Тұрғын үй сертификаттарын беру қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 20 маусымдағы № 417 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2019 жылғы 21 маусымда № 18883 болып тіркелді.
"Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 10-2-бабының 10-14) тармақшасына және "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда – ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 26.03.2024 № 109 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
|
Министр |
Р. Скляр |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі
2019 жылғы "____" _____________
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі
2019 жылғы "____" _____________
|
|
Қазақстан Республикасы |
Тұрғын үй сертификаттарын беру қағидалары
Ескерту. Қағида жаңа редакцияда – ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 29.04.2020 № 252 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1-тарау. Жалпы ережелер
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 26.03.2024 № 109 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 26.03.2024 № 109 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1) ипотекалық тұрғын үй қарызы - сатып алынатын жылжымайтын тұрғын үй мүлкі ипотекасымен қамтамасыз етілген тұрғын үйді сатып алу мақсатында берілетін тұрғын үй құрылыс жинақтары жүйесінің ипотекалық қарызы, алдын ала және аралық тұрғын үй қарыздары;
2) тұрғын үй сертификаты - Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі бекіткен ипотекалық бағдарлама және (немесе) Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен тұрғын үй құрылысы мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде тұрғын үйді сатып алу кезінде ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша бастапқы жарнаның бір бөлігін жабу үшін Қазақстан Республикасының азаматтарына берілетін жергілікті атқарушы органның ақшалай міндеттемесінің нысаны;
3) уәкілетті орган - тұрғын үй қатынастары саласында басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
4) әкімші - әкіммен анықталатын жұмыспен қамту және әлеуметтік қамтамасыз ету, құрылыс, тұрғын үй қатынастары саласына жетекшілік ететін облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органдарының құрылымдық бөлімшелері.
2-тарау. Тұрғын үй сертификаттарын беру және мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 26.11.2021 № 619 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
5. Алып тасталды - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 26.11.2021 № 619 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Орташа табыс бойынша соңғы 6 (алты) ай ішінде белгіленген шектен асып кеткен жағдайда отбасының әрбір мүшесіне (зайыбына (жұбайына), кәмелетке толмаған балаларына) бюджеттік кредит түрінде әлеуметтік қолдау ретінде тұрғын үй сертификаты беріледі.
Ескерту. 6-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 27.03.2021 № 138 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Әлеуметтік көмек қайтарымсыз және қайтарылмайтын негізде беріледі.
Әлеуметтік қолдау ақылылық, қайтарымдылық, мерзімділік шарттарымен бюджеттік заңнама талаптарына сәйкес бюджеттік кредит түрінде беріледі.
8 Тұрғын үй сертификаттарын беру тиісті қаржы жылына арналған жергілікті бюджетте көзделген қаражат шегінде жүзеге асырылады.
1) тұрғын үй сертификаттарының мөлшері мен алушылар санаттарының тізбесі туралы жергілікті өкілді органның (мәслихаттың) шешімін;
2) тұрғын үй сертификаттарын беру туралы хабарландыруды жариялауды қамтамасыз етеді.
Бұл ретте, өтініш беруші екінші деңгейдегі банкке (бұдан әрі - ЕДБ) тұрғын үй сертификатын алу ниеті туралы жазбаша хабарлама жолдайды.
Тәсілдері, мерзімдері, нысаны, нәтижесі, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктері ескерілген мәліметтерді қамтитын Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес "Тұрғын үй сертификаттарын беру" мемлекеттік қызметін көрсетуге қойылатын талаптарда (бұдан әрі – Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі) жазылған.
Мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінің 8-тармағымен айқындалған.
Ескерту. 12-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 26.03.2024 № 109 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Өтініш берушінің және отбасы мүшелерінің (зайыбының (жұбайының), кәмелетке толмаған балаларының) жеке басын куәландыратын құжаттардың мәліметтерін Әкімші немесе Мемлекеттік корпорацияның жұмыскері "электрондық үкімет" шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.
Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, өтініш беруші мемлекеттік қызмет көрсету кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға келісім береді.
Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын талаптар тізбесінің 8-тармағында көрсетілген құжаттарды жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндері берген жағдайда, оларды қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.
Әкімші немесе Мемлекеттік корпорация қабылдау кезінде осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжаттар топтамасы толық ұсынылмаған жағдайда өтініш берушіге қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.
Әкімші "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету сатысы туралы деректерді мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне енгізуді қамтамасыз етеді.
Ескерту. 13-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 26.03.2024 № 109 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
1) өтініш берушіден Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінің 8-тармағында көрсетілген құжаттар келіп түскен және тіркелген күні олардың толықтығын, дұрыстығын және өтініш беруші мәртебесінің тізбеге сәйкестігін тексереді;
2) 3 (үш) жұмыс күні ішінде қаржы қаражатының қажеттілігін есептеуді жүргізеді және өтініш берушіге осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша түрін, сомасын көрсете отырып, тұрғын үй сертификатын беруді мақұлдау туралы қабылданған шешімді немесе Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінің 9-тармағында көзделген негіздер бойынша уәжді бас тартуды жібереді.
Ескерту. 14-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 26.03.2024 № 109 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Әкімші Мемлекеттік корпорация арқылы өтініш берушінің құжаттарын алған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде қаржы қаражатының қажеттілігін есептеуді жүргізеді және осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Мемлекеттік корпорация арқылы түрін, сомасын көрсете отырып тұрғын үй сертификатын беруді мақұлдау туралы қабылданған шешімді немесе Мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесінің 9-тармағында көзделген негіздер бойынша уәжді бас тартуды жібереді.
Қазақстан Республикасы Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің (бұдан әрі – ҚР ӘРПК) 73-бабына сәйкес мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер анықталған кезде көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы алдын ала шешім, сондай-ақ алдын ала шешім бойынша көрсетілетін қызметті алушыға позициясын білдіру мүмкіндігі үшін тыңдауды өткізу уақыты мен орны (тәсілі) туралы хабарлайды.
Тыңдау туралы хабарлама мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін кемінде 3 (үш) жұмыс күні бұрын жіберіледі. Тыңдау хабарлама жасалған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.
Тыңдау нәтижелері бойынша көрсетілетін қызметті алушыға көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанында не қағаз жеткізгіште оң нәтиже не мемлекеттік қызметті көрсетуден уәжді бас тарту жіберіледі.
Ескерту. 15-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 26.03.2024 № 109 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Мемлекеттік корпорацияда дайын құжаттарды беру өтініш берушінің не нотариалды куәландырылған сенімхат бойынша оның өкілінің жеке басын куәландыратын құжатты немесе цифрлық құжаттар сервисінен (сәйкестендіру үшін) электрондық құжатты ұсынған кезде жүзеге асырылады.
Мемлекеттік корпорация нәтижені бір ай бойы сақтауды қамтамасыз етеді, одан кейін оларды одан әрі сақтау үшін Әкімшіге береді.
Өтініш беруші Мемлекеттік корпорацияның сұрау салуы бойынша бір ай өткен соң өтініш берген кезде Әкімші бір жұмыс күні ішінде дайын құжаттарды өтініш берушіге беру үшін Мемлекеттік корпорацияға жібереді.
Ескерту. 16-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 26.11.2021 № 619 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Шағым көрсетілетін қызметті берушіге және (немесе) шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалатын лауазымды адамға беріледі.
ҚР ӘРПК-нің 91-бабының 4-тармағына сәйкес көрсетілетін қызметті беруші, шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалатын лауазымды адам шағым келіп түскен күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей оны және әкімшілік істі шағымды қарайтын органға жолдайды.
3 (үш) жұмыс күні ішінде қолайлы акт қабылданған, шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын әкімшілік іс-әрекет жасалған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші шағымды қарайтын органға (жоғары тұрған әкімшілік органға және (немесе) лауазымды адамға) шағымды жібермейді.
Көрсетілетін қызметті берушінің мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы Заңның 25-бабы 2-тармағына сәйкес тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.
Егер заңда өзгеше көзделмесе, сотқа дейінгі тәртіппен шағым жасалғаннан кейін сотқа жүгінуге жол беріледі. Егер заңда жоғары тұрған органға шағым жасау қажеттілігінсіз сотқа жүгіну мүмкіндігі көзделген жағдайда, әкімшілік актісіне, әкімшілік әрекетіне (әрекетсіздігіне) дау айтылатын әкімшілік орган, лауазымды адам сотқа пікірмен қатар жоғары тұрған әкімшілік орган басшысының, лауазымды адамының уәжді ұстанымын ұсынады.
Ескерту. 17-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 26.03.2024 № 109 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
Осы мерзім ішінде сенім білдірілген өкіл (агент) өтініш берушімен жылдық 0,01 % мөлшерде сыйақы мөлшерлемесі бойынша 15 (он бес) жылға дейінгі мерзіммен кредиттік шарт (бұдан әрі - кредиттік шарт) жасайды.
Бюджеттік кредиттер беру, өтеу және қызмет көрсету бойынша қосымша талаптар кредиттік шартта белгіленеді.
Сенім білдірілген өкілдің (агенттің) қызметі пайдаланылған жағдайда қаржыландыру жергілікті бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
Ипотекалық бағдарлама және тұрғын үй құрылысының бағдарламасы шеңберінде сатып алынатын тұрғын үйді кепілдікке қоюды қоспағанда, бюджеттік кредит бойынша міндеттемелерді орындауды кепілді, жазбаша кепілі, кепілгерлігі немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында немесе шартта көзделген басқа да тәсілдер арқылы қамтамасыз етіледі.
Тапсырма шартында тұрғын үй сертификатын алушымен сенім білдірілген өкілдің (агенттің) кредиттік шарт жасасуы, оның қаржылық жағдайын мониторингілеу, тұрғын үй сертификатының сомасын аудару, Әкімші шотына бюджеттік кредитті өтеуді жүргізу көзделеді.
Ипотекалық бағдарлама немесе тұрғын үй құрылысы бағдарламасы шеңберінде тұрғын үй сатып алу кезінде өтініш берушінің ипотекалық тұрғын үй қарызы бойынша бастапқы жарнаның бір бөлігін жабу үшін тұрғын үй сертификатын бір реттен артық алуына жол берілмейді.
Ескерту. 29-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 26.03.2024 № 109 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
|
|
Тұрғын үй сертификаттарын |
Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 26.03.2024 № 109 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
|
"Тұрғын үй сертификаттарын беру" мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптар тізбесі |
||
|
1 |
Көрсетілетін қызметті берушінің атауы |
Астана, Алматы және Шымкент қалаларының, аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары |
|
2 |
Мемлекеттік қызмет көрсету тәсілдері |
1) "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы"; 2) "электрондық үкіметтің" веб-порталы; |
|
3 |
Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі |
8 (сегіз) жұмыс күні |
|
4 |
Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны |
электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде. |
|
5 |
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі |
тұрғын үй көмегін тағайындау туралы хабарлама не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы уәжді жауап. |
|
6 |
Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде көрсетілетін қызметті алушыдан алынатын төлемақы мөлшері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны алу тәсілдері |
Тегін |
|
7 |
Көрсетілетін қызметті берушінің, Мемлекеттік корпорация мен ақпарат объектілерінің жұмыс кестесі |
1) Мемлекеттік корпорация – өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметтердің дайын нәтижелерін беру Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес мереке және демалыс күндерінен басқа күні Мемлекеттік корпорация арқылы дүйсенбіден жұманы қоса алғанда сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін үзіліссіз жүзеге асырылады, мемлекеттік корпорацияның халыққа қызмет көрсету кезекші бөлімдері дүйсенбіден жұманы қоса алғанда сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін және сенбі күні сағат 9.00-ден 13.00-ге дейін жүзеге асырады; 2) "электрондық үкіметтің" веб-порталы – жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтініштерді қабылдау мен мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады); 3) көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, түскі үзіліспен белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда. |
|
8 |
Мемлекеттік қызмет көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушыдан талап етілетін құжаттар мен мәліметтердің тізбесі |
1) Мемлекеттік корпорацияға: "Тұрғын үй қатынастары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-2-бабының 9-1) тармақшасына сәйкес бекітілген Тұрғын үй көмегін көрсету қағидаларына (бұдан әрі – қағидалар) 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш; өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен электрондық құжат (жеке басын сәйкестендіру үшін); отбасының кірісін растайтын құжаттар (тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алынатын мәліметтерді қоспағанда); жұмыс орнынан анықтама немесе жұмыссыз адам ретінде тіркелуі туралы анықтама (тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алынатын мәліметтерді қоспағанда); балаларға және асырауындағы басқа да адамдарға алименттер туралы мәліметтер; банктік шоты; тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған ай сайынғы жарналардың мөлшері туралы шот; коммуналдық қызметтерді тұтыну шоттары; телекоммуникация қызметтері үшін түбіртек-шот немесе байланыс қызметтерін көрсетуге арналған шарттың көшірмесі; жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жергілікті атқарушы орган берген жалдау ақысының мөлшері туралы шот; 2) "электрондық үкімет" веб-порталына: мемлекеттік қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу; отбасының кірісін растайтын құжаттардың электрондық көшірмесі; жұмыс орнынан анықтаманың немесе жұмыссыз адам ретінде тіркелуі туралы анықтаманың электрондық көшірмесі; балаларға және асырауындағы басқа да адамдарға алименттер туралы мәліметтердің электрондық көшірмесі; банктік шотының электрондық көшірмесі; тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған ай сайынғы жарналардың мөлшері туралы шоттың электрондық көшірмесі; коммуналдық қызметтерді тұтыну шотының электрондық көшірмесі; телекоммуникация қызметтері үшін түбіртек-шоттың электрондық көшірмесі немесе байланыс қызметтерін көрсетуге арналған шарттың көшірмесі; жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді пайдаланғаны үшін жергілікті атқарушы орган берген жалдау ақысының мөлшері туралы шоттың электрондық көшірмесі. |
|
9 |
Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер |
1) мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дәйексіздігінің анықталуы; 2) көрсетілетін қызметті алушының және (немесе) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті ұсынылған материалдардың, объектілердің, деректер мен мәліметтердің осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі; 3) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты белгілі бір мемлекеттік қызметті алуды талап ететін қызметке немесе жекелеген қызмет түрлеріне тыйым салу туралы заңды күшіне енген сот шешімінің (үкімінің) болуы; 4) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты заңды күшіне енген сот шешімінің болуы, соның негізінде көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға байланысты арнайы құқықтан айырылады. 5) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету үшін талап етілетін, "Дербес деректер және оларды қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына сәйкес берілетін қолжетімділігі шектеулі дербес деректерге қол жеткізуге келісімнің болмауы. |
|
10 |
Мемлекеттік қызметті, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар |
Ағзасының функцияларының тұрақты бұзылуынан оның тыныс-тіршілігін шектейтін денсаулығы бұзылған көрсетілетін қызметті алушыларға қажет болған жағдайда Мемлекеттік корпорация қызметкері 1414, 8 800 080 7777 Бірыңғай байланыс орталығы арқылы жүгіну жолымен мемлекеттік қызметті көрсету үшін құжаттарды қабылдауды тұрғылықты жеріне барып жүргізеді. Көрсетілетін қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасы болған жағдайда, мемлекеттік көрсетілетін қызметті "электрондық үкімет" веб-порталы арқылы электрондық нысанда алу мүмкіндігі бар. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде "электрондық үкіметтің" веб-порталындағы "жеке кабинеті", көрсетілетін қызметті берушінің анықтамалық қызметтері, сондай-ақ "1414", 8-800-080-7777 Бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға мүмкіндігі бар. "Электрондық үкіметтің" веб-порталы арқылы электрондық нысанда мемлекеттік қызметтерді алу үшін қызметтерді электрондық нысанда алу субъектілері Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бір реттік парольдерді пайдалана алады. |
|
|
Тұрғын үй сертификаттарын |
|
|
Нысан |
|
|
__________________________ |
Өтініш
Сізден бастапқы тұрғын үйді меншігіме сатып алу құқығын іске асыру мақсатында
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі бекіткен ипотекалық бағдарлама және (немесе)
Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен тұрғын үй құрылысы мемлекеттік
бағдарламасы шеңберінде бастапқы тұрғын үйді сатып алу кезінде ипотекалық тұрғын үй
қарыздары бойынша бастапқы жарнаның бір бөлігін жабу үшін:
________________________________________________________________________________
(сомасы цифрмен және жазбаша)
________________________________________________________________ теңге мөлшерінде
тұрғын үй сертификатын беруіңізді сұраймын.
Ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияны қамтитын мәліметтерді пайдалануға келісемін.
(күні) (қолы)
Құжаттар қабылданды:
20__ жылғы "___" ___________
_______________ ___________________________________________________________
Қолы құжаттарды қабылдаған лауазымды тұлғаның Т.А.Ә. (болған жағдайда)
________________________________________________________________________________
(кесу сызығы)
Азамат (азаматша) ____________________ өтініші ______ дана көлемінде қоса берілген
құжаттармен бірге 20__жылғы "____"____________ қабылданды.
__________________________________________________________________________
Қолы құжаттарды қабылдаған тұлғаның Т.А.Ә. (болған жағдайда)
|
|
Тұрғын үй сертификаттарын |
|
|
Нысан |
Құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат
"Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан
Республикасы Заңының 20-бабының 2-тармағын басшылыққа ала отырып,
_________________________________________________________________________________ _________________
(жергілікті атқарушы органның атауын көрсету) / Мемлекеттік корпорация
________________________ (мекенжайын көрсету керек), Сіздің Тұрғын үй сертификатын
беру қағидаларына 1-қосымшаның 8-тармағында көзделген құжаттардың топтамасын толық
ұсынбауыңызға байланысты, __________________________ мемлекеттік қызмет көрсету үшін
құжаттарды қабылдаудан бас тартады, атап айтқанда:
1) ________________________________________;
2) ________________________________________;
3) ….
Осы қолхат әрбір тарап үшін бір-бірден екі данада жасалды.
_________________ _________________________________________
(Мемлекеттік корпорация жұмыскерінің) (қолы) (Т.А.Ә. (болған жағдайда))
Орындаушы: Т.А.Ә. (болған жағдайда)____________
Телефон нөмірі __________
________________________________________________________________________________
Қабылдадым: Т.А.Ә. (болған жағдайда) / өтініш берушінің қолы
20__ жылғы "___" ___________
|
|
Тұрғын үй сертификаттарын |
|
|
Нысан |
|
|
____________________________ |
______________________________________________________________ (органның атауы)
Ескерту. 4-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрінің 26.03.2024 № 109 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
__________________________________________________________________,
келіп түскен өтініш пен ұсынылған құжаттарды қарап, Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 20 маусымдағы № 417 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18883 болып тіркелген) Тұрғын үй сертификаттарын беру қағидаларына сәйкес
және _____________________________________________________________
(жергілікті өкілді орган бекіткен құжаттың атауын, нөмірін және күнін көрсету) _______
сәйкес ____________________________________________________
(сомасы цифрмен және жазбаша)
_____________________ (_________________________________________________)
теңге сомасына әлеуметтік көмек / бюджеттік кредит түріндегі әлеуметтік қолдау ретінде (керегінің асты сызылсын) тұрғын үй сертификатын берідің мақұлданғанын хабарлайды.
Әлеуметтік қолдау қаражатын ақшалай нысанда төлеуді
_______________________________________________________________________
(сенім білдірілген агенттің атауы)
________________ жүзеге асыратын болады.
Ипотекалық бағдарлама немесе тұрғын үй құрылысы бағдарламасы шеңберінде тұрғын үй сатып алу кезінде ипотекалық тұрғын қарызы бойынша бастапқы жарнаның бір бөлігін жабу үшін берілген тұрғын үй сертификаты, Астана және Алматы қалаларының қала маңы аймақтарында тұрғын үй сатып алу жағдайларын қоспағанда, жергілікті атқарушы органның тиісті аумақтық бірлігі шегінде қолданылады.
Ипотекалық бағдарлама немесе тұрғын үй құрылысы бағдарламасы шеңберінде тұрғын үй сатып алу кезінде өтініш берушінің ипотекалық тұрғын үй қарызы бойынша бастапқы жарнаның бір бөлігін жабу үшін тұрғын үй сертификатын бір реттен артық алуына жол берілмейді.
Лауазымы Аты-жөні
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК