 млрд. теңгеге өнім өндірілген, өткен жылдың деңгейіне 104,9%. Нақты көлем индексі 97,8%. Мыс-мырыш 934,9 мың тонна (өткен жылдың деңгейіне 109,8%), мыс концентраттары 60,0 мың тонна (109,7%), мырыш концентраттары 47,6 мың тонна (71,6%) өндірілді.
Өңдеу өнеркәсібінің өндіріс көлемі 22,7 млрд. теңгені құрады, 2023 жыл деңгейіне 105,6%. Сала бойынша ТКИ – 110,8%. Жеңіл өнеркәсіп (112,7%), киім шығару (115,3%), азық-түлік (109,6%) өндірісінің көлемі ұлғайтылды.
2024 жылдың 9 айында «Артемьев алаңының екінші оқпанын салу» жобасының аяқталуына байланысты тауарлық бетон өндіру көлемі 1,5% төмендеді.
Пайыздық мөлшерлемені субсидиялау бойынша кәсіпкерлікті дамытудың бірыңғай кешенді бағдарламасы шеңберінде «Сивер плюс» ЖШС «Ашытылған сүт өнімдерін өндіру» жобасы, құны 350 млн. теңге болатын «Nastole» бренді іске асырылуда. Кәсіпорынның жобалық қуаты тәулігіне 30 тонна, 10-нан 20-ға дейін жаңа жұмыс орындарын құру.
Ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің көлемі 32,9 млрд. теңге, өткен жыл деңгейіне 137,7%. Нақты көлем индексі-142,8 %.
Мал шаруашылығы жалпы өнімінің көлемі 10,8 млрд. теңге, өткен жыл деңгейіне 99,1%. Нақты көлем индексі-98,9 %.
Қаңтар-қыркүйекте ІҚМ мал басы 18 247 (100,9%) басты құрады, оның ішінде сиыр 9 214 бас (116,8%), қой және ешкі – 11703 бас (97,8%), шошқалар – 4 360 бас (47,5%), жылқылар – 2 873 бас (101,1%), құстар – 67 405 бас (97,4%).
Қой, ешкі, шошқа және құс санының азаюы ЭШБЕ деректерін жаңартумен байланысты. Бақылау аралау барысында ауыл шаруашылығы жануарларының барлық түрлері бойынша алшақтық анықталды
Қаңтар - қыркүйек айларында ауыл шаруашылығы өнімі өндірілді: тірі салмақтағы ет 3,5 мың тонна (98,6%), сүт – 27,8 мың тонна (96,9%), жұмыртқа – 6 878,1 мың дана (105,8%) өндірілді.
Ауданда 10 сүтті-тауарлық ферма, 2 сүт қабылдау пункті қызмет етеді.
Ағымдағы жылы сүтті мал шаруашылығын дамтыумақсатында келесі жобалар іске асырылуда:
Өсімдік шаруашылығы жалпы өнімінің көлемі 22,1 млрд. теңге, өткен жыл деңгейіне 170,6%. Нақты көлем индексі-180,0%.
Ауданда 226,8 мың га ауыл шаруашылық пайдалы жер бар, оның ішінде 141,8 мың гектар егіндік, 17,5 мың гектар шабындық, 61,4 мың гектар жайылым. Тыңайған және жарамсыз жерлер жоқ.
Ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс алқаптарының құрылымында шаруашылықтардың барлық санаттарында негізгі үлесі дәнді-бұршақты (54,3%) және майлы (38,3%) дақылдарға тиесілі, бұл ретте дәнді дақылдардың егіс алқаптарының құрылымында 59,3% бидай алады. Қалған үлесі жемшөп (9,8%), картоп және көкөністерге (0,9%) тиесілі.
Егіс кезінде пайдаланылған элиталық тұқымдардың үлесі 7,9% немесе 1230 тоннаны құрайды.
61,1 мың га алаңда күздік және жаздық дәнді дақылдарды жинау аяқталды (жоспардан 100%), жалпы алым орташа өнімділігі 25,6 ц/га 156,7 мың тоннаны құрады, (2023 жылы - орташа өнімділігі 13 ц/га 89% жиналды, жалпы алым 86,2 мың тонна), оның ішінде:
- күздік бидай 2,8 мың га алқаптан жиналды, жалпы алым 13,6 мың тонна (2023 жылы жоспардан 3,5 мың га 95%, жалпы алым 5,0 мың тоннаны құрады);
- күздік қара бидай алқаптан 0,5 мың га, жалпы алым 2,4 мың тонна (2023 жылы жоспардың 83% - ы 0,8 мың га, жалпы алым 0,4 мың тоннаны құрады);
- бұршақ 3,2 мың га алаңнан жиналды, жалпы алым 3,7 мың тонна (2023 жылы жоспардың 100% - 2 2,9 мың га, жалпы алым 3,6 мың тоннаны құрады);
- сұлы 1,5 мың га алаңнан жиналды, жалпы алым 3,1 мың тонна (2023 жылы жоспардан 2,1 мың га 100%, жалпы алым 2,5 мың тонна);
- арпа 14,3 мың га алаңнан жиналды, жалпы алым 37,4 мың тонна (2023 жылы жоспардың 100% - 2 20,0 мың га, жалпы алым 30,0 мың тоннаны құрады);
- жаздық бидай жоспардан 100% 38,3 мың га алаңнан жиналды, жалпы алым 100,8 мың тонна (2023 жылы жоспардан 75% 29,8 мың га, жалпы алым 35,6 мың тоннаны құрады).
Күнбағыс 38 мың га алқаптан жиналды (жоспардың 70,0% 53,9 мың га), жалпы алым 76,6 мың тонна (2023 жылы 5,8 мың га, жоспардың 12%51,8 мың га, жалпы алым 11,5 мың тоннаны құрады).
Жем дайындау жалғасуда. 51 мың тонна шөп (140,5%), 15,0 мың тонна сабан (100%), 35,9 мың тонна пішендеме (87%), 99,2 мың тонна сүрлем (150%) және 13,1 мың тонна құнарлы жем (100%) дайындалды.
«Кәсіпкерлік бастамаға жәрдемдесу жөніндегі шараларды ұйымдастыру және қаржыландыру қағидалары» шеңберінде көктемгі егіс жұмыстарын жүргізу үшін «ШемАгроКредит» ЖШС («АКК» АҚ) арқылы келесі бағдарламалар бойынша несиелеу үшін 474,2 млн.теңге берілді:
2.«Агробизнес» ауыл шаруашылығы техникасын сатып алуға - 8,0 млн. теңге («Воропаев А.С.» ШҚ);
3.Шағын бизнес
2024 жылғы 1 қазанға шағын және орта бизнестің әрекеттегі субъектілері саны 2 279 бірлікті құрады, өсу қарқыны94,8% құрады (2023 жылғы 1 қазанға әрекет ететін ШОК саны – 2404).Тіркелген ШОК субъектілерінің жалпы көлеміндегі үлесі 94,4% құрады.
Төмендеу себебі: заңды тұлғалардың жабылуы, шаруа қожалықтарының ЖШС құрамына өтуі, табыстың болмауына, зейнеткерлік жасқа жетуіне және декреттік демалысқа шығуына байланысты кәсіпкерлік қызметтің жабылуы, сондай-ақ кәсіпорындарға жұмысқа орналасу.
Кәсіпкерлікті дамытудың бірыңғай кешенді бағдарламасы шеңберінде 20 жоба мақұлданды, оның ішінде:
- екінші деңгейдегі банктер арқылы пайыздық мөлшерлемені субсидиялау бойынша 527,5 млн. теңге сомасына 15 жоба (мамандандырылған техника, жүк автокөлігін сатып алу, мектеп салу, коммерциялық жылжымайтын мүлік сатып алу, ағаш өңдеу);
- кредиттерге кепілдік беру бойынша 87,04 млн.теңге кредит сомасына 5 жоба (жүк автокөлігін сатып алу, коммерциялық жылжымайтын мүлік сатып алу, көтерме және бөлшек сауда).
Бөлшек тауар айналымының көлемі 14,8 млрд.теңгені құрады, 2022 жылдың деңгейіне 107,0%. Нақты көлем индексі – 101,3%.
Негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 22,9 млрд. теңгені құрады, өткен жылдың сәйкес кезеңіне 109,8%, нақты көлем индексі 107,3%.
Құрылыc-монтаждау жұмыстарының көлемі – 19,7 млрд. теңге, 2023 жыл деңгейіне 137,4%, нақты көлем индексі131,6%.
Есепті кезеңде тұрғын үйді пайдалануға беру жалпы алаңы 4 078 шаршы метрді құрады (100,2%).
Жеке кірістер бойынша аудан бюджеті 2024 жылдың қаңтар-қыркүйек айларында 116,5% орындалды, жоспар бойынша 3 783,4 млн.теңге, нақты түскені 4 406,5 млн.теңге, өткен жыл деңгейіне 123,7%. Бюджеттің 4 деңгейінің орындалуы 211,1% құрады, жоспар бойынша 279,8 млн.теңге, нақты түскені 590,7 млн.теңге.
2024 жылдың 1 қазанына бағдарлама әкімшілерімен бюджет қаражатын игеру-97,2% жоспар бойынша 4 493,7 млн. теңге, 4 369,2 млн. теңге игерілді. Бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің шоттарындағы қалдық 124,4 млн. теңгені құрады. Қалдықтардың негізгі себептері: дөңгелектеу есебінен – 0,3 млн. теңге, мемлекеттік сатып алу бойынша үнемдеу – 4,0 млн. теңге, келісім-шарттардың ұзақ жасалуы – 2,0 млн. теңге, Ұлттық қордан қаражаттың толық қаржыландырмауы – 118,1 млн. теңге.
6.Халықты жұмыспен қамту
2024 жылғы қаңтар-қыркүйек айларында орташа айлық еңбекақы 337 826 теңгені құрады, өткен жылдың деңгейіне өсу қарқыны 109,5%.
2024 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша ресми тіркелген жұмыссыздар саны 523 адамды құрады, ол 2023 жылғы деңгейден 17,5%жоғары (2023 жылғы 01 қазанға 445 адам). Талданып отырған кезеңде 677 тұрақты жұмыс орны құрылды (2023 жыл – 582). 767 жұмыссыз жұмысқа орналастырылды, жұмыспен қамту қызметіне жүгінендер санынан аудан бойынша жұмысқа орналастыру деңгейі 66,1% құрады (2023 жылдың 01 қазанына – 85,7%).
Ақы төленетін қоғамдық жұмыстарға 238 адам тартылды, жастар тәжірибесіне 32 адам, әлеуметтік жұмыс орындарына 31 адам жолданды.
2024 жылғы 9 айда атаулы әлеуметтік көмек 33,3 млн.теңге сомасына 104 өтініш білдірушілерге тағайындалды және төленді (439 адам).
Кәсіпкерлік белсенділікті көтеру мақсатында халықтың әлеуметтік осал тобына 400 АЕК-тен 9 грант берілді.
7.Білім беру
Ауданда 5 164 оқушысы бар жалпы білім беретін 23 мемлекеттік және 1 жеке меншік жалпы білім беретін мектеп, 630 баланы қамтитын 2 қосымша білім беру мекемелері, 1288 баланы қамтитын 12 балабақша, 12 шағын орталықтар жұмыс істейді.
3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі ұйымдармен қамту 100% құрады, 2-ден 6 жасқа дейін – 98,7%. МДББҰ 0 жастан 3 жасқа дейін 180 бала, 2 жастан 3 жасқа дейін 68 бала кезекте тұр.
2024 жылғы қаңтар-қыркүйек айларында ауданда 205 адам туылды, 2023 жылдың ұқсас кезеңінде 252 (47 адамға аз), 428 адам қайтыс болды, 438-ға қарсы (10 адамға аз). Нәрсете және ана өлімі тіркелген жоқ (2023 жылы нәресте өлімінің 2 жағдайы тіркелген).
2024 жылдың 9 айында:
- туберкулезбен сырқаттанушылық өсімінің 7,7% төмендеуі (100 мың тұрғынға 28,7);
- қатерлі ісіктермен сырқаттанушылықты 27,5%, (100 мың тұрғынға 353,3 га), қан айналымы жүйесі ауруларынан сырқаттанушылықты 3,1 есе(100 мың тұрғынға 3382,4)ұлғайюы;
- қатерлі ісіктерден болатын өлім-жітімнің 6,4% (100 мың тұрғынға 103,3), қан айналымы жүйесінің ауруларынан 12,8% (100 мың тұрғынға 218,92) ұлғаюытіркелген.
Туберкулезден болатын өлім-жітім тіркелген жоқ.
«Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы бойынша Волчанка ауылында дәрігерлік амбулаторияның құрылысы басталды.
2024 жылы 12,5 млн. теңге сомасына 3 бірлік медициналық жабдық сатып алынды.
2024 жылғы қаңтар-қыркүйек айларында аудан аумағында жасалған қылмыс саны 2,2% өсумен сипатталады (2023 жылы 180, 2024 жылы 184). Қылмыстың жалпы ашылуы 73,3% (2022 жылы – 83,3%).
2024 жылғы қаңтар-қыркүйек айларында 31 ЖКО болды, онда 2 адам қайтыс болды, 49 адам зардап шекті (2023 жылы - 8 ЖКО, 31 зардап шегуші, 1 қайтыс болған).
жоспарлау бөлімінің басшысы А.Самойлова